Ниетбаева Гульмира Бекенқызы Қазіргі кезеңдегі студенттердің психологиялық денсаулығының дамуы 6D010300 Педагогика және психология Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация



Pdf көрінісі
бет23/85
Дата30.03.2023
өлшемі2.5 Mb.
#471407
түріДиссертация
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   85
диссертация Ниетбаева Г.Б.

Психодиагностикалық диагностика – студенттің тұтас психологиялық 
жағдайы туралы немесе қандай да бір жеке психологиялық қасиеті жӛнінде 
психологиялық 
диагноз 
қою 
немесе 
білікті 
шешім 
қабылдау. 
Психодиагностикалық зерттеудің негізгі кезеңдері бар: мәліметтер жинақтау; 
мәліметтерді қайта ӛңдеу және түсіндіру; шешім шығару (психологиялық 
диагноз) және психологиялық болжам жасау.
Психодиагностиканың типтілік міндеттеріне тӛмендегілер жатады:


91 
1) сыналушының бойында қандай да бір психологиялық қасиеттің немесе 
мінез-құлық ерекшелігінің бар екендігін анықтау;
2) белгілі бір сандық және сапалық кӛрсеткіштерде сол қасиеттің байқалуы 
мен оның даму деңгейін анықтау;
3) қажет болса, сыналушының зерттелетін психологиялық және мінез-
құлықтық ерекшеліктерін сипаттау; 
4) сол қасиеттердің әр түрлі адамдарда кӛрінуі мен оның даму дәрежесін 
салыстыру [243, 244]. 
Психологиялық әдістермен түзету – психологиялық әсер етудің арнайы 
құралдарының кӛмегімен, оңтайлы үлгіге сәйкес келмейтін, психологиялық 
дамудағы ерекшеліктерді түзетуге бағытталған психологиялық кӛмектің бір 
түрі; сонымен қатар – құбылмалы ӛмірлік жағдайларға адамның бейімделуі мен 
әлеуметтенуін 
арттыру 
үшін, 
қажетті 
психологиялық 
қасиеттерді 
қалыптастыруға бағытталған іс-әрекет. Психологиялық әдістермен түзету 
ықпалдары тӛмендегідей болуы мүмкін: сендіру, иландыру, қуаттандыру. Жеке 
және топтық психологиялық түзетулерді ажыратады. Жеке психологиялық 
түзетуде психолог клиентпен оңаша, бӛтен адамдардың қатысуынсыз жұмыс 
жүргізеді. Топтықта – мәселелері ұқсас бір топ клиенттермен жұмыс бірге 
ӛтеді, оның тиімділігіне адамдардың бір-біріне ӛзара әрекеттестігі және ӛзара 
әсер етулері арқылы жетуге болады [245].
Психологиялық кеңес беру – студенттерді мазалайтын мәселелерді алдын 
ала зерттеудің негізінде, сонымен қатар клиенттердің ӛздерін және олардың 
қоршаған ортадағы адамдармен ӛзара қатынастарын зерттеу негізінде, кеңес 
және ұсыныстар беру түріндегі практикалық психологиялық кӛмектің кӛрсетілу 
формасы. Арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынас үрдісі арқылы студентте 
қосымша психологиялық күштер мен қабілеттерді белсендіруге болады, олар ӛз 
кезегінде, ӛмірлік қиын жағдайлардан шығудың жаңа мүмкіндіктердің 
табылуын қамтамасыз етуі ықтимал.
Психологиялық тренинг – кейбір тұлғалық қасиеттерді дамыту мақсатымен 
топтық психологиялық жұмыстың белсенді әдістерін қолдануға бағдарланған 
практикалық психологияның саласы. Әлеуметтік-психологиялық тренингтің 
негізгі әдістері – әр түрлі үйлесім мен түрлендірулердегі топтық пікірталас 
және рӛлдік ойындар. Топтағы адамдардың саны – әдетте 7-ден 15 адамға 
дейін, сабақтың жалпы циклының ұзақтығы – бірнеше күннен бастап айларға 
дейін. Қатысушылардың кездесуі күнделікті немесе сирек болуы мүмкін 
(аптасына бір-үш рет). Жеке кездесудің ұзақтығы – бір жарым сағаттан бастап 
үш және одан да кӛп уақытқа дейін. Нақты міндеттердегі, негізгі 
пайымдаулардағы екпіндердің айырмашылығы және әдістемелік түрлендірулер 
тренинг формаларының алуандылығына әкеледі. Ерекше белгілі түрлері: мінез-
құлықтық тренинг, сезімталдық тренингі, рӛлдік тренинг, видеотренинг және 
т.б. Практикалық психологтармен тренингтердің әр түрлі мақсаттарға арналған 
нұсқалар ұсынылады [246, 247, 248] Психологиялық сүйемелдеу үрдісінде 
психологиялық сауығудың технологияларын қолданған маңызды. 


92 
Өзін-өзі реттеу – бұл сӛздің күші (аффирмация), ойдағы бейнелер 
(визуализация), бұлшықет тонусы мен тыныс алуды басқару арқылы адамның 
ӛз-ӛзіне әсер ету жолымен жететін, ӛзінің психоэмоционалдық күйін басқару. 
Психикалық ӛзін-ӛзі реттеу – ол ағзаның жан-жақты іс-әрекеттерін, оның 
үрдістерін, реакциялары мен күйлерін мақсатты түрде реттеуге арналған 
психикалық ӛзіне ӛзі әсер етуі [249].
Кӛңіл күйді ӛздігінен реттеу әдістерінің басты ерекшелігі болып, адамға ӛз 
кӛңіл күйін ӛзгерту бойынша арнайы іс-әрекетті жүзеге асыруға мүмкіндік 
беретін, адекватты ішкі шараларды қалыптастыруға деген бағыттылық 
саналады. Ӛзіміздің күнделікті ӛмірімізде біз кӛбінесе жеке тәжірибемізде 
қалыптасқан, бізге толқуларды жеңуге, жұмыс ырғағына тезірек кіруге, 
барынша босаңсуға және демалуға мүмкіндік беретін тәсілдер жиынтығын 
пайдаланамыз. Бұл тәжірибе әр түрлі халықтардың кез келген кӛп ғасырлық 
мәдениетінде кӛрініс тапқан. Олардың ішінде айқын кӛрінетін үйретуші және 
тәрбиелеуші сипатқа ие, кӛңіл-күйді ӛздігінен реттеудің тәсілдері мен 
құралдарының бүтін жүйелері құрылған. Психологиялық ӛзін-ӛзі реттеу 
әдістері – ӛзінің кӛңіл күйін басқарудың іштей шараларын қалыптастыруға 
бағытталған үйретуші әдістердің жүйесі. Үйрету жұмыстары арнайы 
ұйымдастырылған сабақтар циклының тӛңірегінде тиімдірек жүреді. Ӛзін-ӛзі 
реттеудің қарапайым әдістерін ӛздігінен зерттеп пайдалануға болады. Ӛзін-ӛзі 
реттеу тәсілдерін кез келген жағдайда қолдануға болады. Ӛзін-ӛзі реттеудің 
нәтижесінде үш негізгі әсер пайда болады: 

тыныштану әсері (эмоциялық қобалжудың жойылуы); 

қайта қалпына келу әсері (шаршау кӛріністерінің әлсіреуі); 

жандану әсері (психофизиологиялық қабілеттіліктің жоғарлауы). 
Уақытымен жасалған ӛзін-ӛзі реттеу ерекше психогигиеналық шара болып 
табылады. Ол шектен тыс қобалжудың қалдық құбылыстарының жиналуына 
жол бермейді, күш-қуатты толық қалпына келтіруге мүмкіндік береді, іс-
әрекеттің эмоциялық фонын тұрақтандырады және эмоцияларды бақылауға 
кӛмектеседі, сонымен қатар ағза ресурстарының жұмылдырылуын күшейтеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет