Нормативтік сілтемелер анықтамалар кіріспе


Субьектінің өзі үшін істелетін амал-әрекет етістіктері



бет12/40
Дата25.11.2023
өлшемі209.14 Kb.
#484435
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40
алпысбаева акмарал

2.Субьектінің өзі үшін істелетін амал-әрекет етістіктері ұшырасады: киіну, жамылу, жасану, тағу, шешу. Мысалы:Ұлжан өз бөлмелеріне кетіп, киінеді, бұл өз бөлмесіне барып киінеді. Лима асықпай тұрып, жуынып, киінген соң, әр шынысы алақандай үлкен көзілдірікті киіп, кітап оқып отырады. Бұл жолы да Қасқатай аппақ костюмнің астынан сарғыш көйлек киіпті, сарғыш көйлекке көгілдір галстук тағыпты. Давай, көйлегіңді шеш, белуарыңнан жуынып ал. Майкасының сыртынан қоңыр кителін желбегей жамылыпты. …Қасқыр ішігін жамылыпты. Жарайды ендеше, мына сорпаныал да, бүркеніп қайта жат, саған терлеу қажет. Сәрсенбай мен Арасанбай да мерекеге барардай жасаныпты.
Қорыта айтқанда, Ә.Тарази шығармасында ғалым М.Оразов көрсеткен амал-әрекет етістіктерінің кіші семантикалық топтарының барлығы актив қолданылып қоймай, етістіктің бұл мағыналық тобына мәндес жоғарыда аталғандай басқа да кіші семинтикалық топтардағы етістіктер қолданылғанын байқаймыз. Қарым – қатынас етістіктері. Ғалым М.Оразов «Семантика казахского глагола» атты кандидаттық диссертациясында және «Қазақ етістіктернің мағынасы» деген еңбегінде қазақ тіліндегі етістіктердің 11 мағыналық тобына қарым-қатынас етістіктерін қосқан. Алайда, бұл мағыналық топ сипатамаған және бұл мағыналық топты танытатын етістіктер көрсетілмеген. Сондықтан, өз тарапымыздан Ә. Тарази шығармасында қарым-қатынас етістіктеріне мынадай етістіктерді етістіктерді жатқызуды жөн көрдік: амандасу, сәлем беру, танысу, араласу, қатысу, төс түйістіру, үйлену, некелесу, тұрмысқа шығу, күйеуге тию. Мысалы: Сәрсенбаймен құшақтасып амандасты. Мұндай мінезі жоқ еді, амандасып өткені болмаса Арасанбаймен ұзақ сөйлескен емес. Асықпай бұрылып сәлем берді. Тез танысады, бір танысқан адамның аты-жөнін ұмытпайды. Таң сәріде Сәрсенбай өзімен бірге ертіп келіп, Лиманы мұғалімдерге таныстырды. Сәрсенбайдың семьясымен араласып отырып телевизор көреді. Арамдыққа бұл кісі де араласқан. Тыңдаушы ретінде ғана қатысады. Ұяң қыз әне-міне дегенше педагогикалық коллективке байқамай сіңіп жүре берген. Екеуіміз некелесіп сол үйге кірімез. Арасанбай жоғары білімді қызға үйленді, Лима жоғары білімді білдей жігітке тұрмысқа шықты. Күйеуге тиіп алыпты.
Сонымен, жазушы шығармасында қарым-қатынас етістіктері актив түрде қолданылмағанымен, аз да болса кездесетіндігі байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет