Ниетбаева Гульмира Бекенқызы Қазіргі кезеңдегі студенттердің психологиялық денсаулығының дамуы 6D010300 Педагогика және психология Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация



Pdf көрінісі
бет24/85
Дата30.03.2023
өлшемі2.5 Mb.
#471407
түріДиссертация
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   85
диссертация Ниетбаева Г.Б.

Психикалық көңіл-күйді өздігінен реттеудің табиғи тәсілдері бар, оларға 
жататындары: күлкі, жымию, әзіл; жақсы, жағымды нәрсе туралы ойлау; күн 
сәулесіне (нақты немесе ойша) шомылу; таза ауаны жұту; керілу, 
бұлшықеттерді босаңсыту сияқты түрлі қимылдар; пейзажды бақылау; 
бӛлмедегі гүлдерді, суреттерді, адамға басқа да жағымды немесе қымбат 
заттарды қарастыру; және т.б.
Алайда мұндай шараларды қобалжыған немесе шаршаған кезде қолануға 
болмайды. Аталған жағдайларда келесідей талаптарға жауап беретін ӛзін-ӛзі 
реттеудің арнайы әдістерін: меңгеруге жеңіл; психологиялық және 
медициналық білімі жоқ мамандарға түсінікті, психика мен денеге олардың 
әсер ету механизмдері ұғымды; жұмыс уақыты бойы, жұмыс орнында 
пайдаланылатын; қарсы кӛрсеткіштері жоқ; орындалуға кӛп уақытты қажет 
етпейтін (экспресс-әдістер); жеке мәселелермен жұмыс жасау үшін 


93 
пайдаланылатын; арнайы жабдықтар мен орынды қажет етпейтін пайдаланған 
маңызды. 
Бүгінгі күнде ӛзін-ӛзі реттеудің негізгі әдістері ретінде келесі реттегілерді 
санайды: тыныс алу және босаңсу техникалары, медитациялар, аутотренинг, 
визуализация, ӛзін-ӛзі иландыру, ӛзін-ӛзі гипноздау және ӛзіне-ӛзі бұйыру, 
нейролингвистикалық бағдарламалаудың әдістері және т.б. 
Н.Е.Водопьянова мен Е.С.Старченковалардың [250] жіктемесінде ӛзін-ӛзі 
реттеудің психотехникалары кӛрсетіледі. Олар тӛмендегілерге: сана-сезім 
мазмұнының ӛзгеруі – зейіннің басқа іс-әрекет түрлеріне, қоршаған ортадағы 
заттарға және т.б. ауысуы; физикалық «Менді» басқару–тыныс алуды, қозғалыс 
ырғағын, сӛйлеуді реттеу, денедегі ширығуды түсіру; ресурстық күйлерді 
немесе позитивтік бейнелерді репродукциялауға; ӛзінің әлеуметтік «Менін» 
кӛрсетуге – мақсат қоя білуге, уақытты басқара алуға, кез келген әлеуметтік 
жағдайларда ӛзін-ӛзі жайлы сезінуге үйретуге; ақыл жетпейтін нанымдармен 
жұмыс жасауға; позитивтік сендіруге немесе ӛзін-ӛзі сендіруге бағытталады.
Аутогендік жаттығу 
Аутогендік жаттығу – ол ӛзін-ӛзі сендіру әдісі, мұнда алдымен бұлшық 
еттертонусын босаңсытып (релаксация), кейін сол күйінде ағзаның қандай да 
бір қызметтеріне бағытталған ӛзіне-ӛзі сендіру жүргізіледі [252]. 
Аутогендік жаттығу емдеу әдісі ретінде де, ағзадағы түрлі невроздар мен 
ауытқулардың алдын алу әдісі ретінде де қарастырылады. Ол психогигиенаның 
ықпалды шарасы бола алады және іс-әрекеттің қиын жағдайларында әскери 
қызметкердің психикасын басқарудың тиімді құралы да бола алады.
ЖОО 
студенттерінің 
психологиялық 
денсаулық 
психопрофилактикасының бағыттары: 

ЖОО-дағы білім беру үрдісі субъектілерінің психологиялық денсаулығы 
туралы ақпараттандыру бойынша ЖОО оқытушыларымен жұмыс жасау. 
Мұндай жағдай, бір жағынан, білім беру үрдісінің тұлғалық бағдарлануын 
оқытушылармен қадағалау арқылы қамтамасыз етіледі; екінші жағынан, 
оқытушылардың жеке эмоционалдық кӛріністерін диагностикалау арқылы
ӛзінің ойын эмоциялық тұрғыда білдіруі және тұлғааралық қатынастың 
рефлексиясы арқылы қамтамасыз етіледі.
Психологтардың белсенді қатысуы тӛмендегілерді қамтамасыз етуге 
мүмкіндік береді: 

ЖОО-да 
студенттердің 
бейімделуін, 
оқудан 
тыс 
іс-әрекетті 
психологиялық тұрғыда сауатты ұйымдастыруға үйретуді, ЖОО-да оқуға 
бейімделу кезінде бірінші курс студенттерін сүйемелдеуді және оларға кӛмек 
кӛрсетуді, әсіресе, студенттік топта, оқытушылармен тұлғааралық ӛзара қарым-
қатынас жасау дағдыларын қалыптастыруда, сенімділік, ұжымшылдық 
сезімдерін және т.б. дамытуда;

психологиялық кӛмекті қажет ететін студенттерге жеке ұсыныстар 
жасау, мұндай студенттерде ӛзін-ӛзі бақылау және ӛзін-ӛзі реттеу дағдыларын 
дамыту; 


94 

тәлімгерлермен, сонымен қатар ЖОО-ның оқытушылық құрамымен 
жұмыс. Олардың бойында аудиториядан тыс жұмыстарда студенттерге жеке 
дара қарау туралы түсініктер қалыптастыру, диалог деңгейінде тұлғааралық 
ӛзара әрекеттестік дағдыларын дамыту бойынша жұмыс; 

ЖОО ұжымдарында шиеленіс жағдайларын айқындау, оларды әлсірету 
немесе болдырмау және қалыпты қатынас орнату бойынша кӛмек кӛрсету, 
жанжалға нақты қатысушылармен арнайы алдын алу жұмыстарын жүргізу;

ЖОО студенттері мен оқытушыларын олардың психологиялық 
денсаулықтарын нығайту және ұжымдардағы психологиялық ахуалды жақсарту 
мақсатымен психологиялық ӛзін-ӛзі реттеудің тәсілдеріне үйрету.
Психологиялық денсаулық ауытқуларының алдын алуға қатысуға 
студенттерде психологиялық дайындықтың қалыптасқандығы:

студенттермен 
ӛзінің 
эмоционалды-тұлғалық 
ортасында 
жеке 
мәселелердің бар екендігін сезінуі және ӛзіне кӛмек кӛрсетуге дайындық

рефлексияның тым болмаса бастамасының болуы, ӛзін селқос объект 
емес, керісінше, белсенді ӛмірлік субъект ретінде сезіну;

ӛзінің ішкі әлеміне деген қызығушылықтың болуы және ӛзін жақсырақ 
түсінуге тырысу; 

психологтардың тап мұндай жұмыстарына деген қызығушылық (немесе 
тым болмаса олардың алдында қорқыныштың болмауы) және психологиялық 
сипаттағы шараларға мақсатты түрде және бірізділікпен қатысуға дайындық;

ішкі және сыртқы ӛзгерістердің алдында жеңілмейтін қорқыныштың 
жоқтығы, ӛзін-ӛзі және ӛзгелерді тану мүмкіндіктерімен байланысты жаңа 
тәжірибені қабылдауға әзірлік;

ӛзіне күш салуға тырысу қабілеті.
Психологиялық сүйемелдеудің бір бағыты ретінде студенттерде 
психологиялық сауаттылықты қалыптастыру саналады. Психологиялық 
дайындық, тұлғаның дамуына ортаның жағымсыз ықпалының алдын алу 
әлеуетіне ие бола тұрып, тұлғаның бағыттылығына әсер етуге мүмкіндік береді. 
Мұндай дайындықтың негізгі міндеттері тӛмендегідей:

тұлғаның психологиялық денсаулығы және оны сақтау жағдайлары 
туралы түсініктерді қалыптастырумен байланысты ғылыми психологиялық 
білімдер жүйесін қалыптастыру; 

ӛзінің тұлғасына, оны дамытуға позитивті эмоциялық-құндылықты 
кӛзқарастың маңыздылығы туралы түсініктерді дамыту;

оқытушылар мен студенттердің гуманистік ӛзара әрекеттестігінің 
тәжірибесін кеңейту;

білікті 
диагностикалық 
ақпаратқа 
сүйеніп, 
әрбір 
студенттің 
қызығушылықтары мен жеке қалауларын ескере отырып, оқыту үрдісін 
психологиялық әдістермен түзету [253]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет