Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет80/135
Дата05.08.2024
өлшемі2.51 Mb.
#503115
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   135
Некеден кейін

Екінші фактор. Ер адамға қарым-қатынас. Біз 
«вложение» жасаған сайын, ол адамды көбірек 
жақсы көреді екенбіз. Ол адам бізге көбірек бағалы, 
құнды, қымбат болады екен. Мысалы, сіздер бала туғанда, 
бірден жақсы көріп кеттіңіздер ме? Көбісі "жоқ" деп жауап 
береді екен. Негізі ғылыми тұрғыдан қараған кезде, 
махаббат уақыт өте пайда болады екен. Аналық инстинкт 
бірден пайда болады, ал махаббат уақыт өте келе пайда 
болады екен. Біз қанша жерден одан шаршасақ та, ол кіп-
кішкентай бөпені қатты жақсы көреміз, барымызды 
береміз. Себебі, біз физикалық, эмоцияналдық «вложение» 
жасадық. Бізге біреу қымбат көйлек сыйласа,біз, әрине, 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
167 
қуанамыз, ерекше күнде киеміз. Бірақ жоғалтып алған 
кезде, қатты қорқыныш, жаман сезім болмайды. Себебі, біз 
оған ешқандай «вложение» жасаған жоқпыз. Ол бізге оңай 
келді. Ал егер біз өміріміздің көп жылында жұмыс істеп
ақшаны жинап, арманымыздағы көйлекті өзімізге сатып 
алып, сол көйлекті күйдіріп алсақ немесе жыртып алсақ, 
біздің көңіліміз қатты-қатты түседі. Себебі, ол ақшаны 
маңдай 
терімізбен, 
«вложение» 
жасап 
сатып 
алғанбыз.
September 14
Тағы бір мәселе. Бір қыз маған келіп айтады "Өзімді 
қатты жақсы көремін, бағалаймын, бірақ менің жігітім 
жаман. Ол мені бағаламайды, ол маған жылы сөз айтпайды. 
Мен не істеймін? Неге ол сондай?" дейді. Бәрі бір факторға 
байланысты емес. Егер сіз өзіңіздің күйеуіңізді бағалай 
білмесеңіз, ол сізді бағаламайтын болады. Егер сіз оның 
жақсы жақтарын байқамасаңыз, оның жақсы жақтарын 
басқа әйел байқайтын болады. Ал неге біз адамдардың 
жақсы қасиеттерін байқамайды екенбіз? Не үшін көзімізге 
ілмейміз? Басқаға қарасақ, бірден жаман қасиеттері көзге 
түседі. Себебі, бәрі балалық тәрбиеден басталады екен. 
Мектепті мысалға алайық. Бізге қателіктерімізге қарап 
бағаны қояды. Қызыл пастаны алып, екі қате болса 4, үш 
қате болса 3 деген бағаны қояды. Бір қызық айта кетейін. 
Бір бала мектептен 2 алып жылап келеді. "Мама, мен 
мектепке бармаймын. Қарашы, дәптерімнің бәрі қып-
қызыл. Мен жаза алмаймын, үнемі көп қате шығады" дейді. 
Сосын мамасы дәптерін ашып, қолына жасыл маркерін 
ашып, баласының әдемілеп жазған әріптерін, сөздерін 
жасыл маркермен белгілеп шығады екен. "Қарашы, балам, 
қаншама әдемі әріптер жазыпсың, бүкіл дәптер жасыл 
маркерге толып кеткен. Қызыл пастадан да көп" деп 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
168 
айтады. Ол сөздер баланы жігерлендіреді. Бұдан қандай 
қорытынды шығарамыз? Адамға «сен жамансың, 
өзгермейсің» деген сөздерді айтқан сайын, ол сондай 
болып қалады. Жаман десең, гүл өспейді. Ал гүлге өсу үшін 
не деу керек? Жақсы жақтарын көбірек айту керек. 
Менің бір курсыма қатысқан қыз, маған біраз уақыттан 
кейін "күйеуім өзгеріп кетті, комплимент айтады, жылы 
сөздер айтады, әр көмектескеніме алғыс айтады, қалай 
өзгеріп кетті?" деп сұрайды. Мен: "ол емес өзгерген, сіздің 
көзқарасыңыз өзгерді, ал ол айна сияқты сіздің қарым-
қатынасыңызға қарап, бағаңызды біліп жатыр". 
eptember 15


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет