Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет52/135
Дата05.08.2024
өлшемі2.51 Mb.
#503115
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   135
Некеден кейін

Бұның тек екі шешімі бар: 
1) Шешім: Өз установкаңа қарсы келмей өмір сүру.
Яғни тек қана өзіңнің ұстанымыңда қатып қалу, және тек 
сол бойынша әрекет ету. «Еркекке ақша беруге болмайды» 
деген ұстаным болса, сол ұстаным бойынша еркекке 
мүлдем ақша бермеу. Нәтижесінде сіз өз-өзіңізге қарсы 
келмейсіз, ауырмайсыз, және өз-өзіңізді жегідей жемейсіз, 
бірақ еріңізбен қарым-қатынасыңыз нашарлауы мүмкін. 
Себебі еріңіз сізден көмек сұрайды, ал сіз көмектесуге бас 
тартасыз. 
2) Шешім: Өзіңіздің установкаңызды түбегейлі 
өзгерту. 
Сонда еріңізбен қарым-қатынасыңыз бұзылмайды, және 
сіз өз-өзіңізге де қарсы шықпайсыз. «Еркекке ақша беруге 
болмайды» деген установкаңызды «еркекке ақша беру 
пайдалы», «ер адамға ақша берсең, ақшаң көбееді», «ақша 
тек қана қағаз» «ақша үшін ұрысу ақымақтық», «неғұрлым 
ақшамен оңай қоштассаң, соғұрлым ақша көп келеді», 
«ақшаны еркекке берсең, араларың жақсарады», «ақша 
деген су», «күйумен қарым-қатынас ақшадан да маңызды», 
«ақша жәй ғана қағаз, ал күйеу-өмірлік серігің» деген 
сияқты установкаларды санаңызда қалыптастыру қажет. 
Яғни ақша жайлы, және ақшаны еркекке беру жайлы 
ойыңызды өзгертесіз. Сонда еріңізге ақша бергенде оны 
жек көріп кетпейсіз, өзіңізге жыныңыз келмейді, өзіңізді 
жегідей жемейсіз, ауырмайсыз. Мен тек ақшамен 
байланысты установканы алып, сізге мысал келтіріп 
жатырмын. Кез-келген басқа ұстанымдарда да осы система 
жұмыс жасайды.


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
100 
Ақшаны неге мысалға келтірдім? Себебі менің өзімде 
осындай ұстаным болды, «ер адам әйелден ақша алмау 
керек», «еркекке ақша берсең, отбасы бұзылады» деген 
ұстаным болды. Сол ұстаным маған үлкен бақытсыздық 
алып келді, мен ақша жайлы ұстанымымды өзгертпегенше 
күйеуіммен 
арамызды 
дұрыстай 
алмай 
жүргенмін. 
Кітапты 
өте 
ашық 
жазып 
жатқандығымнан осы әңгімеммен де бөліскім 
келіп отыр. Бәлкім, бұл әңгімеден де өз 
пайдасын аларсыз. 
Енді үйленген жылы күйеуім де, мен де жұмыс жасап 
бастадық, бірақ менің жұмысым жеңіл, ақшам көп, және ол 
ақша оңай келетін, ал күйеуім түңгі 12 дейін бір отырмай 
ақша табатын, шаршап, ұйқысы келіп, үйге әрең келетін. 
Менің «үйге ақшаны тек еркек жұмсау керек», «әйел 
ақшасын тек өзіне арнау керек» деген сияқты 
ұстанымдарым болды, сол ұстанымдарым үшін үйге не 
тамақ алмайтынмын, не ыдыс алмайтынмын, ал ақшам жәй 
ғана картамда жататын. Үйге заттарды күйеуім алуы керек 
деп күтіп, ал оның ақшасы мен қалаған нәрсеге жетпесе, 
іштей күйінетінмін. Күйініш ертелі кеш ара-қатынасты 
бұза бастайды. «Ер адамға қанша табатыныңды айтпау 
керек» деген ұстанымым болған соң, барынша ақшам жоқ 
сияқты көрініс көрсететінмін. Менің кеңдеу үй жалдағым 
келді (үйіміз үйленген жылы әлі жоқ, жалдап жүрміз), 
бірақ күйеуімнің табысы тамаққа да, киімге де, өз анасына 
беруге де, менің қажеттілігімді өтеуге де, қыдыруға да 
жету керек болған соң, үлкен пәтер жайлы айта да 
алмайтынмын, ал менің табысым ол кезде жетіп тұр, бірақ 
ұстанымдарыма қарсы келмеу үшін тағы үндемеймін. 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
101 
Өзімнің қажеттілігімді өтеуді ойламай, менң күйеуім менің 
қажеттілігімді өтеу керек деп ойлағанмын. Мен әдемі 
тұрғым келсе, бұл менің ғана проблемам ғой. Бірақ мен 
күйеуімді көп ақша тапсынн, әдемі үйде тұруға талпынсын 
деп, ерімді өзгертуге тырысатынмын. Бұл негізі 
ақымақтық. Ешкім ешкімнің қажеттілігін нормадан тыс 
өтеуге міндетті емес. Бір күні көлігін ұрып алды, мен өз 
ұстанымыма қарсы келіп, еріме ақшалай көмектестім. 
Қомақты ақшамен көлігін жөндеп, ұрған көлікті де 
жасаттық, бірақ іштей менде үлкен күйзеліс болды. «Мен 
ақша бердім, менің ақшама жасаттық, еркек өзі шешім табу 
керек қой» деген сияқты ойлар маза бермеді. Арасында 
үйге өзім жегім келген тамақты алып бастағанымда да 
іштей өз-өзіме қарсы келіп жатқандай болдым. Ал күйеуім 
үйде тамақ бар екенін көріп, базарға баруын қоя бастады. 
Бұның бәрі менің еріме деген көзқарасымды өзгерте 
бастады, қазір сіздермен кітапта бөлісіп отырып «неге 
ақша үшін сонша қиналдым, сонша күйеуіммен арамызды 
ақшадан төмен қойдым» деген ойым болып тұр. Бірақ ол 
кезде жаспын, енді 19дан асқан кезім еді. Бір күндері 
күйеуіме тікелей айта бастадым бәрін. «Мен ананы 
аламын, мынаны аламын, ал сен алмайсың» деген сияқты 
сөздер шыға берді. Ерім, әрине, намыстанатын. «Жұмыс 
істеп жүрмін ғой» деп ашуланатын. Сол жұмысының 
айлығынан маған ай сайын сыйлықтар жасайтын, кемінде 
1-2 рет киноға баратынбыз, бірақ мен ерімнің ол 
жақсылықтарын көрудің орнына тек өз ұстанымдарыма 
қарсы кеп жатқаныма ашуланып, арамызды 
солай бұза бастаймын. Бәрі қалай аяқталғаны 
есімде жоқ, бірақ менің ұстанымдарым аяқ-
асты 
өзгеріп, 
күйеуіммен 
қарым-


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
102 
қатынасымыз қатты жақсарғанын нақты білемін. Сіздерге 
тек бірнеше сұрақ қойғым келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет