Некеден кейін әйел бақыты


Еріңізге оны түсінетініңізді көрсету



Pdf көрінісі
бет10/135
Дата05.08.2024
өлшемі2.51 Mb.
#503115
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   135
Некеден кейін

Еріңізге оны түсінетініңізді көрсету
үшін не істеу керек? 
 
1. Еріңізді түсіну үшін сізге өзіңізді оның орнына қойып 
үйрену керек. 
2. Еріңізге дауыстап, ауызбен «мен сені түсінемін» деп 
өте жиі айту керек.
Осы қарапайым екі қадам сіздің араңызды 
жақындатады. Ер адам сіздің оны түсінетініңізді 
сезгенде, өзінің сырын айтып, әңгімесімен бөлісіп, 
тіпті қателіктері жайлы да қорықпай айта 
бастайтын болады. Және бөлек тақырыпта «ер 
адамның сеніміне кіру, ер адамға дос болу» жайлы 
жаздым, кітаптың сол бөлімін де мұқият оқып 
шығыңыз. 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
24 
Ер адамды қабылдау. 
Не үшін қабылдау керекпіз? 
Жоғарыда сыйлау, түсіну жайлы оқыдыңыз, ол екеуін 
шынымен жүзеге асыру үшін сізге ең бірінші «қабылдау» 
керек. Неге қабылдауды үшінші етіп жаздым? Себебі адам 
егер сыйлағысы келмесе, түсінгісі келмесе, яғни 
қарапайым қалауы «желаниесі» болмаса, онда ол басқаны 
сол күйі қабылдай да алмайды.
Адамды қабылдау деген не? Ол адамды өзгертуге 
тырыспау, адамның таңдауына сын айтпау, адамның кез-
келген өзіне қатысы жоқ әрекетіне баға бермеу. Міне, 
осылар арқылы сіз адамды сол күйі қабылдадыңыз ба, жоқ 
па, бірден білінеді. 
Ешкім басқа адам үшін өмір сүрмейді. Аллаһ Тағала 
бізді жаратқан себебі де адамдардың көңілін ойлау үшін, 
оларға жағу үшін, олардың ойынан шығу үшін емес, тек 
қана Аллаһқа құлшылық жасау үшін ғана. Біздің адамды 
қабылдай алмайтынымыз осы басты мәселені ұмытып 
кеткендігімізден. Адамның табиғаты, мінезі, іс-әрекеті, 
барлығы тек өзіне және Аллаһтың разылығына бағыттала 
алады. Әрине, оны сіздің күйеуіңіз, сіздің енеңіз түсінбеуі 
мүмкін. Бірақ осы кітапты оқып жатқан сіз ғой, демек сіз 
осыны жақсылап ұғынып алуыңыз керек. Адамның амалы 
адам үшін болса, біз тек қана адамның «ожиданиесіне» 
қарай өзімізді икемдей бастаймыз. Және өзге адамнан да 
соны күтеміз. Біздің икемімізге қарай олар да бүгілсін, 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
25 
түзелсін, сыйласын деп ойлаймыз. Бұл ойлар «адамды 
қабылдамау керек» дегенге тікелей алып келеді. Еріңіз 
сізге қаншама жамандық жасаса да, ренжітсе де, көңіліңіз 
қалса да, сіз еріңізбен әлі де біргесіз. Бірақ іштей оның 
мінезін, кейбір қылықтарын, көзқарасын қабылдай 
алмайсыз. Сізге осындай жағдайда өміріңізде не 
болатынын айтып бергім келеді. Болашақты болжау емес, 
жәй ғана статистика. Әйел адам бірнеше жыл бойы бір 
үйде тұратын адамдардың қасиеттерін, мінез-құлқын 
өзгертсем екен деп ойлап жүрсе, маған басқаша қараса 
екен деп ойласа, онда ол әйелдің миы үнемі шеттегі 
өзгерістерге, немесе өзгерілмеген нәрселерге фокусын 
бағыттап үйреніп қалады екен. Бұл адамның миына үлкен 
жүк болады. Өзгені ойлау - көп энергияны жұмсайды, 
мидың көп күшін алады. Сондықтан әйел өзгені көп ойлай 
берсе түрлі әйелдік ауруларға шалдығады. Миома, цистит, 
киста, қалқанша без (щитовидка), аурулары, әйелдің белі, 
омыртқасы, басы үнемі ауыратын болады. Ми өзінің 
функциясын атқара алмайды. Өзінің қауіпсіздігін, 
организмінің толыққанды жұмыс жасауын ойламайды, 
оған энергиясы, күші жетпейді.
Егер адамның миы өзінің әрекетіне, өзінің 
бүгінгі сәтіндегі әрекетіне, мінезіне, мақсатына 
бағытталса, 
онда 
адамда 
өмір 
сүруге 
мотивация, күш пайда болып, бүгінгі күнді 
кешегіден де жақсы өткізу үшін неше түрлі идея 
туындатып, өмірге құлшынысын арттырады екен. Себебі 
мидың жұмысының мақсаты-өзіңді жақсарту, өзіңді ойлау, 
ал діни көзқараспен қарасақ, негізгі мақсат - Аллаһ 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
26 
разылығы үшін өзіңді ойлау, өзіңді кешегіден де жақсы 
етуге тырысу. Өзін осындай ниетпен ойлайтын адамның 
әрекеті өзгелерге мүлдем тәуелді болмайды, ал тәуелді 
болмаса, демек өзгенің әрекеті мен мінезі де бірқалыпты 
қарайды деген сөз. Өзгелердің сөзіне, ісіне бірқалыпты 
қарау-адамды толық қабылдау деген сөз. 
Егер енеңіздің біреуді жамандағаны, үнемі 
ауыра беретіні, теледидар көріп жата беретіні, 
үй жинамайтыны, сізге жылы қарамайтыны, 
туыстармен 
дұрыс 
араласпайтыны, 
күйеуіңізге бала сияқты қарайтыны ұнамаса, демек, сіз 
енеңіздің қабылдамадыңыз, себебі өзіңізді ойлаудың 
орнына өзгенің әрекетін көп ойлайсыз, баға беріп, бәрі 
сіздің ойыңызша болғанын күтесіз. Сізді бұл ойлар үнемі 
ренжи беруге, енеңізді көрген сайын нервіңіз ұстауға, 
психологиялық тұрғыда шаршауға алып келеді. Дәл солай 
күйеуіңізбен де қарым-қатынаста. Сіздің өміріңізде, сіздің 
миыңызда «СІЗ» жоқсыз, күндіз-түні өміріңізде ,миыңызда 
«ене, күйеу, көрші, инстаграм, блогерлер». Сіз өзіңізді 
баяу өлтіріп жатырсыз, өзіңізге аурулар шақырып 
жатырсыз. Және күннен күнге өзіңізді Алладан алыстатып 
жатырсыз. Сізге жәй ғана өзге адамдардың өмір сүру 
манерасын, сөздерін, көңіл-күйін, әрекетін СІЗГЕ 
ЕШҚАНДАЙ ҚАТЫСЫ ЖОҚ екенін есте сақтап, саналы 
түрде түсіну керек. Және осы сөздерді бейсанаңызда 
ұстаным ретінде қалыптастыру керек. Күйеуіңіз жұмысқа 
кеш тұрды ма? Ашуланбаңыз, тіпті миыңызға «кеш тұрды, 
оянбай жатыр» деген ойды кіргізбеңіз де. Ер адамның 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
27 
жұмысына қарым-қатынасы сізге қатысы жоқ қой. Ол ер 
адамның өзі жауап беретін нәрсесі. Ол өзі бастығына 
жауап береді, өзі жұмыстан шығып кетсе, басқа жұмыс 
табады. Сіз неге еркектің жауапкершілігі жайлы ойланып-
толғанып, басыңызды қатырасыз? Жұмыстан кеш келді 
ме? Бұл да ер адамның жеке уақыты, ол уақытын қалай 
өткізгені үшін сіздің алдыңызда жауап бермейді, Алланың 
алдында жауап береді. Сізді қорғайтын, сіздің 
әділеттіліңізді ойлайтын Аллаһ бар. Жақсы, ашуландыңыз 
дейікші, ер адам кеш тұрды, жұмыстан кеш келді, енеңіз 
үйді жинамады, сіз тамақ істегенше күтті, сіз 
ашуландыңыз. Ашуыңыз нені шеше алды? Нені өзгертті? 
Қандай жақсы нәтижеге жеттіңіз ашуланып? Күйеуіңіз 
сізді тыңдап ерте тұрып кетті ме, енеңіз сіздің ашуыңызды 
сезіп тамақ жасап кетті ме? Меніңше, жоқ. Себебі ашу 
эмоциясы өзге адамға кері әсер етеді. Реніш эмоциясы да 
дәл сондай. Ренішті ашумен көрсетсек, тіптен жаман. Ал 
ренішті өкінішпен, үнсіздікпен көрсетсек, ешкім, өзімізден 
басқа ешбір адам ренішіңізді толыққанды түсінбейді. 
Сонымен, ашу да реніш де ештеңе шеше алмайтынын 
білдік. Себебі олардың әрекеті-олардың өмірі. Олардың 
әрекеті-олардың жауапкершілігі. Сізге оның ешқандай 
қатысы жоқ. Шекараңызды тікелей аттамаса, сізге оларды 
ойлаудың ешқандай пайдасы жоқ. Жәй ғана қабылдау 
керек. Егер еріңіздің әр сөзін, әр ісін, күн көрісін 
қабылдасаңыз, онда өміріңіз жеңіл болып, бақытқа тола 
бастайды. 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
28 
Еріңізді қабылдау үшін сізге бір практиканы айтамын, 
егер соны күнделікті орындасаңыз, көп ұзамай нәтиже 
көресіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет