Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет44/135
Дата05.08.2024
өлшемі2.51 Mb.
#503115
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   135
Некеден кейін

-Алла саған разы болсын 
-Аллаға сені аманат еттім 
Тағы да осындай сөздерді жәйлап айта беріңіздер, 
оның құлағына әбден үйреншікті болсын. Жұмысқа 
шығарып салғанда айтыңыз, немесе смс қып жазыңыз. 
Оның реакциясын байқап көріңіз. Кез келген еркекке 
іштей бұл сезім ұнайды, бірақ осындай сөздерге 
үйренбеген ер адам «өтірік айтпашы» деп сеніңкіремей
сөзіңізге разы еместігін көрсете алады. Сіз бұған 
ренжімеңіз, үйренген соң, араңызда жылы сөздер жиі 
айтылатын болады. Бастысы, жайлап, шошытып алмай 
айтып бастаңыз. 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
86 
Ер адамның махаббаты 
Әйел адам мен ер адамның махаббаты 
екі түрлі болады. "Пять языков любви" 
деген кітапты оқысаңыздар түсінесіздер. 
Әр адам махаббатын әртүрлі көрсетеді. 
Кейбір әйелдер "мен күйеуіммен 
ажырасқым келеді, себебі, ол маған көңіл 
бөлмейді" деп айтуы мүмкін. Бұл себеп 
түкке тұрмайды. Егер ол сізді ұрмаса, боқтамаса, 
ақшаңызды, тамағыңызды әкеліп беріп тұрса, көңіл 
бөлмейді деген ол ер адам сізді жақсы көрмейді деген сөз 
емес. Не үшін? Себебі, ер адамның махаббаты басқа 
дүниеден көрсетіледі. Оның варианттарын айтып 
шығайын. 
Біріншісі—жауапкершілік. Әйел адам үшін, отбасы 
үшін үлкен жауапкершілік. Жауапкершілік қаржылай 
түрінде. Мейлі ол күніне 1000 теңге, 500 теңге әкелсін 
немесе 10000 теңге алып келсін, егер ол жұмыс істеп 
жүрсе, ол сізді жақсы көреді деген сөз. Ер адамға тамағы 
болса, жататын жері болса болды. Осы нәрсе оған 
жеткілікті. Ал басқа нәрсенің барлығын әйел адам үшін 
жасайды. Егер ол сіздің тамағыңыз бар ма деп уайымдаса, 
киіміңіз бар ма деп уайымдаса, ол сізді жақсы көреді. Егер 
сіз күйеуіңіздің алдында бағаңызды жоғары етіп 
көрсетсеңіз, ер адам сіздің алғыңыз келген тамақпен, сіздің 
кигіңіз келген киімді алып беретін болады. Бұл 
махаббаттың жоғарғы дәрежесі. Егер ол сізден сұрамай 
үйге азық-түлік алып келсе, онда бұл жақсы көрудің 
белгісі.


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
87 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет