Сұрау-жауап мәнді сөйлесу етсітіктері: сұрау, сұрастыру, хабар салу, іздеу, тергеу, жауап беру. Мысалы: …Бірақ аға да бұған ештеңе айтпады, ештеңе сұрамады, сұраса да бұл ештеңе деп тіс жарып жауап бермес еді. Өзінің сыпайы қалпынан ауытқымай, сызыла тұрып жауап берген. – Оларды осы ауылдың балалары алып кетті!- деп Коля орысша жауап берген. Псковта тұратын анасының хал-жағдайын сұрап отыр. – Оны неге сұрадыңыз?- деп, Күләй мұның өзіне сауал қойсын [30,50].
Көңіл-күйге байланысты қолданылаты сөйлеу етістіктері: мысқылдау, келекелеу, келеке ету, мазақ қылу, мазақтау, қарғау, балағаттау, сөгу, мақтау, жамандау, мадақтау, жер мен көкке сиғызбау. Мысалы: Қыз өзін-өзі мысқылдай күлді. –Жайшылық па, жаным-ау!- деп Жанәли мысқылдай мырс етті. Өзінің жатып алар мысқылы болғанмен, жұртты сәл кекетіп сөйлейтін әдеті болғанмен, Жанәли ешкімнің қылжағын көтермейтін. Ұлжанның көкейіндегі көмбесін Лима сезді. Сезді де кекете күлді. – Сіз мені мазақтайсыз, ә?! «Сен қыздың да сырың белгілі болды»,- дегендей мазақтай ежірейіп тұр екен. Ол мені алдаған, ол мені мазақтаған, ол мені ермек еткен. Ол әлі сені талай балағаттайды. Келіншек күйеуін ұзақ даттады. Өзін-өзі жер мен жексен етсе, көңілі жай тауып қалатыны қызық. Жиналыстарда сөйлеген сөзінде сөзінде күліп отырып, жұртты тұқыртып ұрса береді. Қасқатайды қарғамақ болды, қарғай алмады. Өтірік айтасың, ылғи өтірік мақтайсың! –Сәрсенбай мақтап отыр өзіңді. Бірақ мұның ұяң мінезін, еңбекқорлығын қайта-қайта мақтап. Мен кім едім сонша, қай қасиетімді марапаттап, жұрт алдына мақтаныш тұтқандаймын? Ендеше, көпшіліктің көзіне неге топырақ шашамыз, бәрімізді бірдей неге ғайбаттайсыз? Досболова жолдасты оқушылардың көзінше масқаралап, балағат сөздер айтып, денсаулығына зиян жасаған Іле-шала өзін кекете мұқатты. Ұлжан бұрын бүйтіп еркін сөйлемейтін, басқалармен қатты қалжыңдап, қылжықтай беретін. …Сеннен ұяла ма қалай, көп сандалысты қойды ғой, өзіне ақыл кіріп келеді!.. деп қалжыңдай күлген.
Достарыңызбен бөлісу: |