Видеть
Он видел в этой жизни все.
|
Көру
Осы өмірде бәрін көрді
|
Слышать
Слышит звон, да не знает, где он.
|
Есту/естірту
Казахский обычай извещения о смерти близкокг человека: обычно такую тяжелую весть сообщают уважаемые в роду, люди почтенного возраста.
|
Нюхать
И пороху не нюхал (о мало опытном человеке) – ирон.
|
Иіскеу
Выражение ласки и любви между близкими людьми, родителями и детьми при встрече, при благословении (маңдайынан иіскеу)
|
Щупать
Щупать ушибленное место.
Прощупать ткань, мех
|
Сипау
Народные лекари, костоправы (сынықшы) снимают боль поглаживая ушибленное место, родители выражают свою ласку к детям, поглаживая по голове, по спине (арқасынан сипау, басынан сипау)
|
Вкусить
Устаревшее слово, не испоьзуется в активной лексике
|
Тату
Казахский обычай гостеприимства, когда гостя не отпускают до тех пор, пока он не отведает еды в этом доме (дәм тату)
|
Пялиться
Неодобрение, неуважение
|
Ақырау
По казахским обычаю женщинам так нельзя смотреть на мужчин, девочкам так смотреть нельзя ни на кого, мальчикам так нельзя смотреть на старших по возрасту людей: это неприлично, так не принято.
|
Ғалым М.Оразов сезіну етістігін өз алдына жеке топ ретінде қарастырмай, түсініктеме берумен шектелген. Ал, орыс тіл білімінде ғалым Л.М.Васильев психологиялық іс-әрекет етістіктерінен сезіну-түйсіну етістіктерін (глаголы ощущения) бөліп алған болатын. Л.М.Васильев «Глаголы ощущения обозначает отражение в сознании биологически обусловленных сигналов о внутренном состоянии организма» деген пікір айтады. Демек, ғалымның пікірінше, сезіну етістіктері - ағзаның ішкі жағдайларының биологиялық шартты сигналдарының (белгілерінің) мида берілуін білдіреді. Бұл мағыналық топқа мынадай етістіктерді жатқызады: ощущать, испытовать (чувствовать), неметь, цепенеть, каменеть, затекать, отекать, болеть, ныть, гудеть, зудеть, щекотать, мерзнуть, гореть, согревать, звенеть (звенит в ушах).
1. Біз етістіктің бұл тобын ғалым М.Оразов атағандай сезіну етістіктері деген атауын өзгертпей, жоғарыда берілген анықтамаға сүйене отырып, оған мынадай етістіктерді жатқызуды ұсынамыз: сезу, жылыту, қызу, қалшылдау, діріл қағу (дірілдеу), дуылдау, ауру, шыңылдау, қытықтау. Мысалы: Жанәли қылғынып бара жатқанын сезді. Қыз қысылып қалды, екі беті ду еткенін сезді. Сеңсең қара тон тұла бойын жылытқанмен, жіңішке сирақтардан өтіп барады. Ең алдымен екі табаны қызды. Тұла бойы қалшылдап, денесін суық қарығандай діріл қақты. Екі алақаны да дуылдап алып бара жатты. Басы ауырғандай, жастық құшақтап, етпетінен жатып қалды. Лиманың көзіне жас үйіріліп, құлағы шыңылдады. Арасанбайдың едірейген қатты мұрты қытықтап, күлкісін келтірді. Өзінен-өзі тұншығып қала жаздады, демі тарылып, демі кеудесіне сыймай кеткенін сезді. Ғалым М.Оразов «Сезіну етістіктерінің барлығында да адамның сезім мүшелерінде түйсік туғызатын, сол арқылы қабылданатын қимыл мәнін бі лдіретін жалпылауыш сема бар», - деп түсінік беріп, оларды осы сезім мүшелеріне байланысты бірнеше топқа бөлген:
2. Көру етістіктері. Бұл топқа енетін етістіктер көздің қызметімен байланысты болады. Оларға көру, қарау, тігілу, көз қырын салу, телміру, сығалау, көз салу, көзін алмау, көзден өткізу, көзге іліну, көздеу етістіктері енеді. Мәселен, Ә. Таразидің тілінде етістіктерді бұл түрлері ұшырасады. Мысалы: Түс көріпті, ұзақ түс көріпті Есіктен шикіл сары Сәрсенбайдың басы көрінді. ... Оның қарайып, түтігіп кеткен түрін көріп, балаларын тез киіндіріп, сыртқа безе жөнелді. Ұйқыдан шошып оянғандай Жанәли жан-жағына қарады. Сәрсенбай сол інісіне қарады, сарғыш көздерін ежірейте, жеки сөйледі [36,56]. Лима мұңайып төмен қарады. Енді қараса, қызыл кірпіштен салған үш қабат мектептің алдында тұр. Қасынан жанай өте берген әлдекімдердің бұған таңдана қарағанына мән берер емес. Арасанбайдың оған деген бұқпа сырын қыз көкірегі сезеді, ұрлана қарап, сүзіле қарап, телміре қарап мұның жынын келтіреді. Сіз осылай қадалып отыра бересіз бе? Анау мұның бетіне таңырқай қарап, тесіліп тұр. Қолы қалт етсе, Лима кітапқа шұқшиятын. Ай сәулесінен жарық болып тұрған бөлме ішін қадағалай шолып шықты. Ұқыпты қырқылған ағаштардың түбіндегі ұзын орындықтардың біріне барып жайғасыт да мелшиіп отырып қалды. Баж еткен сағат оятып жіберген, байқаса – басындағы жастықты әбден сулатып тастапты. Вокзал үйінің кең залын кесіп өтіп, қала жақтағы алаңға шыққанда байқады: таң қараңғысы әлі сейілмепті.
Достарыңызбен бөлісу: |