Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
82
2. Әйел адамның келесі қателігі—ренжігенін айтпау.
Сыртқа
шығармай, үндемей қалу. Мысалы, сіз
телевизор қарап отырсыз. Күйеуіңіз келіп пультті алды да,
басқа каналға ауыстырып тастады. Оның ойында сіз оған
ренжисіз деген ой мүлдем жоқ. Енді не істейсіз? Дұрыс
вариант—ол кезде еш ренжімей, сол қосқан каналын қарай
беру. Екінші, дұрыс вариант—ойыңызды айту. "Жаным,
жаңағы мен қарап отырған канал мен үшін қызық еді.
Байқамаған шығарсың,
бірақ мен соны көріп отырдым,
қайтадан қосайықшы" деп сұрау.
Үшінші, дұрыс емес вариант—сырт жағынан үндемеу, ал
іштей соғыс жасау. Ол соғыста неше түрлі жаман ойлар
болады. Сол ойлармен үндемей отыра беру.
3.
Келесі
Достарыңызбен бөлісу: