Некеден кейін әйел бақыты


Ер адам жайлы жақсы ойлау үшін жаттығу



Pdf көрінісі
бет37/135
Дата05.08.2024
өлшемі2.51 Mb.
#503115
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   135
Некеден кейін

Ер адам жайлы жақсы ойлау үшін жаттығу: 
Онымен жұмыс жасау үшін қағазға бір бағанға 
күйеуіңіздің сізге ұнамайтын әрекеттерін, жағымсыз 
қылықтарын жазып шығыңыз. Ал екінші бағанға әр 
жағымсыз қасиетіне қарама-қайшы қасиет жазып 
шығыңыз. Мысалы, жалқау деп бірінші бағанға жазсаңыз 
екінші бағанға еңбекқор деп жазыңыз. Сараң деп жазсаңыз 
жомарт деңіз. Барлық қасиетін толтырғаннан кейін екінші 
бағандағы 
қарама-қарсы 
жағымды 
қасиеттерін 
дәлелдейтін, бүгін жасаған әрекеттерін жазып шығыңыз. 
Күнделікті. Мысалы, екінші бағанға еңбекқор деп 
жаздыңыз ба, бүгін ол еңбекқор болатындай қандай әрекет 
жасады соны жазыңыз. Бүгін жомарттығын көрсететіндей 
қандай әрекет жасады? Осылай кестені күнделікті 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
73 
толтырыңыз. Солай сіз өзіңіздің миыңызды күйеуіңіз 
жайлы жақсы ойлар ойлауға үйретесіз.
Ал күйеуіңіз жайлы жақсы ойласаңыз, оған жай ғана, 
ештеңе істемесе де алғыс айта алатын боласыз. Сыйлық 
сұрап үйрену үшін, алдымен алғыс айтып үйрену керек. 
Ер мен әйелдің шекарасында, 
самооценкасында қандай 
айырмашылық бар? 
Ер 
адамдар 
көбінесе 
өздерін 
біріншімін деп ойлайды. Өздерінің 
өмірінде олардың самооценкалары өте 
жоғары. Оларға біреу шектеу қойса, 
бірден бұлқан-талқан болып шығады. 
Мысалы, әйел адам оған контроль 
жасаса, телефонын алып, хаттарын ашып, қалтасын 
тексерсе, ол өз шекарасын бірден қорғайды. Ұрысып, 
ашуланып, ештеңесін ұстатпай қояды. Тағы ер адамдардың 
көбісі басқа адамның қызығушылығын өзінікінен жоғары 
қоймайды дей аламын. Мысалы, әйелі бір затты алғысы 
келіп тұр. Ал ер адам алғысы келмейді. Ол шаршап тұр, 
немесе ақшасын қимай тұр. Ондай кезде ер адам біреудің 
қызығушылығын бірінші орынға қоймайды. "Қойшы, 
келесі жолы алайық",- дей салады. Бұл еркектің әйелді 
бағаламайтыны, жақсы көрмейтіні дегенді білдірмейді. 
Бұл ер адамның өз қажеттілігін (шаршап тұр, бір жаққа 
шаршағандықтан шыққысы келмей тұр) бірінші орынға 
қойғанын білдіреді. Өзінің қажеттілігін кім жоғары қояды? 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
74 
Самооценкасы жоғары, шекарасын қорғай алатын адамдар 
жоғары қояды. Ал ер адамдардың көбісінде балалық 
травма, салыстырып өсу, қысылып өсу деген болмады. 
Біздің менталитетімізде ер баланы патшадай көреді, ер 
баланың айтқанын екі етпей орындап, оның қажеттілігін 
қыздарға қарағанда жоғары қояды. Соның арқасында ер 
адамдарымыздың самооценкасы жоғары, ал шекарасы 
нық. Бұл жаман демеймін, бізге керегі тек ер адамдардан 
үлгі 
алып, 
өзіміздің 
дәрежемізді 
көтеру 
және 
шекарамызды қорғау. 
Ер адамның керемет самооценкасын айттық, ал әйел 
адамда қалай? Әйел адам шаршап тұрса да, ауырып тұрса 
да, енесі, қайын апасы, күйеуі "мынаны істей салшы" 
дегенде, әйел адам өзінікін қояды да, солардың айтқанын 
бірінші орынға көтереді. Барлық әйел емес, тек өзінің 
маңыздылығын көре алмайтын әйелдер ғана сөйтеді. Ал 
бізге ондай нәрседен құтылу керек. Мысалы, қазір 
қолыңыз бос емес, бірақ бір адам сізден көмек сұрап тұрса, 
оған «жоқ» деп айтып үйреніңіз. Ойланып көріңізші, сіз 
үнемі келісе беретін адамды көбірек сыйлайсыз ба, әлде 
қалаған уақытта «жоқ» деп бас тарта беретін адамды 
сыйлайсыз ба? Қайсысының қажеттілігі сіз үшін маңызды 
болады? Мысалы, менің анам «жоқ» дей алмайтын, өте 
қарапайым, ешкімге қиындық туғызбайтын ақкөңіл, 
жомарт адам. Бұл өте керемет қасиеттер, бірақ анамды 
барлығы бірдей сыйлайды деп айта алмаймын. Осы 
жасыма дейін анам сияқты қарапайым адамдар анамды 
сыйлағанын, ал өзінің дегенін ілгері қоятын адамдар анама 
«маңызды адам» деп қарамайтынын байқадым. Бұл 
бақылауым қонаққа барған сайын расталады. Бұл 
адамдардың 
бейсаналы 
әрекеттері 
деп 
білемін. 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
75 
Ұсынғанның бәріне келісетін адамнан ешкім «нені 
қалайсың» деп сұрамайды, себебі іштей нені ұсынсаң да 
алатынын біледі. Сонымен, егер сізге бір адам «жоқ» деп 
айтса, сіз ол адамды сыйлай бастайсыз. Ол адамның бағасы 
сіз үшін өсе бастайды. Себебі, ол адам өзінің шекарасын 
қорғай алады деген сөз. Ол адам өзін сыйлайды және өзінің 
қызығушылықтарын басқадан төмен қоймайды. Ол «жоқ» 
деп айта алады. Ер адамда да тура солай. Мысалы, кешке 
кино көрейін деп жатырсыздар. Ол боевик көрейік деп 
айтады. Сіз келісе саласыз. Ужастик немесе комедия десе 
де, жарайды деп келісе саласыз. Әйел іштей бағынып 
жатырмын 
деп 
ойлайды. 
Бағыну 
мен 
өзінің 
қызығушылығын айту екеуі екі түрлі нәрсе. Біз оны 
көбінесе шатастырамыз. Мысалы, ол сізге шариғатқа сай 
келетін нәрсені бұйырса, сіз бағыну керексіз. «Рұқсатсыз 
үйден шықпа, ер адамдармен сөйлеспе» десе сіз бағыну 
керексіз. Ал шариғатқа қарсы келмесе, яғни өзіңіздің 
қызығушылығыңыз рөл ойнап тұрса, сіз міндетті түрде 
соны еріңізге білдіріп, өз қызығушылығыңызды жоғары 
қою керексіз. «Жоқ» деп айта білу керек. Сізге боевик 
ұнамаса, "жоқ, менің көргім келмейді",- деп айтыңыз. Ол 
бұл үшін сізді іштей сыйлай бастайды. Сіздің өз ойыңыз 
болғаннан кейін, келесі жолы сізден пікіріңізді сұрайтын 
болады. Біздің бар қателігіміз өз қызығушылығымызды 
жоғары қоймауымызда. 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
76 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет