Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет11/135
Дата05.08.2024
өлшемі2.51 Mb.
#503115
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   135
Некеден кейін

Ер адамды қабылдау үшін. 
 
Еріңіздің бір әрекеті сізге ұнамай қалса, ашуыңызды 
шақырса, іштей 10ға дейін санап, «Ол өзі шешеді, өз 
әрекеті үшін өзі жауап береді, мен оның өмірін түзей 
алмаймын, оның бұл ісі маған қатысты емес, мен тек ол 
үшін дұға ете аламын, ал Аллаһ Тағала оның әрекетін 
әділетті түрде бағалайды» деп айтасыз. Және сол 
әрекетін бағалап бастасаңыз, еріңіз әрекеті үшін қандай 
нәтиже көретінін ойласаңыз, бірден өзіңізге «Нәтижесін 
өзі түзетеді, менің қатысым жоқ. Менен көмек сұраған 
жоқ» деп айтыңыз. Және «мен күйеуімді толық 
қабылдаймын, себебі мен бақытты болғым келеді, ал 
бақытты болу үшін өзгені сол қалпында қабылдау керек» 
деп айтыңыз. Өз өзіңізге сондай сөздерді айтқанда 
реакцияңыз 
бірден 
өзгереді. 
Сіздің 
реакцияңыз 
бірқалыпты бола бастайды. Ал реакция өзгергенде сіз өзге 
адамдарды толық қабылдай бастайсыз. 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
 Некеден кейін әйел бақыты 
29 
Ұзақ уақыт бір-
біріңізден суып, 
шаршап, түсініспей 
жүрсеңіз. 
 
Бірақ еріңіздің сізге сәл болса да 
жылы сезімі бар екенін білсеңіз
сізге мынаны жасау керек: 
 
1. Көзіне бірнеше күн түспей, көзден таса болу 
керек. Барынша көзге түспеңіз, егер бірнеше күнге 
қонаққа кете алсаңыз, тіптен жақсы. Бұл адамның 
жиіркену эмоциясын тоқтатады. Ашулану, жіиркену, 
қаламау эмоциялары нейтралды дәрежеге түседі, 
себебі фокусқа қойылған объект көзден таса болды. 
2. Көзіне көрінбеген күндері мүлдем сөйлеспеуге, 
контактта болмауға тырысыңыз. Егер бұл қылығыңыз 
еріңізді ашуландыратынын сезсеңіз, немесе сізді әдейі 
істеп жүр деп ренжитінін білсеңіз, қонаққа кетіп 
қалуға тырысыңыз. 
3. Қонаққа кетпей тұрып еріңізге «маған бірнәрсені 
ойлану керек, бірнеше күн телефонсыз боламын, 
жаман ештеңе ойлама, тек күте тұруыңды сұраймын» 
деп айтып кетіңіз. 
4.  3-7 күн контактта болмаған соң (звондамау, 
көріспеу, смс жазыспау керек), еріңізге үйге келмей 
тұрып, көрісердің алдында хат жазыңыз. Хаттың 
ішінде еріңізді мақтау, қолдау, ерекшелігін білдіру
және сіздің оған деген сезіміңіз жазылсын, және 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
30 
еріңіздің сізге деген жақсылықтарынижазу керек. 
Мысал: «қайырлы күн, (жаным), маған уақыт 
бергенің үшін рахмет. Бұл уақыт маған біраз нәрсені 
түсініп, бір шешімге келуіме көмектесті. Арамыз 
соңғы кездері түсініксіз сияқты болды, бірақ оған 
екеуміздің кінәміз жоқ, осылай болу керек болған ғой. 
Біз отбасымыз. Осыдан 3 жыл бұрын некеміздің 
қиғанда бір-бірімізге «сені ренжітпеймін, бақытты 
етемін, қолдаймын, мәңгі сүйіп өтемін, сыйлаймын 
және барымды беремін, осы күйде қабылдаймын» деп 
сөз беріп едік қой, бұл сөздер соңғы күндері есіме 
түсіп, ойландырды. Мен сені қолдап, сыйлап, 
қабылдап жүрмін ба деп ойладым. Бірден ұлып 
кеттім, себебі мен жақтан біраз қателіктер 
жасалды. Бірақ біз әлі біргеміз ғой, демек бізде алда 
бәрі жақсы болуына үлкен мүмкіндік бар. Мен сені 
қатты жақсы көремін, және ендігі сенің алдыңда өз 
әйелдік рөлімді ұмытпай, сені қазіргіден де қатты 
сыйлайтын боламын. Сені дұрыс бағаламағаныма 
өкінемін, сенің біз үшін күшіңді жұмсап, жұмыс 
жасағаның үшін, мені қуантқың кеп жұмыстан кейін 
тәттілер ала келіп, мені шаршап қалды-ау деп балаға 
қарай тұрғаның, бәрін-бәрін бағалаймын және 
ешқашан да жақсы қатынасыңды ұмытпаймын. Мен 
үшін сен идеал күйеусің, сенің мінезіңе тиісіп, 
шаршататыным бар, бірақ ол сенің жаман екеніңді 
білдірмейді, сен нағыз ер азаматсың. Өзімді қолда 
ұстап, арамызды жақсарту үшін енді барынша 
тырысамын. Маған керегі тек сенің қолдауың және 
арамызды 
жақсартуға 
көмегің. 
Мені 
сыйлайтыныңды, мені жақсы көретініңді білемін
мені сыйламасаң, жақсы көрмесең бізбен бірге болмас 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
31 
едің. Осыны түсіндім. Енді екеуміз де жиірек жылы 
қабақ танытып, ұрыспай, бір-бірімізге дұрыс қарым-
қатынас көрсетейікші. Мен сен үшін ең жақсы, ең 
үлгілі әйел болуға тырысамын. Сен де маған 
көмектесесің ғой, иә?» 
 
Міне, осындай мысалда еріңізге хатты қағазға 
жазып беріңіз. Бұл хат естелік болып қалсын. Және 
жаңа өмірдің бастапқы қадамы болсын. 
5. Еріңізге кішігірім сыйлық дайындап қойыңыз, 
және хаттың жанына қосып беріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет