Ниетбаева Гульмира Бекенқызы Қазіргі кезеңдегі студенттердің психологиялық денсаулығының дамуы 6D010300 Педагогика және психология Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация



Pdf көрінісі
бет18/85
Дата30.03.2023
өлшемі2.5 Mb.
#471407
түріДиссертация
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   85
диссертация Ниетбаева Г.Б.

Даму факторлары 
Сыртқы факторлар 
Ішкі факторлар 
этномәдени орта, бейімделу үрдісі, оқыту курсы, 
ЖОО білім беру ортасы 
ӛзіндік маңыздану қоры (адекватты ӛзін-ӛзі бағалау,
ӛзіндік маңыздану), бейімділік қоры (стресске тұрақтылық, 
эмоционалдық тұрақтылық, ӛзін-ӛзі реттеу); рухани-
адамгершліік қоры (моральдық қалыптылық, денсаулық 
құндылық ретінде, ішкі бақылау локусы, дамыған 
эмоционалдық интеллект) 
- студент тұлғасын дамытудың әлеуметтік-мәдени жағдайларын ескеру: мекендейтін жері қала-ауыл, 
оқу кезінде тұратын жері – жанұя- жатақхана, этникалық және тілдік орта; моноэтникалық-
полиэтникалық орта және т.б.; 
- оқу курсын ескеру: ЖОО-ның білім беру және этномәдени ортасына бейімделу үрдісі детерминдеуші 
ретінде болады; 
- студенттердің психологиялық денсаулығының дамуын психологиялық сүйемелдеу - диагностика 
(мониторинг), психологиялық түзету, дамыту, психологиялық алдын алу шаралары.  
Болжамды нәтиже 
Әдіснамалық –теориялық негіздері 
Компоненттері  
Шарттары: 
Психологиялық дені сау студент 


79 
Келесі ретте, ұсынылып отырған студенттердің психологиялық 
денсаулығының құрылымының компоненттерінің анықтамаларына тоқтап 
ӛтелік.
1. Интегралды - тҧлғалық қасиеттер компоненті. Интегралды-тұлғалық 
қасиеттер компоненті күрделі кӛрсеткіштердің жиынтығының және жеке дара 
сипаттамалар синтезінің ӛнімін білдіреді. Жалпы алғанда интегралдық 
қасиеттер психологиялық денсаулықтың мәнді ерекшеліктерін кӛрсетеді. 
Оларға невротизацияның, стресске тӛзімділік, бейімдік қабілеттерінің
мазасызданудың деңгейлері жатады. 
Невротизация – невроздарға бейімдік; мазасызданудың жоғары деңгейімен 
және эмоционалдық дистресстің басқа да белгілерімен сипатталатын, 
невроздың жеңіл формасы. Невротизацияның жоғары деңгейінде (абсолюттік 
шама бойынша жоғарғы теріс баға) әр түрлі жағымсыз уайымдарды 
(мазасыздық, қобалжу, тынышсыздық, алаңдау, ашулылық) тудыратын және 
айқын кӛрінетін эмоциялық қозғыштық байқалуы мүмкін. Ондай адамдардың 
жігерсіздігі, 
қалауларының 
қанағаттанбауымен 
байланысты 
әсерлер 
қалыптастырады. Олардың менмендік тұлғалық бағыттылығы жағымсыз 
соматикалық 
түйсіктерінің 
ипохондриялық 
тұрақтандыруға 
деген 
бейімділігінен кӛрінетіндей, дәл солай ӛзінің тұлғалық кемшіліктіріне 
шоғырланудан байқалады. Бұл ӛз кезегінде, жеке олқылықтар сезімін, қарым-
қатынастың қиындауын, әлеуметтік жасқаншақтық пен тәуелділікті 
қалыптастырады. Невротизацияның тӛмен деңгейінде (абсолюттік шама 
бойынша жоғарғы оң баға) эмоциялық тұрақтылықтың және негізгі әсерлердің 
(тыныштық, оптимизм) эмоционалдық тұрақтылығы мен жағымды фоны 
кӛрсетілген. Ӛз қалауларын жүзеге асырудағы оптимизм мен бастамашылдық, 
қарапайымдылық ӛзінің абыройын, әлеуметтік батылдықты, тәуелсіздікті, 
қарым-қатынастағы жеңілдікті қалыптастырады [219]. 
Стреске төзімділік - адамға едәуір интеллектуалдық, еріктік және 
эмоционалдық жүктемелерді (артық жүктемелерді) бастан кешуге мүмкіндік 
беретін, кәсіби іс-әрекеттің ерекшеліктерімен шартталған, қоршаған 
ортадағылардың іс-әрекеттеріне және ӛз денсаулығына зиян келтірмейтін 
тұлғалық қасиеттер жиынтығы [220].
Бейімдік қабілеттер – бұл тұлғаның бейімділік мінез-құлқының 
табыстылығы мен сапалық ӛзгешеліктерінде байқалатын, тұлғаның жеке-
психологиялық ерекшеліктері. Бейімдік қабілеттер мінез-құлықтың ӛзгеруі мен 
тұлғаның әлеуметтік ортаға қатынасын анықтайды [221].
Мазасыздық – адамның үнемі немесе жағдайға байланысты байқалатын 
жоғарғы тынышсыздық күйіне келуін, емтихан сынақтарымен немесе жоғарғы 
эмоциялық және басқа да себептермен пайда болаған физикалық 
жүктемелермен байланысты, ерекше әлеуметтік жағдайларда қорқыныш пен 
мазасыздықты сезіну [222].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет