Екіншісі-қызғаныш.Еркектің қорғаушы инстинкті
қызғаныш арқылы білінеді. Егер ер адам сізді қызғанса,
жақсы көреді деген сөз. Көбісі "менің күйеуімнің мамасы
ақшасын алып қояды. Менің енем толықтай контроль
жасайды. Менің енем күйеуіме ақша бермек түгілі, үйден
қаншада шығатынына дейін бас-көз болып отырады. Мен
не істеймін?" дейді. Бұл жерде сіз ештеңе істей алмайсыз.
Не үшін? Себебі, басты проблема енеңіз бен күйеуіңізде.
Маған бір қыз былай айтқан: "Қайын інім ақшасын өзі
ұстайды. Қайда барамын десе сонда барады. Ал күйеуімнің
карточкасы мамасында, ақшасы мамасында. Тіпті бір
жерге барып, бірнәрсе істейін десе де рұқсат сұрайды. Мен
қайын інім сияқты болғанын қалаймын. Не істеймін?"-
дейді. Мен айттым: " Сіздің қайын ініңіз не істейді? Ол
білгенін істейді. Ол о баста өзін жертва еткен жоқ. О бастан
өзінің позициясын орнатып, шекарасын қорғады. Анасына
өзі білетінін айтты. Сіздің күйеуіңіз де дәл сол сияқты
позициясын ұстау керек. Шекарасын қорғау керек. Егер ол
үндемей, басын төмен түсіріп жүре беретін болса,
күйеуіңіз үшін шекараны сіз қорғай алмайсыз. Себебі, сіз
әйел адамсыз. Керісінше ушықтырып жібересіз. Сол үшін
сіз күйеуіңізге "жаным, сен еркексің ғой, сен өзің де
ақшаңды қолыңда ұстай аласың, сенің қолыңнан ол келеді"
деген сияқты сөздерді айтып, мотивация бере аласыз. Бірақ
бұл сөз де өтпеуі мүмкін. Себебі, еркек өзі бұл нәрсені
дұрыс деп қараса, анасынан қорқатын болса, сізді
тыңдамайды". Көбісі бастапқы 5-6 жылда енесінің қол
астында ақшасын қолына ұстатып қояды. Тек сол уақытты
сабырлықпен өткеру керек. Көбісінде бөлек шыққаннан
кейін ғана бәрі дұрысталады. Мысалы, менің ата-анамда
дәл сондай болды. Соған шыдап жүріп, бөлек шыққаннан
кейін ғана барлығы түзелді.
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты 88
Ер адамның махаббаты деген тақырыпқа оралайық.