Нормативные правовые акты, регулирующие судебно-экспертную деятельность в республике казахстан



бет12/42
Дата14.06.2016
өлшемі2.86 Mb.
#135994
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42

10 бап. Этикалық кикілжіңдерді шешу

10.1. Егер ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттің әділет министрлігі сот-сараптамасы мекемесінің сарапшысы кикілжің жағдайдан құтыла алмаса, онда ол заңнамаға қатаң сәйкестікте оны дұрыс шеше алуы тиіс.

10.2. Кикілжің жағдай туындаған кезде:

тез арада кикілжің мәселесін тікелей бастығымен талқылап, ол туралы жұмыс берушіге баяндауы;

егер жұмыс беруші мәселені шеше алмайтын болса немесе өзі де оған тікелей тартылған болса, онда сарапшы жоғары деңгейдегі басшыға немесе құқық қорғау органдарына, ал еңбек дауларын шешу кезінде – еңбек даулары жөніндегі тиісті комиссияға және сотқа жүгінуі;

ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттің әділет министрлігі сот-сараптамасы мекемесінің басшысы заңнаманы бұзушылықты жою бойынша және болуы мүмкін, соның ішінде этикалық кикілжіңдерді дұрыс шешуге бағытталған қажетті шараларды қабылдауы қажет.


11 бап. Қорытынды қағидалар

11.1. ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттердің әділет министрліктері сот-сараптамасы мекемелерінің сарапшыларының осы Кодекстің нормаларын сақтауы мемлекеттік сот-сараптамасы мекемелері сарапшыларының жеке және кәсіби-іскерлік қасиетін жан-жақты әрі әділ бағалаудың маңызды элементі болып табылады.

11.2. Осы Кодекс қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СОТ САРАПТАМАСЫ

ЗЕРТТЕУЛЕРІ ӘДІСТЕМЕЛЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІН ЖҮРГІЗУ ЕРЕЖЕСІ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 маусымдағы № 515 қаулысы


1. Жалпы ережелер

1. Осы Қазақстан Республикасының сот сараптамасы зерттеулері әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесі «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 43-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының сот сараптамасы зерттеулері әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін (бұдан әрі - Мемлекеттік тізілім) қалыптастырудың және пайдаланудың мақсатын, тәртібін белгілейді.

2. Мемлекеттік тізілім Заң талаптарына жауап беретін сот сараптамасы зерттеулерінің әдістемелері (бұдан әрі - әдістемелер) туралы мәліметтерді қамтиды.

3. Мемлекеттік тізілім қылмыстық процесті жүргізуші органдарды, соттарды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан органдарды (лауазымды адамдарды), процеске өзге қатысушыларды, сондай-ақ сот сарапшыларын әдістемелер туралы мәліметтермен қамтамасыз ету мақсатында қалыптастырылады.


2. Мемлекеттік тізілімді қалыптастыру тәртібі

4. Мемлекеттік тізілімді жүргізуді «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Орталық) жүзеге асырады.

5. Мемлекеттік тізілімді жүргізуді ақпараттық қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органының сот сараптамасы органдары (бұдан әрі - coт сараптамасы органдары) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленген, байқаудан өткен және енгізілген әдістемелер туралы мәліметтерді ұсына отырып жүзеге асырады.

6. Мемлекеттік тізілімге енгізілуге тиіс әдістемелер туралы мәліметтерді сот сараптамасы органдары Орталыққа мемлекеттік және орыс тілдерінде, көрсетілген органдардың мөрімен расталған баспа және электронды түрде бір данада сот сараптамасы органдары әдістемелерді бекіту туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жолдайды.

7. Мемлекеттік тізілімге енгізілуге тиіс мәліметтер Орталыққа келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде оған енгізіледі.

8. Мемлекеттік тізілім осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды жеткізгіштерде жүргізіледі.

9. Мемлекеттік тізілімнің қағаз нұсқасы тігіледі, нөмірленеді, оған жауапты тұлғаның қолы қойылады, Орталықтың мөрімен бекітіледі.Беттердің нөмірлері толассыз болып табылады. Қарындашпен жазуға, шимайлауға, өшіруге, түзету енгізуге, парақтарын алуға жол берілмейді.

10. Мемлекеттік тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда сот сараптамасы органдары тиісті ақпаратты Орталыққа мемлекеттік және орыс тілдерінде, көрсетілген органдардың мөрімен расталған баспа және электронды түрде бір данада сот сараптамасы органдары бекітілген әдістемелердің тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жолдайды.

Мемлекеттік тізілімге өзгерістер мен толықтыруларды Орталық осы тармақта көрсетілген ақпарат келіп түскен сәттен бастан бес жұмыс күні ішінде енгізеді.

11. Мемлекеттік тізілімнің электронды нұсқасы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурстарында орналастырылады.


3. Мемлекеттік тізілімді пайдалану тәртібі

12. Сот сарапшылары сот сараптамасын жүргізу кезінде Мемлекеттік тізілімде енгізілген әдістемелер туралы мәліметтерді пайдаланады.

13. Қылмыстық процесті жүргізуші орган, сот, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан орган (лауазымды адам), процеске өзге қатысушы, сондай-ақ сот сарапшысы Орталықтың мекенжайына әдістемелер туралы мәліметтерді ұсыну туралы сұрауды жазбаша түрде рәсімдейді.

14. Орталық жазбаша түрде сұрау келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Мемлекеттік тізілімнен басшының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және Орталықтың мөрімен куәландырылған үзіндіні ұсынады.

15. Аталған үзінді қылмыстық процесті жүргізуші органның, соттың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан органның (лауазымды адамның), процеске өзге қатысушының, сондай-ақ сұрауды ресімдеген сот сарапшысының мекенжайына жіберіледі.
Қазақстан Республикасының сот сараптамасы зерттеулеріәдістемелерінің мемлекеттік тізілімінің нысаны


Р/с



Әдістеменің шифры

Әдістеменің атауы

Әдістеменің әзірленген жылы

Әдістеменің бекітілген күні

Әдістеменің авторы (жасаушы)

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СОТ САРАПШЫЛАРЫНЫҢ

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІН ЖҮРГІЗУ

ЕРЕЖЕСІ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 маусымдағы № 514 қаулысы


1. Жалпы ережелер

1. Осы Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесі «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 17-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасындағы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін (бұдан әрі - Мемлекеттік тізілім) қалыптастырудың және пайдаланудың мақсатын, тәртібін белгілейді.

2. Мемлекеттік тізілім сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын сот сарапшылары туралы, сондай-ақ сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензиялары бар адамдар (бұдан әрі - сот сарапшылары) туралы мәліметтерді қамтиды.

3. Мемлекеттік тізілім қылмыстық процесті жүргізуші органдарды, соттарды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан органдарды (лауазымды адамдарды) сот сарапшылары туралы мәліметтермен қамтамасыз ету мақсатында қалыптастырылады.


2. Мемлекеттік тізілімді қалыптастыру тәртібі

4. Мемлекеттік тізілімді жүргізуді «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Орталық) жүзеге асырады.

5. Мемлекеттік тізілімді жүргізуді ақпараттық қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органының сот сараптамасы органдары (бұдан әрі - сот сараптамасы органдары) және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) сот сарапшылары туралы мәліметтерді ұсына отырып жүзеге асырады.

6. Мемлекеттік тізілімге енгізілуге тиіс сот сарапшылары туралы мәліметтер сот сараптамасы органдары немесе Комиссия Орталыққа мемлекеттік және орыс тілдерінде, көрсетілген органдардың мөрімен расталған баспа және электронды түрде бір данада сот сараптамасы органдары сот сарапшысы біліктілігін беру туралы шешім қабылдағаннан кейін не Комиссия сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияны бергеннен кейін бес жұмыс күні ішінде жолдайды.

7. Мемлекеттік тізілімге енгізілуге тиіс мәліметтер Орталыққа келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде оған енгізіледі.

8. Мемлекеттік тізілім осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды жеткізгіштерде жүргізіледі.

9. Мемлекеттік тізілімнің қағаз нұсқасы тігіледі, нөмірленеді, оған жауапты тұлғаның колы қойылады, Орталықтың мөрімен бекітіледі. Тізілім кітабы беттерінің нөмірлері толассыз болып табылады. Тізілім кітабында қарындашпен жазуға, шимайлауға, өшіруге, түзету енгізуге, парақтарын алуға жол берілмейді.

10. Мемлекеттік тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу кажет болған жағдайда сот сараптамасы органдары және Комиссия тиісті ақпаратты Орталыққа мемлекеттік және орыс тілдерінде, көрсетілген органдардың мөрімен расталған баспа және электронды түрде бір данада сот сараптамасы органдары не Комиссия өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жолдайды. Мемлекеттік тізілімге өзгерістер мен толықтыруларды Орталық осы тармақта көрсетілген ақпарат келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізеді.

11. Мемлекеттік тізілімнің электронды нұсқасы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурстарында орналастырылады.


3. Мемлекеттік тізілімді пайдалану тәртібі

12. Қылмыстық процесті жүргізуші орган, сот, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан орган (лауазымды адам), процеске өзге қатысушылар Мемлекеттік тізілімге енгізілген сот сарапшылары туралы мәліметтерді пайдаланады.

13. Қажет болған жағдайда қылмыстық процесті жүргізуші орган, сот, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан орган (лауазымды адам), процеске өзге қатысушылар Орталықтың мекенжайына сот сарапшылары туралы мәліметтерді ұсыну туралы сұрауды жазбаша түрде рәсімдейді.

14. Орталық жазбаша түрде сұрау келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік тізілімнен басшының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және Орталықтың мөрімен куәландырылған үзіндіні ұсынады.

15. Аталған үзінді қылмыстық процесті жүргізуші органның, соттың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан органның (лауазымды адамның), сұрауды ресімдеген процеске өзге қатысушылардың мекенжайына жіберіледі.
Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттіктізілімінің нысаны


Р/с


Тегі, аты, әкесінің аты

Білімі, ғылыми дәрежесінің, атағының болуы

Сарапшылық мамандық (мамандықтар), сот сараптамасының жеке түрін жүргізу құқығына біліктілік куәлігінің нөмірі мен берілген күні, оны берген мемлекеттік органның атауы

Аттестаттаудан өткен күні

Сот сараптамасы органдары қызметкерлерінің жұмыс орны және атқаратын қызметі/ сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын адамның сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензиясының нөмірі мен берілген күні

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7


СОТ САРАПТАМАСЫНЫҢ КЕЙБIР МӘСЕЛЕЛЕРI

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 қараша N 1414 қаулысы


Сот сараптамасы өндiрiсi жүзеге асырылатын арнайы жарақтандырылған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптар

____________________________________________________________________________

р/с! Сот сараптамасының түрлерi ! Сот сараптамасы өндiрiсi жүзеге

асырылатын арнайы жарақтандырылған үй-жайлар үшiн қажеттi жабдықтардың атауы

__________________________________________________________________

1.Құжаттардың сот сараптамасы 1. 1. "VSС-2000" немесе "ЕD-1100" үлгiлi

бейнеспектрлiк компьютер (УК және ИК сәуле шығару көзiмен)



  1. Теледидарлық спектрлiк люминесцентті

микроскоп (үлкейтуi 140-қа дейiн, көрiну спектрi кең диапазонда зерттеу, ИК және УК салаларында)

3. Шыны жарық сүзгіштер жинағы

4. "Avtoshop" және ИПС "Паспорт"бағдарламалық қамтамасыз ету

5. Микрометрлер

6. Спектрлiк бейнелупасы

7. ПОН-2 оптикалық қабаттастыру аспабы

8. Шағын шприцтер

9. Хроматографқа арналған пиролиттiк тiреуiш

10. Секунд өлшеуiштер

11. Валюта тестерлерi

12. Дербес компьютер
2. оттық портреттiк сараптама 1. "Avtoshop" бағдарламалық қамтамасыз ету

2. Дербес компьютер


3. Соттық бейнефонографиялық 1. Бейнефонографиялық сараптамаларды

сараптама жүргізу жөнiндегi жұмыс станциясы,

жинақта:

-"Реntiuм", ОЗУ, 64 МБ сыныпты компьютер;

- STC P 118.1 16-разрядты кәсiби дыбыстық электронды тақша,

жинаққа алып шығу пультi (АЦП)

және арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету де кiредi

2. Екi кассеталы магнитофон,

күшейткiштермен, бағандармен жинақта

3. Стандартты компакт-кассеталарға арналған диктофон

4. Стандартты шағын кассеталарға арналған диктофон

5. Бейнемагнитофон

6. Тыңдағыштар

7. Зарядтау құрылғысы

8. Дербес компьютер
4. Сот фототехникалық сараптама1 Фототехникалық сараптама

сарапшысының жұмыс орны:

- Түрлi түстi теледидар, 53диагональдi;

- Стопкадрлi бейнемагнитофон;

- "САSIО" цифрлы фотоаппараты;

- Тыңдағыштар;

- 4 батареялы саусақша аккумуляторлық батареяларға

арналған зарядтық құрылғы;

- Қоректiк аккумуляторлық батареялар;

- Дербес компьютер


5. Сот трасологиялық сараптама 1. Салыстырмалы МСК-1 микроскобы

2. БМИ-1Ц микроскобы

3. МБС микроскобы

4. Жарықтандырғыш

5. Суық қару адырнаның тартылу күшiн

анықтауға арналған қабырға

6. ИК-жарық беру шамы

7. "Клинок" құрылғысы

8. Дактилоскопиялық қобдиша

9. Динамометр

10. 2,5-тен 7-ге дейiнгі үлкейткiш лупалар

11. Тiреуiшi және қосалқы жарықтандырғышы бар тұрақты лупа

12. Әртүрлi мөлшердегi дактилоскопиялық жаққыш

13. Магниттi дактилоскопиялық жаққыш

14. Муфельдi пеш

15. Кептiргіш шкаф

16. Зертханалық тоңазытқыш

17. 100 кг. дейiнгі техникалық таразылар, дәлдiгi 1 г.

18. Зертханалық, электрлiк, қыш тақташалар

19. Микрометрлер

20. Дербес компьютер
6. Сот баллистикалық сараптама 1. Салыстырмалы МСК-1 микроскобы

2. БМИ-1Ц микроскобы

3. МБС микроскобы

4. Оққаққыш

5. Оқтың жылдамдығын анықтауға арналған аспап

6. Экспериментальдi атуға арналған қондырғы

7. Жарықтандырғыш

8. УК-жарықтандырғышы (лямбда-254 және 360 нм)

9. ИК-жарық беру шамы

10. Тир прожекторы

11. Кiшi көлемдi прожектор (галогендi шам)

12. Арнайы нысан

13. Динамометр

14. 2,5-тен 7-ге дейiнгі үлкейткiш лупалар

15. РФ-4 үлгiлi фотографиялық жайылма

16. Дербес компьютер


7. Материалдар мен бұйымдардың 1. Екi детекторлы сұйықтық

сот сараптамасы хроматографы:

1. Diod Аrrоу

Dеtесtоr; 2. Mass Selective Detector

2. Микродифрактометр

3. Рентгендiфлуоресценттiк спектрометрi

4. Микроскпектрофотометр

5. Olympus АХ-70 полярлау микроскобы

6. ҒХ-5 iздестіру аспабы

7. ИК-"Аvаtаr-320" спектрометрi

8. УК-дағы және көрiну аумағындағы спектрофотометр

9. Газ генераторлы (сутегі, азот, ауа) жалынды-иондалған детекторы бар газды хроматограф

10. МС детекторлы газды хроматограф

11. Биологиялық микроскоптар

12. МБС үлгілi оптикалық стереомикроскоптар

13. Бензиннiң сапасына бақылау жасайтын талдауыш

14. Мұнай өнiмдерiн фракциялауға арналған қондырғы

15. Рефрактометрлер

16. Балқу температурасын анықтайтын

аспаптар (Кофлер үстелi үлгісiнде)

17. АОН-1 ареометрлер жинағы

(сұйықтықтардың тығыздығын анықтау үшін)

18. Ареометрлер жинағы (ҚСБ күштiлiгiн

анықтау үшiн)

19. Муфельдi пеш

20. Дозиметр-радиометр

21. Гамма сәуле шығару дозиметрi

22. Кептiргiш шкаф

23. Дистилляторлар

24. Вакуумды кептiргiш қорабы

25. Вакуумды сорғы

26. Ультрадыбысты монша

27. Ұсатқыш

28. Су моншасы

29. 200 г. дейiнгі электрондық

таразылар, принтерi бар, дәлдiгi 0,0001 г.

30. 100 кг. дейiнгi техникалық таразылар, дәлдiгі 1 г.

31. Зертханалық, электрлiк, қыш тақташалар

32. Хроматограммаларды кептiруге арналған фен

33. Хроматографияға арналған камералар

34. ТР-5014-01 қаттылық өлшеуiшi

35. Микрометрлер

36. Секундөлшеуiш

37. Шағын шприц

38. Монеталардың, құнды металдардың

электрохимиялық детекторы

39. УК-жарықтандырғышы (лямбда-254 және 360 нм)

40. Дербес компьютер


8. Жол-көлiк оқиғалары және көлiк 1. Жол айырғы коэффициентiн өлшейтiн аспап құралдарының сот сараптамасы 2. Жол-көлiк оқиғалары болған жерге апаруға

арналған қобдиша

3. Ықшам десселерограф

4. Дербес компьютер


9. Соттық экономикалық 1. Бағдарламамен қамтамасыз етiлген дербес

сараптама компьютер


10. Соттық тауартану сараптамасы 1. Монеталардың, құнды металдардың

электрохимиялық детекторы

2. Гауhартастарды тексеру аспабы

3. МБС үлгiлi микроскобы

4. ТР-5014-01 қаттылық өлшеуiшi

5. Стандартты мүсiнше

6. 200 г. дейiнгi электрондық таразылар, дәлдігі 0,001г.

7. 200 г. дейiнгi электрондық таразылар,

принтерi бар, дәлдiгі 0,0001 г.

8. 10 кг. дейiнгі техникалық таразылар,дәлдiгi 0,1 г.

9. 100 кг. дейiнгi техникалық таразылар, дәлдiгi 1 г.

10. Дербес компьютер


11. Соттық құрылыс сараптамасы 1. Бағдарламамен қамтамасыз етiлген

дербес компьютер


12. Соттық технологиялық 1. "Реntiuм" ОЗУ, 64 МБ сыныпты

сараптама компьютерлері, СD-RОМ жинақта


13. Соттық өрт-техникалық 1. Газ сұйықтық хроматографы

сараптамасы 2. Хроматографияға арналған камералар

3. УК-жарықтандырғышы (лямбда-254 және 360 нм)

4. "Тестер" үлгiлi электрөлшеуіш аспабы

5. 200 г. дейiнгі электрондық

таразылар, дәлдiгi 0,0001 г.

6. Зертханалық, электрлiк, қыш тақташалар

7. Хроматограммаларды кептiруге арналған фен

8. Микрометрлер

9. Шағын шприц

10. Өрт орындарына алып шығуға арналған қобдиша

11. Зертханалық тоңазытқыш

12. Дербес компьютер
14. Соттық жарылыс техникалық 1. 200 гр. дейiнгі жарылғыш камера

сараптамасы немесе жарылғыш цилиндр

2. ВВ (ықшам бу детекторы) МО-1 газталдауышы

3. АКА-720 г. жалпы қолданыстағы ықшам металл детекторы

4. Жарылыс құрылғыларына сәуле түсiруге арналған рентген аппараты

5. "Экспрей" жедел-тестi

6. Ұсатқыш

7. Дербес компьютер


15. Есiрткiнiң, психотроптық 1. Екi детекторлы сұйықтық

заттардың және прекурсорлардың храмотографы: 1. Diod Arroy

сот сараптамасы Dеtесtоr; Mass Selective Detector

2. Микродифрактометр

3. Микроспектрофотометр

4. OlympusАХ-70 полярлаумикроскобы

5. ИК-"Аvаtаr-320" спектрометрi

6. УК-дағыжәнекөрiну аумағындағы спектрофотометр

7. Газ генераторлы (сутегi, азот, ауа) жалынды-иондалған детекторы бар газды хроматограф

8. МС детекторлы газды хроматограф

9. Роторлы буландырғыш

10. Рефрактометрлер

11. Балқу температурасын анықтайтын аспаптар

(Кофлер үстелi үлгiсiнде)

12. Кептiргiш шкаф

13. Вакуумды кептiргiш қорап

14. Дистилляторлар

15. Зертханалық орталық фуга

16. Вакуумды сорғы

17. Суағар сорғылар

18. Араластырғыш (шейкер)

19. Ұсатқыш

20. Ультрадыбысты монша

21. Су моншасы

22. Зертханалық, электрлiк, қыш тақташалар

23. Хроматограммаларды кептiруге арналған фен

24. Хроматографияға арналған камералар

25. Микрометрлер

26. Секундөлшеуiш

27. Шағын шприц

28. УК-жарықтандырғышы (лямбда-254 және 360 нм)

29. Зертханалық тоңазытқыш

30. 200 г. дейiнгі электрондық таразылар, принтерi бар,дәлдiгi 0,0001 г.

31. 10 кг. дейiнгі техникалық таразылар, дәлдiгi 0,1 г.

32. 100 кг. дейiнгі техникалық таразылар, дәлдігі 1 г.

33. Дербес компьютер


16. Сот биологиялық сараптама 1. Биологиялық микроскоптар

16.1. Соттық-сараптамалық 2. МБСүлгiлiоптикалықстереомикроскоптар

биологиялық зерттеу 3. Микрометрлер

4. Рефрактометр

5. Микротомдар жинақтығы

6. Зертханалық орталық фуга

7. Муфельдi пеш

8. 200 г. дейiнгі электрондық таразылар, дәлдiгі 0,0001г.

9. 10 кг. дейiнгі техникалық таразылар, дәлдiгi 0,1 г.

10. Кептiргіш шкаф

11. Дистилляторлар

12. Зертханалық тоңазытқыш

13. Ұсатқыш

14. Су моншасы

15. Зертханалық, электрлiк, қыш тақташалар

16. Дербес компьютер


16.2. Сот молекулярлық- 1. Электрфорезге арналған камералар:

генетикалық зерттеу көлбеу 6,5 х 10 см

11,8 х 17 см

тiгiнен


10 х 8 см

20 х 20см

2. Трансиллюминатор

3. Компьютерлiк гель-құжаттау жүйесi

4. Ауа сорғыш шкаф

5. Абсорбцион үлгiлi ауа сорғыш шкаф

6. Автоматты түтiкшелер:

05 - 10 мкл

5 - 40 мкл

40 - 200 мкл

200 - 1000 мкл

7. Су моншасы

8. Майда толқынды пеш

9. Вортекс

10. Дистиллятор

11. ДНК - амплификатор

12. РН-метр

13. Бактерицидтiк шам

14. Магниттi араластырғыш

15. GRАNТ ультрадыбыстық жуғыш

16. ПЦР-ға арналған жабық камера

17. Суды жоғары тазалау жүйесi

18. 24 х 1,5 түтiктерге арналған термостат

19. 13 000 айналыс/мин 12 х 1,5 мл.

дейiнгi шағын объектiлерге арналған орталық фуга

20. Кондиционерлер

21. Ыстық бу шкафы

22. Мұздатқыш (-20 градус)

23. Дербес компьютер
17. Адам психикасының 1. Психологиялық-криминалистiк

және психофизиологиялық сот сарапшысының жұмыс орны:

процестерiнiң сараптамасы- Дербес компьютер;

сот сараптамасы

- Түрлi-түстi теледидар, 53диагональдi;

- Бейнемагнитофон;

- Тыңдағыштар

2. Психологиялық-филологиялық

сараптама сарапшысының жұмыс орны:

- Компьютер монитор, пернетақта,

жортпаш, принтер жинағымен

- Стандартты аудиокассеталарға

арналған диктофон
Фотозертхана 1."Зенит" үлгiлi фотоаппараты

2. Цифрлы фотоаппарат

3. Жоғары қабілеттi цифрлы фотоаппарат

4. Фото жарықетпе

5. МРК, "Уларус" репродукциялық қондырғысы

6. С64 репродукциялық ықшам қондырғысы

7. "Беларусь" үлгiлi фотоүлкейткiшi

8. АПСО-7 үлгiлi электржалтыратқышы

9. Электржалтыратқыш

10. Оқшау қондырғылы "Реntiuм" үлгiлi компьютер

11. Кiшi көлемдi көшiру-көбейту аппараты



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет