Ниетбаева Гульмира Бекенқызы Қазіргі кезеңдегі студенттердің психологиялық денсаулығының дамуы 6D010300 Педагогика және психология Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация



Pdf көрінісі
бет19/85
Дата30.03.2023
өлшемі2.5 Mb.
#471407
түріДиссертация
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   85
диссертация Ниетбаева Г.Б.

2. 
Рефлексиялық 
компонент. 
Психологиялық 
денсаулықтың 
рефлексиялық құрамы тұлғамен ӛзін-ӛзі бағалауынан байқалады. Рефлексиялық 
механизм тұлғаның ӛзгеру негізінде жатыр. Алайда егер ӛз-ӛзіне деген қатынас 


80 
ӛзгермесе, онда субъектінің іс-әрекетінде, мінез-құлқында да ӛзгерістер 
болмайды.  
Рефлексияның тұлғалық механизмдері ӛз дамуының нәтижесі ретінде 
субъектінің ӛзін-ӛзі бағалауын санайды. Субъектінің ӛзін-ӛзі бағалауы – 
тұлғаның ӛз-ӛзіне назар аударғандығы ретінде субъектінің рефлексиялық 
қабілеттерінің дамуындағы ӛлшенетін бір кӛрсеткіштері болып табылады [223].
Өзін-өзі бағалау - ӛзін-ӛзі тану әдіснамалық тұрғыда ӛзіне ең жақын болып 
келетін кең ауқымды мәселелерді қамтитын салаға, адамдардың бірін-бірі тану 
психологиясына бағынады. Автордың пікірінше, ӛзін-ӛзі тану үшін әлеуметтік 
перцепция аймағында жүзеге асатын процестер мен механизмдер маңызды 
болып табылады. Психологиялық зерттеулер кӛрсеткендей, тұлғаның ӛзі 
туралы пікірі оның ӛз іс-әрекетін реттеудің маңызды тірегі болады. Адекватты 
ӛзіндік бағалау арқылы адамның ӛз жетістіктерін шынайы бағалауы негізінде 
ӛнегелік жайлы сұрақтар теориялық-эмпирикалық деңгейде зерттелген. Ӛзіндік 
бағалау - ӛзіндік сана сезімдердің бірлігі, тұлғаның қасиеттеріне, сапасына 
деген қатынасы. Ӛзіндік бағалауға икемділік, орнықтылық, адекваттылық 
(жағымды, теріс) сияқты сипаттамалар тән болады [224].
Субъективтік бақылау деңгейі – әр түрлі ӛмірлік жағдайларды 
бақылаудың жеке ерекшеліктері. Субъективтік бақылау деңгейі, тұлғаның 
белгілі инварианттығын игергенімен, жағдай күрделі немесе жеңіл, жағымды 
немесе жағымсыз және т.б. болса да, соған байланысты ӛзгеріп отырады. 
Субъективтік бақылау деңгейі ӛзінің әрекеттерін сезінумен және бағалаумен, ӛз 
қадірін сезінумен, болып жатқанға жауапкершілікпен, ӛзін-ӛзі құрметтеумен, 
ӛзін-ӛзі реттеумен, тұлғаның дербестілігімен және жетілгендігімен байланысты. 
Субъективтік бақылаудың тӛмен деңгейімен, адамдар ӛздерін ӛзімшіл, тәуелді, 
батылсыз, шынайы емес, жалтақтаушы, ашуланшақ түрінде сипаттайды. 
Субъективтік бақылауы жоғары деңгейдегі адамдар ӛздерін, керісінше, 
мейірімді, тәуелсіз, табанды, әділ, қабілетті, жылы шырайлы, адал, дербес, 
шырқы бұзылмас деп санайды [225]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет