Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
163
Ер адамның алдында бағамызды
қалай көтереміз?
Біздің қарым-қатынасымыз тойға
дейін
қалай басталады? Еркек бізді бағалайды.
Көңілімізге
қарайды,
ренжітпейді,
боқтамайды, сыйлықтар береді. Сосын
біздің принцтеріміз
уақыт өткеннен кейін
нөлге айнала бастайды екен. Кейде еркек
туыстарын
жақтап,
бізді
мүлдем
сыйламайды және қорғамайды. 4-5 жыл
өткеннен кейін үйге асықпайтын болады.
Достарына, жұмыстарына қашады, ойындар ойнайды.
Осылайша отбасы құрып, екі жаққа кетіп ажырасады.
Еркек көп ұзамай басқа әйелге үйленеді. Үйленгенге дейін
романтик, үйленгеннен кейін не болады деп қарасақ, 8 жыл
өткеннен кейін де ер адамның қарым-қатынасы әйелге
өзгермейді, әлі сол романтик. Мейрам жоқ, бірақ
дастарханның үстінде гүл бар.
Балалармен кітап оқиды,
әйелі десе орнынан атып тұрады, қорғайды. Бір еркек, бірақ
екі түрлі әйелмен мінезі де, өз-өзін ұстауы да екі түрлі. Бұл
жерден қандай қорытынды жасауға болады? Қарым-
қатынастың біраз бөлігі әйел адамға байланысты екен. Егер
нақты ережені қолданып өмір сүрсек, отбасыны сақтап
қана қоймай, отын жағып, ол
отты сөндіріп алмауға да
болады.
Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_
Некеден кейін әйел бақыты
164
Достарыңызбен бөлісу: