Нормативные правовые акты, регулирующие судебно-экспертную деятельность в республике казахстан


-бап. Сот сараптамасын жүргiзу тапсырылуы мүмкiн адамдар



бет2/42
Дата14.06.2016
өлшемі2.86 Mb.
#135994
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42

243-бап. Сот сараптамасын жүргiзу тапсырылуы мүмкiн адамдар

1. Сот сараптамасын жүргiзу:

1) сот сараптамасы органдарының қызметкерлерiне;

2) лицензия негiзiнде сот-сараптама қызметiн жүзеге асыратын адамдарға;

3) заң талаптарына сәйкес бiр жолғы тәртiппен өзге де адамдарға тапсырылуы мүмкiн.

2. Сараптама жүргiзу iс жүргiзуге қатысушылар ұсынған адамдардың бiрiне тапсырылуы мүмкiн.

3. Сараптама жүргiзу тапсырылған адамды шақыру туралы тергеушiнiң талабы аталған адам жұмыс iстейтiн ұйымның басшысы үшiн мiндеттi.

Ескерту. 243-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2000.05.05 N 47, 2001.11.06 N 251 Заңдарымен.
244-бап. Сезiктiнiң, айыпталушының, жәбiрленушiнiң, қорғаушының және жәбiрленушiнiң өкiлiнiң сараптама тағайындау және жүргiзу кезiндегi құқықтары

Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.12.11 N 230-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

1. Сараптама тағайындалған және ол жүргiзiлген кезде жәбiрленушiнiң, сезiктiнiң, айыпталушының, қорғаушының және жәбiрленушiнiң өкiлiнiң:

1) сараптама жүргiзiлгенге дейiн оның тағайындалғаны туралы қаулымен танысуға және өзiне тиесiлi құқықтарына түсiндiрме алуына, бұл туралы хаттама жасалады;

2) сарапшыдан бас тартуға немесе сараптама жүргiзуден сот сараптамасы органын шеттету туралы өтiнiш жасауға;

3) сарапшылар ретiнде өздерi атаған адамдарды немесе белгiлi бiр сот сараптамасы органының қызметкерлерiн тағайындау туралы, сондай-ақ сараптаманы сарапшылар комиссиясының жүргiзуi туралы өтiнiш жасауға;

4) сарапшының алдында қосымша мәселелер қою немесе бұрын қойылғандарын нақтылау туралы өтiнiш жасауға;

5) қылмыстық процестi жүргiзушi органның рұқсатымен, осы Кодекстiң 246-1-бабында көзделген тәртiппен сараптама жүргiзу кезiнде қатысуға;

6) осы Кодекстiң 254-бабында көзделген тәртiппен сарапшының қорытындысымен не қорытынды берудiң мүмкiн еместiгi туралы хабарламамен танысуға құқығы бар.

2. Аталған құқықтарға, сонымен қатар сараптама жасалатын куә да және психикалық жағдайы мүмкiндiк берсе, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөнiнде iс жүргiзiлiп отырған адам да ие. Қылмыстық iстi қозғау сатысында тiзбеленген құқықтарға қылмыс жасаудан зардап шеккен адам, сондай-ақ өзiне қатысты қылмыстық iс қозғау туралы мәселе шешiлi жатқан адам ие болады.

3. Егер сараптама адамды сезiктi деп танығанға немесе айыпталушы ретiнде iске тартқанға дейiн жүргiзiлсе, қылмыстық процестi жүргiзушi орган оны сараптама тағайындау туралы қаулымен, сарапшының қорытындысымен таныстыруға және оның осы Кодекстiң 254-бабында көзделген құқығын түсiндiруге мiндеттi.

4. Жәбiрленушiлер мен куәларға, сондай-ақ қылмыс жасаудан зардап шеккен адамға және өзiне қатысты қылмыстық iс қозғау туралы мәселе шешiлiп жатқан адамға сараптама жүргiзу тек олардың жазбаша келiсiмiмен ғана жүргiзiледi. Егер бұл адамдар кәмелетке толмаған болса немесе сот оларды әрекет қабiлетi жоқ деп таныса, сараптама жүргiзуге жазбаша келiсiмдi олардың заңды өкiлдерi бередi. Аталған ереже осы Кодекстiң 241-бабында көзделген жағдайларда сараптама жүргiзу үшiн қолданылмайды.

5. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде аталған адамдар жасаған өтiнiштер қанағаттандырылған жағдайда, қылмыстық процестi жүргiзушi орган сараптама тағайындау туралы өз қаулысын тиiсiнше өзгертедi немесе толықтырады. Өтiнiштердi қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда ол өтiнiш берген адамға одан қолхат алып жарияланатын дәлелдi қаулы шығарады.



Ескерту. 244-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.07.04 N 151, 2009.12.11 N 230-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.01.20 № 241-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
244-1-бап. Өздерiне қатысты сот сараптамасы жүргiзiлетiн адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң кепiлдiгi

1. Тiрi адамдарға сот сараптамасын жүргiзу кезiнде:

1) олардан мәлiметтер алу мақсатында оларды заңмен кепiлдiк берiлген құқықтарынан айыруға немесе оларға қысым жасауға (оның iшiнде, алдау, күш қолдану, қорқыту және өзге де заңсыз шаралар арқылы);

2) аталған адамдарды медициналық технологияларды, фармакологиялық және дәрiлiк заттарды клиникалық зерттеулердiң субъектiлерi ретiнде пайдалануға;

3) хирургиялық араласуды көздейтiн зерттеулердiң әдiстерiн қолдануға тыйым салынады.

2. Сот сараптамасын тағайындаған орган өзiне қатысты сот сараптамасы жүргiзiлетiн адамды баламалы, болуы мүмкiн ауырсыну сезiмдерiн және жанама әсерлердi коса алғанда, сот-сараптамалық зерттеулердiң пайдаланылатын әдiстерi туралы оған түсiнiктi түрде хабардар етуге тиiс. Көрсетiлген ақпарат сот сараптамасы жүргiзiлетiн адамның өтiнiшi бойынша оның заңды өкiлiне де берiледi.

3. Өзiне қатысты сот сараптамасы жүргiзiлетiн адамға медициналық көмек заңда көзделген негiздер бойынша және тәртiппен ғана көрсетiлуi мүмкiн.

4. Медициналық ұйымға орналастырылған адамға шағымдар және өтiнiштер жасауға мүмкiндiк берiледi. Осы Кодексте көзделген тәртiппен берiлген шағымдарды және өтiнiштердi медициналық ұйымның әкiмшiлiгi жиырма төрт сағат iшiнде жолданым иесiне жiбередi және олар цензураға жатпайды.

5. Адамға қатысты оның келiсiмiмен жүргiзiлетiн сот сараптамасы оның кез келген сатысында аталған адамның бастамасы бойынша тоқтатылуы мүмкiн.

Ескерту. Кодекс 244-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.01.20 № 241-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.

245-бап. Сот сараптамасы органының сараптама жүргiзуi. Сот сараптамасы органы басшысының құқықтарымен мiндеттерi

1. Сараптама сот сараптамасы органына тапсырылған кезде, қылмыстық процестi жүргiзушi орган сараптама тағайындау туралы қаулыны және қажеттi материалдарды оның басшысына жiбередi. Сараптаманы сот сараптамасы органының қаулыда көрсетiлген қызметкерi жүргiзедi. Егер қаулыда нақты сарапшы көрсетiлмесе, сарапшыны таңдауды сот сараптамасы органының басшысы жүзеге асырады, бұл туралы сараптама тағайындаған адамға үш күн мерзiмде хабарлайды.

2. Сот сараптамасы органының басшысы:

1) егер: осы сот сараптамасы органында қажеттi арнаулы ғылыми бiлiмi бар сарапшы болмаса; осы сот сараптамасы органының материалдық-техникалық базасы мен жағдайы нақты сараптама мiндеттерiн шешуге мүмкiндiк бермесе; сот сарапшысының алдына қойылған мәселелер оның құзыретiнiң шегiнен тыс болса; сараптама жүргiзуге арналған материалдар осы Кодекстiң талаптары бұзыла отырып ұсынылса, дәлелдердi көрсете отырып, сараптама тағайындаған органға сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыны орындамастан және зерттеуге ұсынылған объектiлердi қайтаруға;

2) сараптама тағайындаған орган алдында осы сот сараптамасы органында жұмыс iстемейтiн адамдарды, егер олардың арнаулы ғылыми бiлiмi қорытынды беру үшiн қажет болса, сот сарапшылары комиссиясының құрамына енгiзу туралы өтiнiш жасауға құқылы.

Сот сараптамасы органы басшысының заңда көзделген өзге құқықтары да бар.

3. Сот сараптамасы органының басшысы:

1) сараптама жүргiзу үшiн қажеттi объектiлердi дербес талап етiп алдыруға;

2) осы сот сараптамасы органының қызметкерлерi болып табылмайтын адамдарды сараптама тағайындаған органның келiсiмiнсiз оны жүргiзуге тартуға;

3) сарапшыға нақты сараптама бойынша қорытындылардың мазмұнын алдын ала шешетiн нұсқаулар беруге құқылы емес.

4. Сот сараптамасы органының басшысы:

1) сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыны және зерттеу объектiлерiн алысымен, осы Кодекстiң 242-бабы бiрiншi бөлiгiнiң талаптарын ескере отырып, осы сот сараптамасы органының нақты сарапшысына немесе сарапшылар комиссиясына жүргiзудi тапсыруға;

2) сот сарапшысының тәуелсiздiгi принципiн бұзбастан, сот сараптамасын жүргiзу мерзiмiнiң сақталуына, жүргiзiлiп жатқан зерттеулердiң жан-жақтылығына, толықтығы мен объективтiлiгiне, сот сараптамасы объектiлерiнiң сақталуына бақылауды қамтамасыз етуге;

3) сараптама жүргiзудi ұйымдастыруға байланысты өзiне белгiлi болған мәлiметтердi жария етпеуге;

4) зерттеулер жүргiзу үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз етуге мiндеттi.

Ескерту. 245-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.20 № 241-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.
246-бап. Сот сараптамасы органынан тыс сараптама жүргiзу

1. Егер сараптама жүргiзудi сот сараптамасы органының қызметкерi болып табылмайтын адамға тапсыру ұйғарылса, қылмыстық процестi жүргiзушi орган оны тағайындау туралы қаулы шығарылғанға дейiн өзi сараптама жасауды тапсырғалы отырған адамның жеке басына көз жеткiзуге және сарапшыдан бас тартуға осы Кодекстiң 96-бабында көзделген негiздердiң бар-жоғын тексеруге тиiс.

2. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган сараптама тағайындау туралы қаулы шығарады, оны сарапшыға тапсырады, оған осы Кодекстiң 83-бабында көзделген құқықтар мен мiндеттердi түсiндiредi және көрiнеу жалған қорытынды бергенi үшiн қылмыстық жауаптылығы туралы ескертедi. Бұл iс-әрекеттiң орындалғаны туралы қылмыстық процестi жүргiзушi орган сарапшының қол қоюымен куәландырылатын сараптама тағайындау туралы хаттамада белгi жасайды. Сарапшы жасаған мәлiмдеме және оның өтiнiштерi де осылайша бекiтiледi. Сарапшының өтiнiшiн қабылдамау туралы сараптама тағайындаған адам дәлелдi қаулы шығарады.

Ескерту. 246-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.01.20 № 241-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.
246-1-бап. Сот сараптамасын жүргiзу кезiнде процеске

қатысушылардың қатысуы

1. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган сараптама жүргiзу кезiнде қатысуға, сарапшының жүргiзiп жатқан iс-әрекеттерiне қатысты оның түсiндiрмесiн алуға құқылы. Сараптама жүргiзу кезiнде қылмыстық процестi жүргiзушi органның қатысу фактiсi сарапшының қорытындысында көрсетiледi.

2. Сараптама жүргiзу кезiнде өздерiнiң немесе өздерiне берiлетiн құқықтары мен мүдделерiн қорғайтын процеске қатысушылар қылмыстық процестi жүргiзушi органның рұқсатымен қатыса алады. Бұл жағдайда қылмыстық процестi жүргiзушi органның қатысуы мiндеттi.

3. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган тиiстi өтiнiштi қанағаттандырған кезде, оны мәлiмдеген адамға сараптаманың жүргiзiлетiн орны мен уақыты хабарланады. Хабарланған адамның келмей қалуы сараптаманы жүргiзуге кедергi келтiрмейдi.

4. Сот сараптамасын жүргiзу кезiнде процеске қатысып отырған қатысушылар зерттеулер барысына араласуға құқылы емес, бiрақ сот сараптамасының нысанасына қатысты түсiнiктемелер бере алады.

5. Егер сот сараптамасын жүргiзу кезiнде процеске қатысып отырған қатысушы сот сарапшысының қызметiне кедергi келтiрсе, сот сарапшысы зерттеудi тоқтата тұруға және қылмыстық процестi жүргiзушi орган алдында аталған процеске қатысушыға сот сараптамасын жүргiзу кезiнде қатысуға берiлген рұқсаттың күшiн жою туралы өтiнiш жасауға құқылы.

6. Егер сот сараптамасын сот сарапшыларының комиссиясы жүргiзсе, сот сарапшысы қорытынды жасаған кезде, сондай-ақ сот сарапшыларының кеңесуi және қорытындыларды тұжырымдау сатысында процеске қатысушылардың қатысуына жол берiлмейдi.

7. Сот психиатриялық және сот психологиялық-психиатриялық сараптаманың жүргiзiлуi құпия жағдайда жүзеге асырылады.

8. Адамды жалаңаштау арқылы сот-сараптамалық зерттеулердi жүргiзу кезiнде тек сол жыныстағы адамдар қатыса алады. Осы шектеу көрсетiлген зерттеулердi жүргiзуге қатысатын дәрiгерлерге және басқа да медицина қызметкерлерiне қолданылмайды.

Ескерту. Кодекс 246-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.01.20 № 241-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.
247-бап. Сараптама жүргiзу үшiн медициналық ұйымға орналастыру

1. Егер адамға қатысты сот сараптамасын жүргiзу сот-сараптамалық зерттеулердi стационар жағдайында жүргiзудi көздейтiн болса, сезiктi, айыпталушы, жәбiрленушi, куә сараптама тағайындау туралы қаулының негiзiнде медициналық ұйымға орналастырылуы мүмкiн.

Осы Кодекстiң 241-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда жәбiрленушiнi, куәнi медициналық ұйымға орналастыруға оның жазбаша келiсiмiмен ғана жол берiледi.

Егер аталған адам кәмелетке толмаса немесе сот оны әрекетке қабiлетсiз деп таныса, көрсетiлген жазбаша келiсiмдi заңды өкiл бередi. Заңды өкiл қарсылық бiлдiрген немесе болмаған жағдайда жазбаша келiсiмдi қорғаншылық және қамқоршылық органы бередi.

2. Күзетпен ұсталмайтын сезiктiнi, айыпталушыны, сондай-ақ жәбiрленушiнi, куәнi сот-медициналық немесе сот-психиатриялық сараптама жүргiзу үшiн медициналық ұйымға жiберу осы Кодекстiң 14-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген тәртiппен жүргiзiледi.

3. Өздерiне қатысты сараптама жүргiзiлетiн адамдарды медициналық ұйымда ұстау ережелерi Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасында айқындалады.

4. Стационарлық сот-психиатриялық сараптама жүргiзу үшiн сезiктiнi медициналық ұйымға орналастырған кезде оған айып тағылуға тиiстi мерзiм сарапшылар комиссиясының сезiктiнiң психикалық жағдайы туралы қорытындысы алынғанға дейiн кiдiртiле тұрады.

5. Өзiне қатысты сот-медициналық немесе сот-психиатриялық сараптама жүргiзiлетiн адамның медициналық ұйымда болуының жалпы мерзiмi отыз тәулiкке тең. Сот-сараптамалық зерттеулердi аяқтау мүмкiн болмаған жағдайда, көрсетiлген мерзiм осы Кодекстiң 14-бабы екiншi бөлiгiнiң талаптарына сәйкес сарапшының (сарапшылар комиссиясының) дәлелдi өтiнiшi бойынша отыз тәулiкке ұзартылуы мүмкiн.

Өтiнiш сараптаманың жүргiзiлу мерзiмiнiң аяқталуына дейiн үш тәулiктен кешiктiрiлмей прокурорға немесе сотқа табыс етiлуге және алған күннен бастап үш тәулiк iшiнде шешiлуге тиiс. Прокурор, сот мерзiмдi ұзартудан бас тартқан жағдайда, адам медициналық ұйымнан шығарылуға тиiс. Медициналық ұйымның басшысы мәлiмделген өтiнiш пен оны прокурордың, соттың қарау нәтижелерi туралы өзiне қатысты сараптама жүргiзiлетiн адамға, оның қорғаушысына, заңды өкiлiне, өкiлiне, сондай-ақ қылмыстық процестi жүргiзушi органға хабарлайды.

6. Медициналық ұйымда өзiне қатысты сот сараптамасы жүргiзiлiп жатқан адам, оның қорғаушысы, заңды өкiлi, өкiлi осы Кодексте көзделген тәртiппен оның жүргiзiлу мерзiмiн ұзарту туралы қаулыға шағым жасауға құқылы.



Ескерту. 247-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.20 № 241-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.
248-бап. Сараптама объектiлерi

1. Заттай дәлелдер, құжаттар, адамның денесi мен психикалық ахуалы, мәйiттер, жануарлар, сараптамалық үлгiлер, сондай-ақ қылмыстық iс материалдарындағы сараптама нысанасына жататын мәлiметтер сараптама объектiлерi болып табылады.

2. Сараптамалық зерттеу объектiлерiнiң дәлдiгi мен оларға жол берiлетiнiне сараптаманы тағайындаған орган кепiлдiк бередi.

3. Сараптамалық зерттеу объектiлерi, егер олардың көлемi мен қасиеттерi мүмкiндiк берсе, сарапшыға буып-түйiлген және мөрмен бекiтiлген күйiнде берiледi. Басқа жағдайларда сараптаманы тағайындаған адам сарапшыны зерттеу объектiлерi орналасқан жерге жеткiзудi, оларға бөгетсiз қол жеткiзудi және зерттеу жүргiзу үшiн қажеттi шарттарды қамтамасыз етуге тиiс.

4. Сот сараптамасы объектiлерiн пайдалану тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленедi.

5. Сараптама жүргiзу кезiнде оның объектiлерi сараптама тағайындаған органның рұқсатымен зерттеулер жүргiзу және қорытынды беру үшiн қаншалықты кажет болса, сол шамада ғана бүлдiрiлуi немесе пайдаланылуы мүмкiн.

Аталған рұқсат сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда немесе сот сарапшысының өтiнiшiн қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан iшiнара бас тарту туралы дәлелдi қаулыда қамтылуға тиiс.

Ескерту. 248-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.01.20 № 241-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.
249-бап. Жеке және комиссиялық сараптама

1. Сараптаманы сарапшы жеке не сарапшылар комиссиясы жүзеге асырады.

2. Комиссиялық сараптама күрделi сараптамалық зерттеулердi жүргiзу қажет болған жағдайларда тағайындалады және оны бiр мамандықтағы кемiнде екi сарапшы жүргiзедi.

3. Ақыл-есiнiң дұрыстығы туралы мәселе бойынша сот-психиатриялық сараптама жүргiзу үшiн кемiнде үш сарапшы тағайындалады.

4. Комиссиялық сот сараптамасын жүргiзу кезiнде сот сарапшыларының әрқайсысы сот-сараптамалық зерттеудi толық көлемiнде тәуелсiз және дербес жүргiзедi. Сараптама комиссиясының мүшелерi алынған нәтижелердi бiрлесiп талдайды және ортақ пiкiрге келгенде қорытындыға не қорытынды берудiң мүмкiн еместiгi туралы хабарламаға қол қояды. Сарапшылар арасында келiспеушiлiк болған жағдайда олардың әрқайсысы немесе сарапшылардың бiр бөлiгi жеке қорытынды бередi не пiкiрi комиссияның басқа мүшелерiнiң қорытындысымен сәйкес келмеген сарапшы пiкiрiн қорытындыда жеке тұжырымдайды.

5. Қылмыстық процестi жүргiзушi органның комиссиялық сараптама жүргiзу туралы қаулысы сот сараптамасы органының басшысы үшiн мiндеттi болып табылады. Сот сараптамасы органының басшысы ұсынылған материалдар бойынша комиссиялық сараптама жүргiзу туралы өз бетiнше шешiм қабылдауға және оны жүргiзудi ұйымдастыруға құқылы.



Ескерту. 249-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.01.20 № 241-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.
250-бап. Кешендi сараптама

1. Кешендi сараптама iс үшiн маңызы бар жағдайларды анықтау үшiн әртүрлi бiлiм саласының негiзiнде зерттеулер жүргiзу қажет болған кезде тағайындалады және оны әртүрлi мамандықтағы сарапшылар өз құзыретiнiң шегiнде жүргiзедi.

2. Кешендi сараптаманың қорытындысында әрбiр сарапшының қандай зерттеудi, қандай көлемде жүргiзгенi және оның қандай қорытындыға келгенi көрсетiлуге тиiс. Әрбiр сарапшы қорытындының осы зерттеулер мазмұндалған бөлiгiне қол қояды.

3. Әрбiр сарапшы жүргiзген зерттеулер нәтижелерiнiң негiзiнде олар анықтау үшiн сараптама тағайындалған мән-жай туралы ортақ қорытынды (қорытындылар) тұжырымдайды. Ортақ қорытындыны (қорытындыларды) алынған нәтижелердi бағалауға құзыретi бар сарапшылар ғана тұжырымдап, қол қояды. Егер комиссияның немесе оның бiр бөлiгiнiң түпкiлiктi қорытындысына сарапшылардың бiрi (жекелеген сарапшылар) анықтаған фактiлер негiз болса, онда бұл туралы қорытындыда көрсетiлуге тиiс.

4. Сарапшылар арасында келiспеушiлiк болған жағдайда зерттеулердiң нәтижелерi осы Кодекстiң 249-бабының төртiншi бөлiгiне сәйкес ресiмделедi.

5. Сот сараптамасы органына тапсырылған кешендi сараптама жүргiзудi ұйымдастыру оның басшысына жүктеледi. Сот сараптамасы органының басшысы сол сияқты тергеушiнiң қаулысына сәйкес ұсынылған материалдар бойынша кешендi сараптама жүргiзу туралы өз бетiнше шешiм қабылдауға және оны жүргiзудi ұйымдастыруға құқылы.


251-бап. Сарапшы қорытындысының мазмұны

1. Қажеттi зерттеулер жүргiзiлгеннен кейiн оның нәтижелерiн есепке ала отырып, сарапшы (сарапшылар) өз атынан жазбаша қорытынды жасап, оны өз қолын қоюы және жеке мөрi арқылы растап, сараптама тағайындаған органға жiбередi. Сараптаманы сот сараптамасы органы жүргiзген жағдайда сарапшының (сарапшылардың) қолы аталған органның мөрiмен расталады.

2. Сарапшының қорытындысында: оның ресiмделген күнi, сараптаманың жүргiзiлген мерзiмдерi және орны; сот сараптамасын жүргiзудiң негiздерi; сараптаманы тағайындаған орган туралы мәлiметтер; сараптама жүргiзу тапсырылған сот сараптамасы органы және (немесе) сарапшы (сарапшылар) туралы мәлiметтер (тегi, аты, әкесiнiң аты, бiлiмi, сарапшылық мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс стажы, ғылыми дәрежесi және ғылыми атағы, атқаратын қызметi); көрiнеу жалған қорытынды бергенi үшiн қылмыстық жауаптылық туралы өзiнiң ескертiлгенi туралы сарапшының (сарапшылардың) қолымен куәландырылған белгi; сот сарапшысының (сарапшылардың) алдына қойылған мәселелер; сараптама жүргiзу кезiнде процеске қатысқан қатысушылар туралы және олар берген түсiндiрмелер туралы мәлiметтер; зерттеу объектiлерi; пайдаланылған әдiстемелер көрсетiле отырып, зерттеулердiң мазмұны мен нәтижелерi; жүргiзiлген зерттеулердiң нәтижелерiн бағалау, сарапшының (сарапшылардың) алдына қойылған мәселелер бойынша қорытындылардың негiздемесi мен тұжырымы көрсетiлуге тиiс.

3. Егер зерттеу барысында осы Кодекстiң 252-бабында көрсетiлген мән-жайлар анықталса, қорытындыда қойылған сұрақтардың барлығына немесе олардың кейбiреуiне жауап берудiң мүмкiн болмауының негiздемесi қамтылуға тиiс.

4. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген тәртiппен куәландырылған, сарапшының қорытындысын көрнекiлейтiн материалдар (фотокестелер, схемалар, графиктер, кестелер және басқа да материалдар) қорытындыға қоса берiледi және оның құрамдас бөлiгi болып табылады. Сондай-ақ қорытындыға зерттеуден кейiн қалған объектiлер, оның iшiнде үлгiлер қоса берiлуге тиiс.

Ескерту. 251-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.01.20 № 241-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.

252-бап. Қорытынды берудiң мүмкiн еместiгi туралы хабарлама

Егер сарапшының зерттеу жүргiзгенге дейiн оның алдына қойылған мәселелер өзiнiң арнайы бiлiмдерiнiң аясынан тыс екенiне не оған ұсынылған материалдар қорытынды беру үшiн жарамсыз немесе жеткiлiксiз екенiне және орындалуы мүмкiн емес екенiне, не ғылым мен сараптама тәжiрибесiнiң жайы қойылған сұрақтарға жауап беруге мүмкiндiк бермейтiнiне көзi жетсе, ол қорытынды берудiң мүмкiн еместiгi туралы дәлелдi хабарлама жазып, оны сараптама тағайындаған органға жiбередi.



Ескерту. 252-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.01.20 № 241-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.
253-бап. Сарапшыдан жауап алу

1. Егер сарапшының қорытындысы жеткiлiктi түрде айқын болмаса, қосымша зерттеулер жүргiзу талап етiлмейтiндей олқылықтары болса, немесе сарапшы қолданған әдiстер мен терминдердi нақтылау қажет болса, қылмыстық процестi жүргiзушi орган сарапшыдан аталған мән-жайлар бойынша жауап алуға құқылы. Сарапшының өзiнiң жауаптарын өз қолымен жазуына болады. Сарапшыдан жауап алу хаттамасы осы Кодекстiң 203-бабында жазылған ережелердi сақтай отырып жасалады.

2. Сарапшы қорытынды бергенге дейiн одан жауап алуға жол берiлмейдi.

3. Сарапшыдан оның қорытындысына қатысты емес, тiрi адамдарға қатысты сот-психиатриялық, сондай-ақ сот-медициналық сараптама жүргiзуге байланысты оған белгiлi болған мән-жайлар бойынша жауап алуға болмайды.



Ескерту. 253-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.01.20 № 241-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.
254-бап. Сезiктiге, айыпталушыға, жәбiрленушiге сарапшының

қорытындысын көрсету

Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.20 № 241-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.

1. Сарапшының қорытындысы немесе оның қорытынды берудiң мүмкiн еместiгi туралы хабарламасы, сондай-ақ сарапшыдан жауап алу хаттамасы алдын ала тергеу аяқталғанға дейiн сезiктiге, айыпталушыға, жәбiрленушiге не осы Кодекстiң 244-бабының бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде аталған өзге де адамдарға көрсетiледi, олар өз ескертпелерiн ұсынуға, сарапшының қорытындылары бойынша қарсылықтарын мәлiмдеуге, сарапшыдан жауап алу, қосымша немесе қайталама сараптама, сондай-ақ жаңа сараптамалар тағайындау туралы өтiнiштерiн мәлiмдеуге құқылы. Мұндай өтiнiш қанағаттандырылған немесе ол қабылданбаған жағдайда, қылмыстық процестi жүргiзушi орган тиiстi қаулы шығарады, ол өтiнiштi мәлiмдеген адамға одан қолхат алып хабарланады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдарды сарапшының қорытындысымен және одан жауап алудың хаттамасымен таныстыру туралы хаттама жасалады, онда жасалған мәлiмдемелер немесе қарсылық бiлдiрулер көрсетiледi.

3. Осы баптың ережелерi адамды айыпталушы ретiнде тартқанға не ол сезiктi немесе жәбiрленушi деп танылғанға дейiн сараптама жүргiзiлген жағдайларда да қолданылады.



Ескерту. 254-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.01.20 № 241-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.
255-бап. Қосымша және қайталама сараптама

1. Қосымша сараптама қорытынды толық немесе жеткiлiктi түрде айқын болмаған, сондай-ақ осының алдындағы зерттеумен байланысты қосымша мәселелердi шешу қажет болған жағдайда тағайындалады.

2. Қосымша сараптаманы жүргiзу сол сарапшының өзiне немесе басқа сарапшыға тапсырылуы мүмкiн.

3. Қайталама сараптама сарапшының алдыңғы қорытындысы жеткiлiктi түрде негiздi болмағанда не оның қорытындылары күмән туғызған не сараптаманы тағайындау мен жүргiзу туралы iс жүргiзу нормалары елеулi түрде бұзылған жағдайларда дәл сол объектiлердi зерттеу және дәл сол мәселелердi шешу үшiн тағайындалады.

4. Қайталама сараптама тағайындау туралы қаулыда алдыңғы сараптаманың нәтижелерiмен келiспеудiң дәлелдерi келтiруге тиiс.

5. Қайталама сараптама жүргiзу сарапшылар комиссиясына тапсырылады. Алдыңғы сараптаманы жүргiзген сарапшылар қайталама сарапшылар жүргiзген кезде қатысып, комиссияға түсiнiктемелер бере алады, бiрақ олар сараптамалық зерттеуге және қорытынды жасауға қатыспайды.

6. Қосымша және қайталама сараптама тапсырылған кезде сарапшыға (сарапшыларға) алдыңғы сараптамалардың қорытындылары ұсынылуға тиiс.

7. Қосымша және қайталама сараптамалар осы Кодекстiң 240, 242-252-баптарының ережелерi сақтала отырып тағайындалады және жүргiзiледi.

8. Егер екiншi немесе ретi бойынша келесi сараптама бiрнеше негiздер бойынша тағайындалып, олардың бiрi - қосымша, ал басқалары қайталама сараптамаға жататын болса, мұндай сараптама қайталама сараптама жүргiзу ережелерi бойынша жүргiзiледi.

Ескерту. 255-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2000.05.05 N 47, 2010.01.20 № 241-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет