Нәруыздар.Құнды және құнсыз нәруыздар туралы түсінік. Нәруыздардың атқаратын қызметтері. Нәруыздардың жіктелуі Жай нәруыздар (альбуминдер, глобулиндер, протаминдер, гистондар және склеропротеиндер) құрылысы және қасиеттері туралы түсінік



бет51/72
Дата05.12.2023
өлшемі485.23 Kb.
#485486
түріҚұрамы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   72
áõ ýêç (1)-2

Көмірсулар алмасуына әсері:
ГКС әсерінен глюкозо-6-фосфатазаның активтілігі артады, ал бауырда глюкокиназаның активтілігі тежеледі, сондықтан глюкоза бауырда тотықпай, гликогеногенезге жұмсалады.
Қанда глюкоза мөлшері АҚ-ң азотсыз қалдықтарынан түзілуі есебінен артып, гипергликемияны тудырады.

Липидтер алмасуына әсері:
ГКС дененің төменгі бөлігінде және май тінінде липонеогенезді төмендетіп, липолизді күшейтеді, сондықтан қанда БМҚ концентрациясы артады , олар көп мөлшерде бауырға түсіп, тотығады. Түзілген АСҚ-нан кетон денелері түзіледі.
Ал дененің кеуде бӛлігінде липогенез кҥшейіп, беті мен қолы толық болады, құрсақ бөліміне май жиналады.
• май тіндерінде липолиз жоғарылайды , қанда БМҚ мен глицерин артады .
• Бауырда БМҚ -тотығуға ұшырап, АСҚ мөлшері артады ;
• АСҚ кетон денелерінің синтезіне жұмсалады;
• глицерин глюконеогенезге пайдаланылады.

Сонымен, ГКС әсерінен барлық нысана жасушалардағы глюкозаның тотығуы төмендейді , бауырдағы гликогеногенез жылдамдығы глюконеогенезден төмен, сондықтан глюкоза қанға шығып, гипергликемияны тудырады. Қандағы глюкозаның мөлшерi 8,8 мМ/л-ден артса (бүйрек шегінен асса), глюкозурия пайда болады.



Кортизол секрециясын арттырады:
•АКТГ.
•Тәуліктік ритм. Кортизол мөлшері түнгі сағат 4–тен таңғы 7–ге дейін артады;
•Физиологиялық (гипогликемия, лихорадка, гипотензия) немесе психологиялық стресс;
•Қабыну цитокиндері.

Бүйрекүсті бездерінің қыртыс қабатының:


ГИПЕРФУНКЦИЯСЫ-ИЦЕНКО– КУШИНГ АУРУЫ
ГИПОФУНКЦИЯСЫ– АДДИСОН АУРУЫ

Бүйрек үсті безінің милы қабатының гормондары: норадреналин, адреналин
Бұл гормондардың құрамында пирокатехин сақинасы мен бүйiр тiзбегінде амин тобы болғандықтан, оларды КАТЕХОЛАМИНДЕР деп атайды.
Химиялық табиғаты және синтезi.
Тирозиннен синтезделеді , 4 сатыдан тұрады.
Адреналин - негiзгi гормон, тек бүйрек үсті безінің милы қабатындағы хромаффин жасушаларында түзiледi, себебi тек сол жерде норадреналинді адреналинге айналдыратын фенилэтаноламин-N-метилтрансфераза ферменті (ФМТ) кездеседi. Оның синтезі ГКС- мен реттеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет