35
сәйкестіліктің ӛзгеру контекстінде және психикалық денсаулық құрылымында
талқыланып жатқан жұмыстар пайда бола бастады.
Экономикалық және психологиялық жүктемелердің қазіргі қарқыны мен
деңгейі студенттердің басым кӛпшілігінің бейімдік мүмкіндіктерінен едәуір
артады. Ол жағымсыз психоэмоционалдық күйлердің пайда болуынан
байқалып, ЖОО-дағы оқу үрдісінің тиімділігіне,
кәсіби дағдыларды иеленуге
және жалпы психологиялық денсаулыққа келеңсіз әсер етеді.
Психологиялық
әдебиеттер
бойынша
талдауларымыз
аталған
жасерекшелік және әлеуметтік топтың психологиялық ерекшеліктерін талдауға
арналған эмпирикалық және теориялық мәліметтердің айтарлықтай кӛп
жиналғандығын (Б.Г. Ананьев, Н.В. Кузьмина, А.А. Реан, В.А. Сластенин,
П.А. Просецкий, В.И. Слободчиков, Р.Г. Гурова, С.Е. Пиняева, Г.С. Абрамова
және т.б.) кӛрсетті [156,157,158,159,160,161,162,163,164]. Авторлардың
айтуынша, психологиялық тұрғыда бұл кезең негізгі психологиялық үрдіс
ретіндегі ӛзіндік сана-сезімнің және жеке сәйкестіліктің қалыптасуымен
сипатталады. Осылайша, Н.Н. Рыбниковтың зерттеулерінде адамның бұл
кезеңдегі ӛмірін ең ӛнімді және шығармашыл кезең деп атауға болады деп
кӛрсетілген. Ӛмірдің дәл осы бӛлігі бағынышсыз, тәуелсіз ӛмірге, ӛзін
ересек
адам және толық құқықты сезінуге деген талпынысқа толы. Тұлға әлеуметтік
белсенділіктің барлық түрлеріне қатысады және ол әлеуметтік рӛлдердің
барынша мүмкін спектрін меңгереді. Адам кәсіби білімді иеленумен қатар осы
кезеңде кәсіби және жалпы мәдени білімдерді қамтыған, сонымен қатар
қоғамдық белсенділіктің тәжірибесін меңгеруге мүмкіндік беретін, бір мезгілде
тұрақты дүниетанымды, адамгершілік ұстанымдары мен әлем бейнесін
қалыптастырады [165].
Студенттік жастың эмпирикалық зерттеуіне алғашқылардың бірі болып
Б.Г.Ананьев пен оның шәкірттері назар аударған. Б.Г.Ананьевтың айтуынша,
студенттік жас адамның негізгі әлеуметтік-гендік әлеуеттерін дамыту үшін
сенситивтік кезең болып табылады. Жоғарғы білім адамның психикасына, оның
тұлғасының дамуына зор әсер береді. ЖОО оқу барысында студенттер
психикасының барлық деңгейлерінің дамуы жүзеге асады.
Олар адам
ақылының бағытын анықтайды, яғни тұлғаның кәсіби бағыттылығын
сипаттайтын, ойлау жаратылысын қалыптастырады. ЖОО-нда жақсы білім алу
үшін жалпы интеллектуалдық дамудың барынша жоғары деңгейі болуы қажет,
әсіресе қабылдаудың, түсініктердің, естің, ойлаудың, зейіннің, білімнің,
танымдық қызығушылықтардың кеңдігін, логикалық операциялардың белгілі
деңгейін және т.б. меңгеру қажет. Бұл деңгей сәл тӛмендесе, оның орнына оқу
іс-әрекетіндегі
жоғары
мотивация
немесе
жұмысқа
қабілеттіліктің,
ынталылықтың, тиянақтылықтың, ұқыптылықтың жүруі мүмкін [166].
Студенттің табысты іс-әрекеті үшін
қажетті жағдай, ол ішкі жайсыздық
сезімін жоятын және қоршаған ортамен шиеленіс мүмкіндігін шектейтін, оған
жаңалық болған ЖОО-да оқу ерекшеліктерін меңгеру болып табылады.
Бастапқы курстар бойы ақыл-ой іс-әрекетін тиімді ұйымдастырудың дағдылары
мен икемдері қалыптасады, таңдаған мамандыққа деген бейімділік сезінеді,
36
еңбек, демалыс және тұрмыстың тиімді тәртібі орнығады, тұлғаның кәсіби
маңызды қасиеттері бойынша ӛздігінен білім алу және ӛзін-ӛзі тәрбиелеу
жұмысының жүйесі орнатылады.
Б.Г. Ананьев адамның жетілу ӛлшемдерін анықтауға тырысқан. Адамның
жеке тұлға ретінде соматикалық және жыныстық жетілуі биологиялық
ӛлшемдер бойынша анықталады. Алайда егер барлық жануарларда физикалық
жетілу оның бар ағзасының – яғни тіршілік әрекеті мен мінез-құлық
механизмдерінің ғалами жетілуі болып саналса, онда адамда жүйке-психикалық
даму физикалық жетілу мен кемелденудің шеңберіне толығымен жатпайды.
Ананьев ақыл-ой, азаматтық, еңбек жолындағы жетілуді анықтайды. Адамның
жеке индивид ретінде кемелдене бастауы («физикалық» жетілу), тұлға ретінде
(«азаматтық»), таным субъектісі ретінде («ақыл-ой» жетілуі)
және еңбек
субъектісі ретінде («еңбекке қабілеттілік») уақытқа сәйкес келмейді және
кемелденудің мұндай гетерохрондығы барлық формацияларда сақталады.
Адамның жеке дамуындағы түрлі формаларының (онтогенетикалық, тұлғалық –
ӛмір баяндық, субъектілі-практикалық) гетерохрондығы, осы дамудың ішкі
қарама-қайшылықтарының кӛрсеткіші болып табылады.
Б.С. Братустің ойынша, тұлғаның жетілу ӛлшемдерінің бірі болып, мінсіз
және нақты мақсаттар қою ӛнері немесе тұлғамен еркін тұлғалық таңдаудың
жасалуы саналады [167].
Кӛпжылдық үйреншікті жұмыс таптаурынының ауысуы, ортаның жаңа
жағдайларына бейімделу қажеттілігі кейде студенттерді жүйке қозулары мен
күйзелісті реакцияларға әкеледі. Осы себептер бойынша бұрынғы
таптаурындардың ӛзгеруімен байланысты бейімделу
кезеңі алғашқы кезде
үлгерімнің тӛмендігін және қарым-қатынастағы қиындықтарды түсіндіре
алады. Кейбір студенттерде жаңа таптаурынның қалыптасуы секірмелі түрде
жүреді, басқаларында – бірқалыпты. Әлбетте, мұндай қайта құрылулардың
ерекшеліктері жоғары жүйке жүйесі типінің сипаттамаларымен байланысты,
алайда әлеуметтік факторлар мұнда шешуші рӛл атқарады. Студенттің жаңа іс-
әрекет түрлеріне және қарым-қатынастың жаңа ортасына ену жүйесінің
құрылуы негізінде оның жеке ерекшеліктерін білгендік, оқытушыға студенттің
кері бейімделу кезеңінен аулақ болып, бейімделу үрдісін бірқалыпты және
психологиялық тұрғыда жайлы қылуында кӛмектесуге мүмкіндік береді [168].
Л.С. Выготский атап кӛрсеткендей, жасерекшелік дамудың әрбір кезеңіне
психологиялық жаңалықтар тән: бір жас шамасы сатысынан басқасына ӛткен
кезде жастың барлық құрылымы ӛзгереді және әрбір жас шамасы ерекше, ол
үшін дара және қайталанбас құрылымға ие болып келеді. Тұлға ӛзінің
дамуында кезеңдік табиғаты бар бірқатар ӛзгерістерден ӛтеді. Дамудың азды
кӛпті тұрақты үрдістері жаңа әлеуетті жинақтаудың, бір әлеуметтік
Достарыңызбен бөлісу: