Нормативтік сілтемелер анықтамалар кіріспе


Қарым – қатынас етістіктері



бет13/40
Дата25.11.2023
өлшемі209.14 Kb.
#484435
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   40
алпысбаева акмарал

Қарым – қатынас етістіктері. Ғалым М.Оразов «Семантика казахского глагола» атты кандидаттық диссертациясында және «Қазақ етістіктернің мағынасы» деген еңбегінде қазақ тіліндегі етістіктердің 11 мағыналық тобына қарым-қатынас етістіктерін қосқан. Алайда, бұл мағыналық топ сипатамаған және бұл мағыналық топты танытатын етістіктер көрсетілмеген. Сондықтан, өз тарапымыздан Ә. Тарази шығармасында қарым-қатынас етістіктеріне мынадай етістіктерді етістіктерді жатқызуды жөн көрдік: амандасу, сәлем беру, танысу, араласу, қатысу, төс түйістіру, үйлену, некелесу, тұрмысқа шығу, күйеуге тию. Мысалы: Сәрсенбаймен құшақтасып амандасты [22,41]. Мұндай мінезі жоқ еді, амандасып өткені болмаса Арасанбаймен ұзақ сөйлескен емес. Асықпай бұрылып сәлем берді. Тез танысады, бір танысқан адамның аты-жөнін ұмытпайды. Таң сәріде Сәрсенбай өзімен бірге ертіп келіп, Лиманы мұғалімдерге таныстырды. Сәрсенбайдың семьясымен араласып отырып телевизор көреді. Арамдыққа бұл кісі де араласқан. Тыңдаушы ретінде ғана қатысады. Ұяң қыз әне-міне дегенше педагогикалық коллективке байқамай сіңіп жүре берген. Екеуіміз некелесіп сол үйге кірімез. Арасанбай жоғары білімді қызға үйленді, Лима жоғары білімді білдей жігітке тұрмысқа шықты. Күйеуге тиіп алыпты.
Сонымен, жазушы шығармасында қарым-қатынас етістіктері актив түрде қолданылмағанымен, аз да болса кездесетіндігі байқалады.
Бұл лексика-семантикалық топқа енетін етістіктер субьектнің бір орыннан екінші орынға өтетіндігін білдіретін жалпылауыш семаға ие. А.Ә.Османова «Қозғалыс амалын білдіретін синонимдес етістіктер қозғалыс амалын, қимылдың шегіне жете аяқталуын, оның жылдамдылығын білдіреді. Қозғалыс амалын білдіретін синонимдес етістіктер мағынасы жағынан кеңістікте субьектінің қозғалыс амалын және өте қажетті процестерді білдіріп, көбінесе жалпы мағынада жұмсалынады. Мысалы: «Міну-отыру-қонжию-қону» мәндес сөздері – контекске байланысты түркі тілдеріне ортақ жалпылық мағынасы бар байырғы сөздер» [23,42]. Н.К.Дмитриевтің пікірінше, қозғалыс амалын білідіретін мағынасы жағынан қозғалыстың бағытын білдіреді. Қозғалыс бағытын білдіретін етістіктер: көтеру-жоғарылату, кету-таю-жөнелу. Бұлардың ішінде кең түрде актив қолданылатын сөздер; «кету, міну, отыру». «Кету» горизанталь бағыттағы қозғалыс та, «міну» вертикальды бағыттағы қимыл, қозғалыс. А.Ысқақов оқулығында етістіктің он бір лексика-семантикалық тобы аталған. Автор қимыл-қозғалыс етістіктерінен бағыт-бағдар етістіктерін бөліп алған. Қимыл қозғалыс етістіктеріне «ауна, аудар, домала, қаш. секір» сияқты етістіктерді жатқызса, бағыт-бағдар етістіктеріне «кел, кет, бар, қайт, әкет,әпер» етістіктерін жатқызады. Етістіктің лексика-семантикалық топтары туралы пікір айтқан басқа ғалымдар «кел, кет, қаш, секір» сияқты сөздерді бір лексика-семантикалық топқа енгізеді. Оқулықта келтірілген мысалдардан тек «әпер» етістігі ғана қозғалу қимылымен тікелей байланыспайды. Әр автордың өзінше дәлелдері бар. Мысалы, А.Ысқақов бағыт-бағдар етістіктерін жеке топ етіп алғанда, «кел, кет, қайт» сияқты етістіктердің қимылдың белгілі бір бағытқа қарай бағытталатын мағынасын негіз етіп алған. Ал Э.Р.Тенищевтің оларды қозғалу етістіктеріне қосудағы дәлелі- қозғалысқа түскен заттың бір орыннан екінші орынға өтетіндігі, кеңістікте орын алмастыратындығы.Бір сөзде айырушы сема біреу не бірнешеу бола алатындығы белгілі. Айырушы семалардың көп болуы лексика-семантикалық топтардың іштей бірнеше майда топтарға бөлінуіне жағдай жасай алады. Мысалы, жүр, жүгір, зыт, ұш дегендерді кел, кет, түс, шық, бар деген қозғалу етістіктерінен бөліп алып, бірінші топтағыларды бағытсыз қозғалыстарды білдіретін қозғалу етістіктері, екінші топтағыларды белгілі бағытқа бағытталған қозғалысты білдіретін етістіктер деп бөлуге мүмкіндік бар. А.Ысқақовтың соңғы топтағы етістіктерді бағыт-бағдар етістіктері деп жеке топ етіп алғанда осы жалпылауыш семаға сүйенген. Ғалым М.Оразов та сөздерді лексика-семантикалық топтарға топтастырғанда жалпылауыш семаларды тірек етеді [23,43]. Ғалым М.Оразов қозғалу етістіктерін мынадай топтарға бөледі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет