Нормативтік сілтемелер анықтамалар кіріспе


Дифференцияланған мағыналы СЕ



бет17/40
Дата25.11.2023
өлшемі209.14 Kb.
#484435
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   40
алпысбаева акмарал

Дифференцияланған мағыналы СЕ. Бұларға де, сөйле, айт сөйлеу етістіктері және олардың жасалу тәсілдері жатады.

  • Сөйлеу әрекетін ғана атап қоймай, сөздің сипатын немесе берілу тәсілін анықтайтын, олардыңсөйлеу нысанын айтылу қалпына назар аударта отырып атайтын ортақ маңызы бар СЕ.

    Дифференцияланған мағыналы СЕ жүзеге асырылып отырған сөйлеу процесінің қандай да бір жеке қырын білдіреді, бұған қоса олар негізінен сөйлеу процесінің мазмұнын, не айтылып өту тәсілін көрсетеді.
    Де СЕ түрлі формальды-семантикалық өзгерістерге түсе отырып, дамудың ұзақ жолынан өтті. Бұған, бір жағынан, лексикалық мәні әлсіреген де, екінші жағынан лексикалық мағынасын толық жоғалтқан де кіреді.
    Де СЕ түркі тілдеріндегі, оның ішіндегі қазақ тіліндегі ең көне және төл етістік болып табылады [27,47].
    «Современный казахский язык» атты еңбекте көмекшілік қызмет мәнідегі етістіктер /Глаголы функционального значения/ құрамында е, еді, емес, екен және де, деп, деген, дейтін сөйлеу етістіктері берілген. Ғалым А.Хасенова көмекші етістіктерді де бір лексика-семантикалық топ ретінде ажыратқан. Бұл топқа – е, еді, екен, емес және де, деп, дейтін, шығар күрделі компоненттерде қосалқы қызмет атқаратын сыңарларын жатқызған. «Семантика мен функциясының жан-жақтылығы жағынан болсын, қолдану қабілеті жағынан болсын өзге сөйлеу етістіктернің бірде-біреуі «де» етістігіне барабар бола алмайды. Өткені, «айт», «сөйле» етістіктері тек өздернің негізгі мағыналарының шеңберінде ғана негізгі қасиеттернің аясында ғана қолданылса, «де» етістігінің өрісі одан гөрі әлдеқайда кең,- дейді ғалым А.Ысқақов. Ал Н.Сауранбаев болса ет, е, де етістіктерінің мағыналары тым күңгірттенген, сол себепті бұл етістіктер жеке қолданылмайды деген қағиданы басшылыққа алады. Ғалым Р.Ж.Қияқова өзінің мақаласында «де» көмекші етістігінің қолданылуында алуан түрлі ерекшеліктер бар екендігін санамалап көрсетеді: біріншіден, сөз қолданысындағы «де» етістігінің түрленуі яғни әр алуан грамматикалық формалармен түрленуіндегі өзіндік қызметі; екіншіден, күрделі етістік жасаудағы белгісі; үшіншіден, фразеологиялық тіркесте жұмсалуы; төртіншіден, төл сөз бен автор сөзін байлансыстырудағы рөлі; бесіншіден, аналитикалық форма жасаудағы ерекшелігі; алтыншыдан, шылау сөздің де қызметінде қолданылуы; жетіншіден, тіркесу мүмкіндігіне байланысты сөйлем ішінде синтаксистік қызметке иеленуі. Бұл бір ғана «де» етістігінің семантикасы мен синтаксистік қызметіне тән белгілер болып саналмақ. Сөйле СЕ негізіг СЕ бірі болып табылады және көп ретті әрекетті білдреді. СЕ сөйле тұрақты сөз тіркесін жасайды.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   40




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет