Некеден кейін әйел бақыты


Егер сізде төмен самооценка болса, сіз басқа



Pdf көрінісі
бет83/135
Дата05.08.2024
өлшемі2.51 Mb.
#503115
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   135
Некеден кейін

 
Егер сізде төмен самооценка болса, сіз басқа 
адамдарға тәуелді болып тұрасыз. Бұл бірінші себеп. 
Қарап тұрсаңыз, біздің көп проблемамыз өзімізге деген 
сеніміміздің 
болмауынан, 
самооценканың 
төмен 
болуынан. Ал өзінің самооценкасын көтеру үшін адам ең 
бірінші —өзінің бағалы және қадірлі екенін білуі керек. Ол 
қалай біледі? Жақсы жолын айтайын. Хадисте 
айтылғандай—басқа адамдарға пайда жасап, өзіңізден 
жағдайы төмен адамға көмегіңізді бере алатындай 
болуыңыз керек. Міндетті түрде материалды тұрғыдан 
емес, жылы сөзбен, пайдалы кеңеспен, ақылмен көмек бере 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
172 
аласыз. Бірақ бір айта кететін жайт бар. Ақыл-кеңес 
сұрамаған адамға оны айтудың керегі жоқ. Ол сізге өзінің 
проблемасын айтып жатыр. Бірақ кеңес сұраған жоқ. Ол 
жерде сіз: мен сенің орнында болсам, "мен осылай істейтін 
едім, меніңше былай істеген дұрыс, сен солай істесейші, 
менің ақылымды тыңда",-деп айтуға болмайды. Ол үшін ең 
бірінші білім алып, ақыл жинау керексіз. 
Өзіңіздің бағаңызды сізде бар ресурстармен бөлісіп, 
көтере аласыз. Бір минутқа болса да ойыңызды, өзіңізді сол 
адамға деген тәуелділіктен босатыңыз." Пайдалы нәрсе 
берейін. Менде мүмкіндік бар ғой" дейсіз. Сонда сіз 
басқаларға тәуелді ғана емессіз. Сізге де біреу көмек беріп, 
сіз де біреуге көмек беріп, сізге де біреу тәуелді бола 
алатынын түсіну керексіз. Адамдар сізге алғысын айтып 
қуанғанда, сіздің жүрегіңіз жіби бастайды. Бағаңыз бен 
қадіріңіз бірден көтеріледі. Сонда сізде "мен тек қана 
мамамын, мен тек қана біреудің әйелімін, келінімін" деген 
ой болмайды. Сіз бір белгілі дәрежеге жетесіз.
Қыздар айтуы мүмкін: "Уақытым болмайды, қаржылай 
жағдайым болмайды". Тағысын тағы себептерін айтуы 
мүмкін. Қатты қалаған нәрсеге қалай мүмкіндік тауып 
алғанымызды байқамай қаламыз. Еркекте де, әйелде де 
сондай бір күш бар. Егер материалдық жағдай болмай 
жатса, сіз басқа адам үшін дұға ете аласыз. Жәй ғана 
қолыңызды жайып Алланың алдында "Иа, Раббым, осы 
адамға көмегіңді бере көр. Осы адамның өмірін жақсарта 
көрші",-деп дұға ете аласыз. Солай дұға еткеннен кейін 
ішіңізде жақсы сезім пайда болады. Жылу пайда болады. 
Сол адам үшін керемет жақсылық жасағандай сезімде 
боласыз. Осылай сіз өзіңізді тәуелділіктен босата аласыз. 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
173 
Сіз жеке тұлға боласыз. Отбасыдан бөлек өмір бар. Күніңіз 
сонда кір жуу, бала бағу, тамақ жасаумен ғана шектелік 
қалмайтын болады. Күйеуіңіз сізге басқа көзқараспен 
қарайтын болады. Өзіңізге тең ақыл бере алатын дана 
әйелге қарағандай қарайтын болады. Санасып, кеңесіп, 
өміріңізге қызығушылық танытатын болады. Сіз басқа 
адамның өмірін бақылап, оның қадамын санап, оның 
өміріне қарап отыра алмайсыз. Тіпті, әр сағатыңыз осымен 
өтсе де, ол адамды толық танып, оның өміріне контроль 
жасай алмайсыз. Сізге өз өміріңізбен айналысу керек. 
Мысалы, сіз күйеуіңіздің телефонын ақтарасыз. Көбімізде 
сондай проблема бар. Қарамайын десең де, кейде бір қарап 
қоясың. Күйеуіңіз оны білмеуі мүмкін. Яғни, міндетті 
түрде оны технично жасаймыз. Оның көзінше сіз оған 
толығымен сеніп, шекарасын бұзбағандай боласыз. Бірақ, 
Алла көріп тұр. Сіз Құдайды алдай алмайсыз. Құдай оның 
жүрегін сізге осы үшін жақындатпайды. Себебі сіз ол 
адамды толығымен 
сыйлап, 
өмірін бір 
Аллаға 
тапсырмайсыз. 
Телефон 
ақтару-Алланың 
тиым 
салғанамалы. Аллаһ Тағала бізге біреудің затын, жеке 
шекарасын рұқсатсыз аттауға тиым салған, ал сіз сол тиым 
салған амалды істей отырып күйеуіңіздің алшақтауын 
сұрағандай боласыз.
Күйеуіміз егер алдағысы келсе, алдап қояды. 
Тіпті тексерсеңізде екі есе оны жасырады. Сіз 
байқамай да қаласыз. Егер күйеуіңіздің ешқандайда 
кінәсі болмаса, сіз соны тексеретін болсаңыз, Алла 
тағала оның жүрегін сізден суытуы мүмкін. 
Егерде күйеуіңіз ата-ананың немесе агрессордың рөлін 
ойнаса, жәй ғана өзіңіз баланың позициясынан шығыңыз. 
Ересек адамның позициясына келіңіз. Сонда да күйеуіңіз 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
174 
сол рөлді ойнап жалғастыра берсе, онда сіз шекараңызды 
құрып, сол шекараны қорғауға тиісті боласыз. Өз 
бағаңызды біліп, оған жауап бере алатын боласыз. Бізді 
ата-анамыз осы жасқа дейін өсіріп, мәпелеп, тәрбиелеп, 
біреуге тәуелді болу үшін күйеуге шығарған жоқ қой?! Біз 
үшін өмір тек ас үй мен киім үтіктеумен бітпейді. Сіз 
ересек позициясына өткенде әр нәрсеге басқаша 
көзқараспен қарайтын боласыз. "Күйеуіңіз сізді жақсы 
көрмей қалады-ау, сізді тастап кетеді-ау, үлкен маңызды 
нәрсені жоғалтып аламын-ау" деп қорықпайтын боласыз. 
Себебі жүрегіңізде бір тыныштық болады. Өмір тек 
Алланың қалауымен ғана өзгереді. Тағдырымыз жазылып 
қойған. Егерде күйеуіңіз басқа әйелмен болса, онда ол 
сынақ. Сол сәтте сізді "не істейді екен?" деп Алла тағала 
сынақтан өткізеді. Осы оймен адам ересек болады. 
Егерде басына сынақ тиген кезде, өзін кінәласа немесе 
өзін жегідей жеп самооценканы төмен түсіретін болса, 
онда бұл бала позициясы.
Сіз эмоцияналды біреуге тәуелдісіз деген сөз. Егер 
күйеуіңізді үлкен күнәсін біліп қоятын болсаңыз, ол да 
сізге сынақ болып келеді. Сіз өз қателігіңіз үшін Алланың 
алдында жауап бересіз. Күйеуіңіз үшін жауап бермейсіз. 
Сізде таңдау бар. Сіз әрқашан да таңдау жасай аласыз. 
Көніп шыдауға немесе шыдамай кетіп қалуға таңдау бар. 
Үндемей отыруға немесе ішіңіздегіні айтып, ол адамды да 
таңдау алдына қоя аласыз. Үндемей жүре беруге таңдау 
қоятын болсаңыз, өміріңізде, күйеуіңіздің қарым-
қатынасы да өзгермейді. Бірақ ешкімнің сізге "ажырас, 
кетіп қал" деп кеңес беруге құқығы жоқ. Менің ылғи 
айтатын кеңесім ол—отбасыны сақтап қалуға тырысу 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
175 
керек. Қолыңыздан келген нәрсені барынша жасаңыз. 
Сіздің таңдауыңыз дұрыс болу керек. Тәуелділік деген—
басқа адамның сөзінсіз өзіңізді жақсы көре алмау деген 
нәрсе. Егерде "сіз толықсыз, сіз қисықсыз, өзіңізді дұрыс 
ұстай алмайсыз" деген сияқты сөздерді сізге айтқанда
бірден соның сөзімен келіссеңіз немесе ойға кіріп кетсеңіз, 
өзіңізді бірден түзегіңіз келіп кетсе, демек сізде басқа 
адамға деген тәуелділік бар деген сөз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет