Ниетбаева Гульмира Бекенқызы Қазіргі кезеңдегі студенттердің психологиялық денсаулығының дамуы 6D010300 Педагогика және психология Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация



Pdf көрінісі
бет25/85
Дата30.03.2023
өлшемі2.5 Mb.
#471407
түріДиссертация
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   85
диссертация Ниетбаева Г.Б.

Студенттерге психология-педагогикалық әсер етудің тиімділігін 
арттыру бойынша практикалық ұсыныстар 
Студенттердің жеке тұлғалық ерекшеліктерін білудің және ескерудің 
негізінде және олардың психологиялық денсаулықтарын жақсарту үшін, 


95 
оқытушы әрбір нақты жағдайда талап етілетін психология-педагогикалық 
ықпалдарды таңдап және оларды жүзеге асыра алады: 
1. Студенттердің бір бӛлігінде сенімсіздік жағдайларын, шектен тыс 
мазасыздықты жоюға бағытталған әңгімелесулер. Студенттерді зерттеу 
барысында, олардың кейбіреулері емтихандағы сәтсіздік жағдайын сессиядан 
кӛп бұрын уайымдай бастайтындығы анықталды. Мұндай жағдайлар 
оқытушылар мен студенттердің айтуынша, кӛбінесе жауапкершілігі мол
сабаққа ынталы студенттерде байқалады. Мүмкін болатын сәтсіздік туралы 
мазасыз ойлар оларда әр түрлі жағдайларда пайда болады. Мұндай жағдайлар 
сабақтан алаңдатады, жинақы болуға, шоғырлануға кедергі жасайды
студенттерді ӛзіне, ӛзінің мүмкіндіктеріне деген сенімділіктен айырады. 
2. Ӛзіне сенімсіздігі жоғары студенттерді емтихан жағдайларында қолдау, 
мадақтау, емтихан алдында олардың мүмкіндіктерін, есте сақтау қабілеттерін, 
ойлауын тӛмендететін қорқыныш сезімін жойып; емтихан алдында мұндай 
студенттерді мадақтап, оларда ӛз күшіне деген сенімділікті ұялату қажет. 
Үлгерімі тӛмен бірқатар студенттерде емтихан жағдайында зейіні, есте сақтау, 
ойлау қабілеттерінің нашарлайтындығы байқалады (мұндай студенттерді ӛзін-
ӛзі бағалау мәліметтері бойынша анықтауға болады), олардың мүмкіндіктері 
күрт тӛмендейді, білгендері ұмытылады. Сондықтан, шын мәнінде қабілетті 
студенттердің бағалары тӛмен болады.
3. Ӛзіне деген артық сенімділікті жеңуге бағытталған әңгімелесулер (ӛзін-
ӛзі бағалау деңгейін тӛмендету). Үлгерімі орташа немесе тӛмен студенттердің 
ортасында, ӛз мүмкіндіктерін тым асыра бағалайтындары да бар. Оларда айқын 
кӛрінетін әлді жақтары да, оқуға деген нақты байқалатын қызығушылықтары да 
жоқ. Олармен қарым-қатынас жасау барысында алдағы келе жатқан сессияның 
алдында оларда қалыпты алаңдаушылық қалыптастыруға, ӛз мүмкіндіктеріне 
сын кӛзбен қарауды үйретіп, оқу іс-әрекеті жағдайларында олардың ӛзін-ӛзі 
жоғары бағалауға және жайлануға негіз жоқтығын кӛрсетуге тырысу қажет.
4. Бірінші курс студенттеріне оқудың алғашқы жылдарында олардың оқуға 
барынша ойын шоғырландырып, сабақтағы жүйеліліктің талап етілетіндігі 
жӛнінде хабардар ету.
5. Селқос 
студенттермен 
олардың 
мінез-құлықтарының 
жеке 
таптаурындарын жеңу мақсатында жұмыс жасау. Мұндай студенттер (міндетті 
түрде тӛмен қабілеттерімен емес, кӛбінесе оқуларына мән бермегендер, ӛз-
ӛздеріне сенімсіз) оқытушыларға немесе топтағы құрбыларына кӛмекке жүгіне 
алмайды, сондықтан оларӛздеріне түсініксіз деректер жинақтайды. Белсенділік 
танытуға оларға ӛз аңғалдығын кӛрсетіп қою қорқынышы, ыңғайсыздық сезімі 
бӛгет жасайды. Мұндай студенттер ӛз күштерімен енжар мінез-құлыққа деген 
дағдыларынан құтыла алмайды. Ол бекініп, таптаурынға айналған. Оларға 
оқытушының кӛмегі қажет. 
6. Бірқатар 
студенттерге кеңес ретінде сессия алдында бӛтен 
әуестенулерден бас тарту айтылады. Жеке жұмыс жасау барысында, кейбір 
нашар немесе орташа оқитын студенттерде достарымен қарым-қатынасқа және 
оқуға қатысы жоқ істерге ӛте кӛп уақыт бӛлінетіндігі анықталды.


96 
7. Кейбір студенттерге кеңес ретінде ӛзінің бойында қызығушылықтардың 
шашыраңқылығы, сабақтағы жүйеліліктің жоқтығы сияқты жағымсыз 
қасиеттерді жеңу керектігі кӛрсетіледі. 
8. Тӛменгі курс студенттеріне олардың араларында оқудың бастапқы 
кезінде орташа немесе нашар оқып, алайда кейбіреулерінде жоғарғы курстарда 
ашылатын арнайы қабілеттердің болуы мүмкін туралы хабардар ету. Ол 
студенттер 
арнайы 
емес 
пәндерге 
қызығушылықтың 
жоқтығымен, 
енжарлықпен ерекшеленуі мүмкін, бірақ айқын кӛрінетін арнайы қабілеттерге 
ие болуы мүмкін. 
Біз ӛз моделімізде психологиялық денсаулықтың құрылымын анықтап, 
компоненттерді талдап ӛттік. Қазіргі кезеңдегі студенттердің психологиялық 
денсаулығы дамуының ішкі және сыртқы факторларын және психологиялық-
педагогикалық шарттарды қарастырдық. Диссертацияның келесі бӛліміне, яғни 
психологиялық денсаулықтың әрбір компонентіне сарапталған әдістермен 
эксперименттік 
жұмысты 
қарастырудың 
алдында, 
психологиялық 
денсаулықтың теориялық - әдістемелік негізін талдай отыра студенттің 
психологиялық денсаулығына ӛз анықтамамызды ұсынамыз.
Студенттердің психологиялық денсаулығы - құрылымы интегралды-
тұлғалық қасиеттер, рефлексиялық, эмоционалдық, құндылық-мағыналық және
рухани-адамгершілік компонентттерден тұратын, ішкі және сыртқы
факторлардың әсерінен жоғары оқу орнында білім беру ортасының
жағдайларында дамитын және тұлғалық-кәсібидің табысты жетілуінің шарты
болып табылатын психологиялық жүйелі ілім. 


97 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет