Нормативные правовые акты, регулирующие судебно-экспертную деятельность в республике казахстан


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ



бет14/42
Дата14.06.2016
өлшемі2.86 Mb.
#135994
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ

АТТЕСТАТТАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ СОТ САРАПШЫСЫНЫҢ АТТЕСТАТТАУЫН ЖҮРГІЗУ

ЕРЕЖЕСІ

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 16 наурыздағы № 114 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 18 наурызда № 6836 тіркелді


1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы әділет министрлігінің аттестаттау комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) сот сарапшыларының аттестаттауын жүргізу тәртібін айқындайды.

2. Сот сараптамасы органдарының қызметкерлерi болып табылатын сот сарапшылары, сондай-ақ сот-сараптама қызметiмен айналысуға арналған лицензия негiзiнде сот-сараптама қызметiн жүзеге асыратын адамдар олардың кәсiптiк даярлығының деңгейiн анықтау мақсатында бес жылда бiр рет Комиссия жүргiзетiн аттестаттаудан өтедi.

3. Аттестаттауға жататын сот сарапшыларының тізімі Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітіледі. Аттестаттаудан өту кестесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органының басшысы бекітеді.

4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органының қызметкері болып табылатын сот сарапшысы аттестаттаудан өту үшін, Комиссияға келесі құжаттарды ұсынады:

1) кәсіптік даярлығының деңгейін, іскерлік және адамгершілік сипатын көрсететін, сот сарапшысына Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы органының басшысының немесе аймақтық бөлімінің бастығы берген мінездеме;

2) жоғары білімі туралы дипломның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы органының кадрлық қамтамасыз ету қызметімен куәландырылған көшірмесі (ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы болған жағдайда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы органының кадрлық қамтамасыз ету қызметімен куәландырылған көшірмелері);

3) сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізуге құқық беретін біліктілік куәлігінің (оған қосымшалардың) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы органының кадрлық қамтамасыз ету қызметімен куәландырылған көшірмесі;

4) соңғы бес жыл ішіндегі сарапшы қорытындыларына рецензиялар;

5) соңғы бес жыл ішіндегі көтермелеулер мен тәртіптік жазалаулар (олар болған жағдайда) туралы бұйрықтардың көшірмелері.

5. Сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын сот сарапшылары комиссияға:

1) өмірбаянын;

2) жоғары білімі туралы дипломның (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариат куәландырылған) көшірмесін (ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы болған жағдайда дипломдардың көшірмесін);

3) сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізуге құқық беретін біліктілік куәлігінің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариат куәландырылған) көшірмесін (оған қосымшалардың);

4) сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияның (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариат куәландырылған) көшірмесін ұсынады.

5) соңғы бес жыл ішіндегі сарапшы қорытындыларына рецензиялар.

6. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органы аттестатталушы сот сарапшыларын аттестаттаудан өткізу мерзімдері туралы оның өткізілуінің басталуына дейін 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей хабардар етеді.

7. Аттестаттауға жататын сот сарапшылары аттестаттау материалдарын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органы басшысы бекіткен тізімге сәйкес Комиссияға, оның отырысы басталғанға дейін 10 күнтізбелік күнінен кешіктірмей жолдайды.



2. Аттестаттауды жүргізу тәртібі

8. Аттестаттау, сот сарапшысының таңдауымен мемлекеттік немесе орыс тілінде жүргізіліп, 2 кезеңнен тұрады:

1) қылмыстық іс жүргізушілік, азаматтық іс жүргізушілік құқықтары, криминалистика, әкімшілік құқық, Заң бойынша сұрақтар кіретін компьютерлік тестілеу;

2) белгілі бір сарапшылық мамандық бойынша біліміне тексеру жүргізілетін әңгімелесу.

9. Тестілеуден өту кезінде аттестаттауға жататын сот сарапшысының көмекші құжаттарды (анықтамалық, арнайы әдебиеттерді), сондай-ақ аудиожазбалар мен байланыс құралдарын пайдалануына жол берілмейді.

10. Тестілеуден өтуінің шекті мәні болып ұсынылған тестілік сұрақтардың 70% дұрыс жауаптар құрайды.

11. Егер тестілеудің нәтижесі тестілеуден өтудің шекті мәнінен кем болса, сот сарапшысы аттестаттаудың келесі кезеңіне жіберілмейді.

12. Әңгімелесу белгілі бір сарапшылық мамандық бойынша жүргізіледі.

13. Аттестаттау комиссиясы ұсынылған құжаттарды және тестілеудің нәтижесін зерделеп әңгімелесу өткізеді, одан кейін келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:

1) аттестатталды;

2) аттестатталмады.

14. Алғашқы аттестаттауда аттестатталмаған сот сарапшысы бір рет қана қайта аттестатталуға жатады.

15. Қайта аттестаттау осы Ереженің 8-тармағымен белгіленген тәртіппен алғашқы аттестаттау өткен күннен бастап үш ай өткен соң өткізіледі. Қайта аттестаттау кезінде алғашқы аттестаттаудың тестілеуінен өту кезінде шекті мәннен артық баға алған сот сарапшысы қайта тестілеуден өтпей-ақ әңгімелесуге жіберіледі.

Аттестаттау комиссиясы, сот сарапшысы қайта аттестаттаудан өткен кезде, келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:

1) аттестатталды;

2) аттестатталмады.

16. Аттестаттаудың нәтижесі, Осы Ереженің № 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша хаттамада көрсетіледі.

17. Комиссия шешімі, осы Ереженің № 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Комиссия Қорытындысы түрінде 2 данада толтырылады.

18. Комиссия Қорытындысы сот сарапшысына Комиссия отырысы өткен күннен бастап бір ай ішінде, бес жыл мерзімге беріледі.

19. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аттестаттау комиссиясының сот сарапшысын аттестаттауды өткізу кезінде туындайтын даулар, сот тәртібімен қаралады.



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДIЛЕТ МИНИСТРЛIГIНIҢ АТТЕСТАТТАУ КОМИССИЯСЫ ҚЫЗМЕТIНIҢ

ЕРЕЖЕСI

Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрлiгiнiң 2010 жылғы 20 сәуiрдегi № 126 бұйрығы (бұйрыққа 2012 жылғы 29 маусымдағы өзгертулер енгізілумен)


1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасындағы сот сараптама қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аттестаттау комиссиясы қызметiнiң бiрыңғай тәртiбiн белгiлейдi.

2. Комиссияның құрамы тақ саннан тұрады (кемiнде 5 адам) және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi сот сараптамасы органы басшысының ұсынысы бойынша мiндеттердi бөле отырып үш жыл мерзiмге Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi. Өзгерiстер оның уәкiлеттiлiгi мерзiмi кезiнде Комиссияның құрамына сол тәртiпке сәйкес енгiзiледi.

3. Комиссия құрамына:

1) Комиссия төрағасы - Қазақстан Республикасының Әділет министрi;

2) Комиссия төрағасының орынбасары - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң сот сараптамасы органының басшысы;

3) Комиссия мүшелерi - мәртебесi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Iшкi әкiмшiлiк департаментi директорының орынбасарынан төмен емес Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Iшкi әкiмшiлiк департаментiнiң қызметкерлерi, мәртебесi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi және құқықтық көмек көрсету комитетiнiң басқарма бастығынан төмен емес Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi және құқықтық көмек көрсету комитетiнiң қызметкерлерi, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң сот сараптамасы органы басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң сот сараптамасы органының кадрлық қамтамасыз ету қызметiнiң басшысы, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң сот сараптамасы органының ғылыми дәрежесi бар қызметкерлерi, ғылыми және сарапшылық жұмыс тәжiрибесi бар сот сарапшылары;

4) хатшы - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi сот сараптамасы органының кадрлық қамтамасыз ету қызметiнiң қызметкерi кiредi.

4. Комиссия төрағасы (болмаған жағдайда - төрағаның орынбасары) Комиссияның жұмысын жоспарлайды, отырысын шақырады және оған басшылық етедi.

5. Комиссияның хатшысы отырысты жүргiзу үшiн материалдарды дайындауды жүзеге асырады және оларды Комиссияға ұсынады, iс жүргiзушiлiктi жүргiзедi.

6. Аттестаттау нәтижелерi отырысты жүргiзу тәртiбiн көрсететiн Комиссия отырысының хаттамасымен рәсiмделедi.

7. Комиссияның шешiмi Комиссия Қорытындысы түрiнде екi данада рәсiмделедi.

8. Егер отырыста Комиссия мүшелерiнiң үштен екi бөлiгiнен кем емесi қатысса, оның шешiмi заңды деп саналады.

9. Комиссия шешiмi Комиссия мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде төраға дауысы шешушi болып табылады.

10. Отырыстың хаттамасына, Комиссия Қорытындысына Комиссия төрағасының, мүшелерiнiң, хатшының қолдары қойылады және олар сот сарапшысының аттестаттау iсiне тiгiледi. Комиссия Қорытындысы аттестатталған (аттестатталмаған) адамға Комиссия отырысы өткен күннен бастап бiр ай iшiнде бес жыл мерзiмге берiледi.

11. Қабылданған шешiммен келiспеудi Комиссия мүшелерi ерекше пiкiрмен жазбаша түрде баяндайды.

12.Комиссия аттестаттау туралы терiс шешiм қабылдаған жағдайда Комиссия отырысының хаттамасында терiс шешiм қабылдаудың дәлелдерi көрсетiлуi қажет.

13. Аттестаттау iсi тұрақты сақталатын құжаттардың санатына жатады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ

СОТ САРАПТАМАСЫ ОРТАЛЫҒЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН

СОТ САРАПТАМАЛАРЫ ТҮРЛЕРІНІҢ

ТІЗБЕСІ

Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2013 жылғы 22тамыздағы N 281 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 27тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 8656 болып енгізілді






Сараптама түрі

Сарапшылық мамандық

Мамандық шифрі

1.

Құжаттардың сот сараптамасы

Жазу мен қолтаңбаны сот-сараптамалық зерттеу

1.1

Құжаттарды сот-техникалық зерттеу

1.2

Сот автортану зерттеуі

1.3

2.

Сот портреттік сараптама

Сот-сараптамалық габитологиялық зерттеу

2.1

3.

Сот бейнефонографиялық сараптама

Сот-сараптамалық бейнефонографиялық зерттеу

3.1

4.

Сот фототехникалық сараптама

Сот-сараптамалық фототехникалық зерттеу

4.1

5.

Сот трасологиялық сараптама

Сот-сараптамалық трасологиялық зерттеу

5.1

6.

Сот баллистикалық сараптама

Сот-сараптамалық баллистикалық зерттеу

6.1

7.

Заттар мен материалдардың сот сараптамасы

Лактыбояу материалдарын, жабындар мен полимер материалдарын сот-сараптамалық зерттеу

7.1

Мұнай өнімдері мен жанар-жағармай материалдарын сот-сараптамалық зерттеу

7.2

Металдар мен қорытпаларды сот-сараптамалық зерттеу

7.3

Топырақты сот-сараптамалық зерттеу

7.4

Талшықтық материалдар мен олардан жасалған бұйымдарды сот-сараптамалық зерттеу

7.5

Спирт құрамды сұйықтықтарды сот-сараптамалық зерттеу

7.6

Арнайы химиялық заттарды сот-сараптамалық зерттеу

7.7

8.

Жол-көлік оқиғасы жағдайлары мен көлік құралдарының сот сараптамасы

Жол-көлік оқиғасы жағдайларын сот-сараптамалық зерттеу

8.1

Сот-сараптамалық көлік-трасологиялық зерттеу

8.2

Көлік құралдарын сот-сараптамалық зерттеу

8.3

9.

Сот экономикалық сараптамасы

Шаруашылық операцияларын сот-сараптамалық зерттеу

9.1

Сот-сараптамалық бухгалтерлік зерттеу

9.2

Сот-сараптамалық қаржы-несиелік зерттеу

9.3

Сот-сараптамалық қаржы-бюджеттік зерттеу

9.4

10.

Сот тауартану сараптамасы

Азық-түлік емес тауарларды сот-сараптамалық тауартану зерттеуі

10.1

Азық-түлік тауарларын сот-сараптамалық тауартану зерттеуі

10.2

Сот-сараптамалық автотауартану зерттеуі

10.3

Сот-сараптамалық құрылыс-тауартану зерттеуі

10.4

Аудиовизуальдық және бағдарламалық өнімді сот-сараптамалық тауартану зерттеуі

10.5

11.

Сот құрылыс сараптамасы

Ғимараттар мен имараттарды сот-сараптамалық құрылыс-экономикалық зерттеу

11.1

Ғимараттар мен имараттарды сот-сараптамалық құрылыс-техникалық зерттеу

11.2

12.

Сот технологиялық  сараптамасы

Сот-сараптамалық технологиялық зерттеу

12.1

Компьютерлік технология құралдарын сот-сараптамалық зерттеу

12.2

13.

Сот өрт-техникалық сараптама

Өрт жағдайларын сот-сараптамалық зерттеу

13.1

Сот-сараптамалық электротехникалық зерттеу

13.2

14.

Сот жарылыс-техникалық сараптама

Жарылыс жағдайларын сот-сараптамалық зерттеу

14.1

15.

Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сот сараптамасы

Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорларды сот-сараптамалық зерттеу

15.1

16.

Сот биологиялық сараптама

Сот-сараптамалық биологиялық зерттеу

16.1

17.

Сот молекулярлық-генетикалық сараптама

Сот-сараптамалық молекулярлық-генетикалық зерттеу

17.1

18.

Адамның психофизиологиялық процесстерінің сот сараптамасы

Сот-сараптамалық психологиялық-криминалистикалық зерттеу

18.1

Сот-сараптамалық психологиялық-филологиялық зерттеу

18.2

Сот-сараптамалық инженерлік-психофизиологиялық зерттеу

18.3

19.

Сот экологиялық сараптама

Сот-сараптамалық экологиялық зерттеу

19.1

20.

Генетикалық өзгерген организмдердің сот сараптамасы

Генетикалық өзгерген организмдерді сот сараптамалық зерттеу

20.1


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ СОТ САРАПТАМАСЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ СТ САРАПТАМАСЫ ИНСТИТУТЫНЫҢ СОТ САРАПШЫЛАРЫ

МЕН ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ

НОРМАТИВТІК ЖҮКТЕМЕЛЕРІ

Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2012 жылғы 02 қазандағы № 335 бұйрығы


Жалпы бөлімі

1.1 Сот сараптамасы институтарының сот сарапшылары мен ғылыми қызметкерлері жүктемесінің нормалары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының аумақтық бөлімдерінде қолдануға арналған.

1.2 Жүктеме нормалары сот сарапшылары мен ғылыми қызметкерлердің сот сараптамасы өндірісін тиімді және сапалы жүзеге асыруына, қажетті штаттық санды белгілейді, жұмыс көлемін жоспарлауға және мөлшерленген тапсырманы беруге негіздеме болады.

Жұмыс нормасымен сараптамалардың күрделік дәрежесіне байланысты көрсеткіштерді есепке алғандағы қылмыстық,азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық істер бойыншы сот сараптамасының 17 түрі қамтылған.

Сот сараптамасының түрлері (портреттік,бейнефонографиялық,фототехникалық, трасологиялық,баллистикалық, экономикалық,тауартану,құрылыс,технологиялық, өрт-техникалық, жарылыс-техникалық,биологиялық,есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, адамның психикасы мен психофизиалогиялық процесстерінің күйі,құжаттарды сот-техникалық зерттеу,заттар мен материалдарды сот-сараптамалық зерттеу,жол-көлік оқиғасы жағдайларын сот-сараптамалық зерттеу).

Күрделік саннатары:

жай-зерттеудің көп еңбек сіңіруді қажет ететін әдісін қолдануды талап етпейтін стандарттары (жүргізу мерзімі- 3 сағаттан 24 сағатқа дейінгі);

күрделік дәрежесі орташа – объектілердің сапалық және сандық сипатталары, сондай-ақ қолданылатын әдістемелер белгілі бір уақыт шығынын талап етпейді (жүргізу мерзімі – 16 сағаттан 48 сағатқа дейінгі);

күрделі сараптамалық зерттеулер – ұзақ және көп ғылыми енбеқ сіңіруді қажет ететін,аспаптық әдістерді қолдануды, оқиға орнына шығумен байланысты алынған нәтижелерді терең талдауды талап ететін,көп объектілі,көп сұрақтары бар ( жүргізу мерзімі – 36 сағаттан 72 сағатқа дейінгі);


    1. Еңбек нормасы әзірлеуге:

«Қазақстан Республикасындағы сот сараптама қызметі туралы» Қазакстан Республикасының 2010 жылғы 20 қантардағы Заңы;

сот сарапшылары мен ғылыми қызметкерлер орындайтын сот сараптамасының күрделілік санаты мен дәрежесіне және оларды жүргізу мерзімін есептеу тәртібіне байланысты жұмыстын негізгі түрлері бойынша орындаушылардың жұмыс уақытына жүргізілген хронометраждық бақылауды талдау;

өткен кезендегі өндірілген немесе жұмсалған уақыт туралы статистикалық есептердің мәліметтері, сараптамалық бағалардың нәтижесі;

еңбекті нормалаудың нормативтік құқықтық актілері негізге алынды;

1.4 Осы жинақтағы қызметкерлер лауазамдарының атауы Басшылардың, мамандардың және басқа қызметкерлердің лауазымдарының біліктілік анықтамасына сәйкес көрсетілген.

1.5 Нормалар қабылданған жұмыс көлемі бірлігіне жұмыс түрлері бойынша сағат есебінде белгіленген.

1.6 Нормаларда орындаушының дайындау – қорытындылау жұмысының, жұмыс орнына қызмет көрсету, демалысы және жеке қажеттіліктеріне арналған шұғыл уақыттың 10 % есебіндегі уақыты есепке алынған:

Нвр=Топ.х(1-(ТР.+Тпз.Тотл ))/100,мұнда

Топ.-жедел уақыт;

Тр.- жедел уақытқа пайыз ретінде белгіленге жұмыс орнына қызмет көрсетуге кеткен уақыт, (2%);

Тпз.- жедел уақытқа пайыз ретінде белгіленге дайындау- қорытындылау уақыты (3%);

Тотл.- жедел уақытқа пайыз ретінде белгіленге демалысқа және жеке қажеттіліктерге арналған үзіліс уақыты, (5%).
1.7. Сот сарапшылары мен ғылыми қызметкерлердің нормалары статистикалық есеп мәліметтері бойынша,есептік кезеңнің алдындағы олардың бір жыл ішіндегі жұмысының нәтижесі бойынша анықталды.

1.8. Сот сарапшылары мен ғылыми қызметкерледрдің санын анықтаған кезде жұмыс уақытының бір жылға арналған балансына сәйкес қабылданады.

Тізімдік саны келесі формула бойынша есептеледі:

Чс= Чя * Кн

Чс - тізімдік сан, адам.

Чя – келушілер саны, адам.

Кн – жоспарланған шыкпай калулардың коэфициенты, 1,1 теңестерілді.

1.9. Санның нормативі әрбір жұмыс пен күрделілік санатына келесі формула бойынша есептеледі:

1.9.1. жай, стандартты объектілер бойынша:

N пр=

Кпр –әрбір түрі мен күрделіліктің жай стандартты дәрежесі бойынша қарастырылған және орындалған сот сараптамаларының саны;

tпр –әрбір түрі мен күрделіліктің жай стандартты дәрежесі бойынша бір жыл ішіндегі бірлік өлшемі бойынша жұмысты орындауға жұмсалған уақыт;

В –бір орындаушының бір жылдағы уақытының балансы.

1.9.2. күрделіліктің орташа дәрежесі бойынша:
Кпр –әрбір түрі мен күрделіліктің орташа дәрежесі бойынша қарастырылған және орындалған сот сараптамаларының саны;

tпр –әрбір түрі мен күрделіліктің орташа дәрежесі бойынша бір жыл ішіндегі бірлік өлшемі бойынша жұмысты орындауға жұмсалған уақыт;

В –бір орындаушының бір жылдағы уақытының балансы.

1.9.3. күрделісараптамалық зерттеулер бойынша:

Кпр –әрбір түрі мен күрделі дәрежесі бойынша қарастырылған және орындалған сот сараптамаларының саны;

tпр –әрбір түрі мен күрделі орташа дәрежесі бойынша бір жыл ішіндегі бірлік өлшемі бойынша жұмысты орындауға жұмсалған уақыт;

В –бір орындаушының бір жылдағы уақытының балансы.

1.9.4. Орталықтың аумақтық бөлімдері бойынша жалпы алғандағы сот сарапшылары мен ғылыми қызметкерлері санының нормативі жұмыстың әрбір түрі мен күрделіліктің санаты бойынша санның нормативтерін қосу (бүтін санға дейін айналдыруды есептегенде) жолымен анықталады және келесі формула бойынша есептеледі:

Nч=Nпр. (1)+Nср. (2)+Ncл, (4)

Жұмыстың әрбір түрі мен күрделіліктің санаты бойынша нормативтік саны анықтағанда бүгін санға дейін айналдыру жүзеге асырылады.

1.10. Ортылықтың аумақтық бөлімінің басшысы орындаушынының біліктілігіне, алдағы жасалатын сараптамалық зерттеудің күрделігіне, белгіленген жалпы мерзімдерге байланысты орындаушыларға жүктемені бірқалыпты бөлуді жүзеге асырады, сараптама жүргізудің нақты мерзімін анықтап береді және оның сақталуына бақылауды жүзеге асырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет