Некеден кейін әйел бақыты


-Соңғы шешімді өзің қабылда



Pdf көрінісі
бет49/135
Дата05.08.2024
өлшемі2.51 Mb.
#503115
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   135
Некеден кейін

-Соңғы шешімді өзің қабылда
-Бұл менің ойым ғана. 
-Анығын өзің білесің. 
-Менің бұл нәрсеге білімім жетпейді, ал сен маған 
қарағанда көбірек білесің ғой. 
Неге бұл сөздер маңызды деп ойлайсыз? Себебі 
еркектің өзі шешім қабылдауы оның өзіне сенімділігін 
арттырады,ал сізге өзіне сенімді еркек қажет пе әлде 
біреудің сөзімен ғана жүретін еркек қажет пе? 
 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
95 
 
Кез-келген әңгіме айтып, сіздің ойыңызды сұрағанда: 
 
-Егер оны бұл істен айнытқыңыз келсе, «ІСТЕМЕ, КЕРЕК 
ЕМЕС, ЖАМАН ОЙ» деген сөздерді айтпаңыз. Тек қана 
«менің ішім бірдеңе сезіп тұр, жүрегім біртүрлі болып тұр, 
менің бұл нәрсеге жаман күмәнім бар» деңіз. Егер ол 
бәрібір соны орындаса және нәтижесіз шықса, келесі жолы 
сіздің күмәніңізге құлақ асатын болады. 
Егер жай ойыңызды қосқыңыз келсе: 
 
Сөзіңізді «меніңше» деп бастап, ұсынысыңызды 
айтыңыз. Әңгіменің соңын мынадай сөздермен аяқтаңыз: 
«Бірақ сен өзің осы жайлы жақсырақ білесің ғой», «өзің 
қалай дұрыс деп ойлайсың, сол мен үшін де дұрыс 
болады».
Егер қателесіп қалса, сіз айтқандай істемесе: 
 
«АЙТТЫМ ҒОЙ», «БӘСЕ, БІЛІП ЕДІМ», «КЕЛЕСІ 
ЖОЛЫ ТЫҢДАУ КЕРЕК МЕНІ» деген сөздерді 
айтпаймыз. 
Түк болмағандай кейіп танытамыз, еркек ақымақ емес, 
түсінеді өзі. Ол өзі де «сені тыңдауым керек еді» деуі 
мүмкін, тіпті демесе де іштей ойы болады. Бізге керегі 
оның айтқаны емес, осы қателіктен сабақ алғаны. 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
96 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет