Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет34/135
Дата05.08.2024
өлшемі2.51 Mb.
#503115
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   135
Некеден кейін

4-ереже:
 
Сізге жазды. Сіз сәл кешіктіріп жауап бердіңіз. Сіздің 
жауабыңыз интригаға толы, белгісіздікке толы болды. Енді 
еркек сіздің хатыңызға жауабын берді. Еркек не деп жауап 
берсе де, ұрысса да, ренжісе де, керісінше, қуанып, 
махаббаты ашылса да, сіз оның жауабына үнсіз қалуыңыз 
керек. 1-2 сағатқа жоқ болып кетіңіз. Сол 1-2 сағат бойы 
еркек сіз жайлы ойлай беретін болады. Бұл техниканың 
басты мақсаты. 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
67 
Ер мен әйел арасындағы баланс 
 
Жалпы бұл әлемнің заңдылығы бір керемет 
баланста құрылған. Қоршаған ортаңнан көп 
нәрсе алу үшін көп нәрсе беру керек. Ер мен әйел 
адамның қарым-қатынасында да дәл сондай 
баланс болуы керек. Ол баланс алу мен беруде, 
сұрау мен өтініш орындауда, ресурстық күйде, 
эмоционалдық күйде.
Әйелдің өмірінде сұрау және алғыс айту амалдары 
маңызды 
рөл 
ойнайды. 
Яғни 
отбасыда 
әйел 
жаратылысының негізгі миссиясы көмек сұрау, өтініш 
айту және көмектескен адамға алғыс айту, риза болу. Әйел 
– әлсіз жаратылыс. «Өзім жасаймын», «Өзім істей 
аламын», «Өзімнің қолымнан келеді» деген сөздер әйелдің 
әйелдігін өлтіреді. Нағыз тұрарлық, бағалы әйел болып 
қалғыңыз келсе, сұрап, өтініш айтып және алғыс айтып 
үйренуіңіз керек. 
Әйелдің ер адамдармен 
қарым-қатынасындағы 
балансты бұзатын 3 негізгі қателігі бар: 
1. Әйел өзінің ер азаматын аяйды. Мысалы, 
күйеуіңіздің айлығы 100 мың теңге болса, ал сіздің 
телефоныңыз бұзылып, жаңа телефон алу қажет болса 
оны аяп, телефон сұрамайсыз. «Күйеуімнің айлығы 
әлі түспейді, түссе де 100 ақ мың неге жетеді, одан да 
телефонсыз жүре тұрайын немесе өзім кредитке 
алармын» 
деген 
оймен 
өзіңіздің 
алдыңызда 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
68 
күйеуіңізді түкке тұрғысыз етіп түсіріп тастайсыз. 
Сіздің ер азаматыңыз сізге соны бере алмайтынын
қолынан келмейтінін түсінесіз. Егер әйел өзінің 
еркегін аяйтын болса, тек қана қымбат сыйлық 
сұраудан ғана емес, өз қажеттіліктеріңізді де сұрай 
алмайтын боласыз. Жұмысынан шаршап келіп 
демалып жатса, диванды орнынан қозғап берші деп 
сұрауға, үйде азық-түлік бітсе тамақ алайық деуге
ауыр пакетті көтерші деп сұрауға да аяйтын боласыз. 
Бұның барлығы өте үлкен қателік. Аяйтын болсаңыз 
еркек үшін оның міндетін де өзіңіз жасай салатын 
боласыз. 
Бұндай 
әрекеттермен 
күйеуіңіздің 
тестостеронын төмендетесіз.
2. «Өзім істей аламын» деген ой. Мысалы, сіз жұмысқа 
асығып бара жатырсыз, ал күйеуіңіз кеш тұрды әрі әлі 
уақыты бар. «Жаным, төсекті жинай салшы» деп 
өтініш айта алмайсыз. Себебі сізде сол баяғы «Өзім 
істей аламын» деген ой бар. «Өзім де жасай аламын 
ғой, оны алаңдатып қайтемін. Оған айтсам да 
жақсылап жинамайды, артынан дұрыстап жинау 
керек. Сізде тәкаппарлық болып тұр. «Мен жақсырақ 
жасаймын, әрі өзімнің қолымнан келеді ғой, оған 
өтініш айтып қайтемін» деп тәкаппарлық танытып 
тұрсыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет