Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет71/135
Дата05.08.2024
өлшемі2.51 Mb.
#503115
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   135
Некеден кейін

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
144 
Самооценканың керегі не?
Оған не әсер етеді?
 
 
Самооценка қарым-қатынасқа қандай септігін 
тигізеді? Осы жайлы талқылап көрейік. 
Самооценка - өзіңді бағалау, құрметтеу деген мағынадағы 
сөз. Әр адамның өзінің самооценкасы бар, бірақ дәрежесі 
әртүрлі. 
Мысалы, сізге біреу "Вечер" деген конфет 
берсе, сіз оған "рахмет" деп жегіңіз келсе, 
алып жейсіз. Бірақ сізге «Merci» немесе 80 
мың теңге тұратын италияндық, әлемде екі 
ғана түрі бар шоколадты беретін болса, қуана 
аласыз ба? Сіз ұялып кетесіз, оны ұят қой 
деген сипаттамамен жауып қоя саласыз. Сізде мынандай 
ой болады: «Мен бұл шоколадты алатын болсам, орнына 
бірдеңе қайтару керек. Миымызда сонша сөздер, ойлар, 
пікірлер қалыптасып кетеді, өзімізге бұл шоколадты 
алмауымыз керек деген сияқты ойды қалыптастырамыз. 
Неге? Себебі әйелдің бір нәрсені қабылдай алуы тікелей 
оның самооценкасына, өзін соған лайықты сезінуіне 
байланысты. 
Әлі жігітпен кездесіп жүрген қыздарға айтар кеңесім, 
егер жігіт ерлік қадамға барамын десе, ешқашан жолын 
кеспеу керек. Жоқ деп айтуға болмайды. Менің жақын 
құрбым бар. Жігіті сондай романтик, аузын аштыртпайды, 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
145 
кез-келген нәрсені алып береді, бірақ құрбым оның 
барлығын қабылдауға ұялады. 
Мысалы, қыз айтады: «Маған құжаттарды реттестіруге 
қаланың шет жағына бару керек, мен соған барамын»,- 
дейді.
Жігіт: -Мен сені апарып тастаймын.
Қыз: -Жоқ керек емес, жұмысың бар ғой.
Жігіт: -Сен үшін жұмысымнан сұранып кетемін.
Қыз: -Мен үшін жұмысыңнан сұранбай-ақ қой. 
Неге қыз бас тартып жатыр? Қыз өзін жігіттің 
жұмысынан сұранып апарып тастауына лайық санамайды. 
Егер жігіт кешке жақын «по пути» апарып тастаймын десе, 
қыз келіседі. Себебі қыз өзін солай бағалайды. Ал егер 
жігіт: «Мен сен үшін жұмысымнан сұранып кетемін, сені 
сол жаққа апарып тастаймын»,- деп айтса, қыз келісуге 
ұялады. Бұны сіздер тәрбиелік, кішіпейілділік, қамқорлық 
дейтін шығарсыздар, қыздың өзі де солай ойлайды. Бірақ 
шындығында, бұл бейсаналы түрде қыз үшін тым жоғары 
қадам, тым қымбат амал. Қыздың самооценкасы «мен 
мұндай қадамға лайық емеспін» дейді. 
Ешқашан ер адамның жолын кеспеңіздер. Сол арқылы 
сіздің самооценкаңыз жоғарылайды. Алғаш сізге келу 
керек ой - мен осыған лайықпын! Мен ер адамның батыл 
қадамдарға барғанын қабылдаймын. Себебі мен оған 
лайықпын. Мені бұл қуантады. Не үшін мен жоқ деп 
айтуым керек?
Мұндай ой сізге тек жігітпен, күйеуіңізбен қатынаста ғана 
емес, сізді қоршаған барлық адам көмек қолын созғанда, 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
146 
сізді қуантқысы келгенде болу керек. Іштей қиын болса да, 
кез-келген адамның қиналып сізге көмектескісі келуін
көмегін қабыл алуыңыз керек. Және жаңағы ойларды 
міндетті түрде өзіңізге айтып тұру керексіз. 
Мысалы енеңіз: «Мен саған келесі айлығымнан көйлек 
алып беремін»,- дейді. Ал сіз: «Жоқ, керек емес, мама, 
қойыңыз»,- деп айтасыз. Әрине, бұл бір жағынан тәрбие, 
қамқорлық, бірақ екінші жағынан сіз бұл бағаны жоғары 
етіп қабылдауыңызда. Біз өзімізден көп нәрсені аяймыз. 
Өзімізге деген қуаныштан, еркелетуден қысылып, өзімізге 
соны арнаудың орнына аяп, қимаймыз. 
Мысалы, күйеуіңіз торттың соңғы тілімін жегісі келіп 
тұр, бірақ сіз де оны қалап тұрсыз. Сіз өзіңізден аяйсыз да, 
күйеуіңізге бересіз. Күйеуіңізге қамқор болу, оны жақсы 
көру өте дұрыс, бірақ осындай сәттерде өзіңізді құрбан 
етуге міндетті емессіз. Жегіңіз келіп тұрса да күйеуіңізге 
бере салдыңыз. Бірақ ол соңғы бөлшекті сіз де, ол да бір 
қасықтап жей аласыздар ғой, немессе толығымен өзіңіз 
жей салсаңыз күйеуіңіз аш қалмайды ғой. Анда-санда 
өзіңізді жақсы көретініңізді күйеуіңізге көрсетуіңіз керек. 
Сіз өзіңізге тортты да алып, көйлекті де алып көрсете 
аласыз. Егер күйеуіңіз сізге балаға ойыншық алуға ақша 
берсе, ойыншық сатып алып, қалған ақшасына өзіңізге 
косметика алыңыз. Қалған ақшаны қайтарып беру міндетті 
емес. Осындай кішкентай әрекеттермен ер адамға «мен 
өзімді жақсы көремін» деген сигнал жібересіз. Және 
міндетті түрде қалған ақшаға косметика алған соң еріңізге 
көп алғыс айтып, бір тәттісін жасап беріңіз. Сонда еріңіз де 
сізге қуаныш сыйлағанына қуанады. 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
147 
Бір жақсы ережені есте сақтаңыз. Ер адам сізге 
ақшасын өз еркімен жұмсап бастауы үшін сіз өзіңізге ақша 
жұмсап жүргеніңізді ашық түрде көрсетуіңіз керек.
Күнделікті күйеуіңіз «казахстан» шоколадын әкелгенін 
қалайсыз ба? Ала салшы деп айтсаңыз да ол мән бермей 
ме? Сізге қарапайым ережені өміріңізге енгізіп 
бастауыңызды сұраймын. Күнде дүкенге барып өзіңізге 
сол шоколадты сатып алыңыз. Үйге келіп, еріңізге қуанып, 
тәбетпен демонсттротивті түрде шаймен жеңіз. Күнде 
алғаныңызды көрген ер адам сіздің шынымен осыны 
қалайтыныңызды түсінеді, және уақыт өте сіз бір күні 
алмай қалсаңыз, шоколадың бітіпті ғой деп өзі алып келеді. 
Бұл ереженің тек бір мысалы, егер еріңіздің сізге ақша 
қиғанын қаласаңыз, ережені ұстанып бастаңыз. Өз 
ақшаңызға ма, еріңіздің ақшасына ма, маңызды емес, 
бастысы өзіңіге ғана арналған болуы керек. 
«Күйеуім «өзіңе көйлек ал» деп ақша береді, бірақ мен 
өзіме қимаймын. Одан да үйге керек зат алайын. Ал 
көйлекті келесі жолы алайын, бәрібір ешқайда шығып 
жатқан жоқпын ғой». Міне, осылай көп қыз-келіншектер 
өзінен аяйды. Неге? Себебі өзін төмен бағалайды. Осыны 
түзеу керек.
«Менің бағам «вечер» емес, менің бағам «Merci» 
«Менің бағам арзан балмұздақ емес, менің бағам 
«Магнат» 
Мысалы, кейбір қыздар айтады: «Күйеуім ұрмайды, 
ішпейді, осыған да шүкір». 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
148 
Күйеуі жұмыс істемейді немесе боқтайды, қыздармен 
сөйлеседі, бірақ ұрмайды, ішпейді. Түсініп тұрсыз ба? 
Қыздың бағасы осыншалықты төмендеп кеткен. Күйеуінің 
ұрмайтынына шүкірлік етіп, жұмыс істемейтініне көнуде.
Ал кейбір әйелдер айтады: «Маған ұрмауы, шекпеуі, 
ішпеуі бұл қалыпты, еркек осындай болуы керек. Ер адам 
жұмыс істеп, маған үй сатып алып беруі керек. Айына бір 
рет маған сыйлық жасап тұруы керек. Менің бағам осыдан 
төмен болмайды». Екі әйелдің өз-өзін бағалауында 
айырмашылықты көріп тұрсыз ба? Әр әйел өзінің 
самооценкасына байланысты ер адамның өзіне деген 
қарым-қатынасын таңдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет