б) Эмоционалды қатынас етістіктері. Етістіктің бұл тобы өзінің сипаты жағынан біркелкі емес. Ғалым Л.М.Васильев аталаған мағыналық топ жайында мынадай пікірін білдіреді: «Один из них (например, любить и под.) выражают преимущественно переживание какого-либо чувства, вызванного отношением к кому, чему-либо, другие (например, влюбляться и под) подчеркивают состояние, связанное с таким чувством, третьи (например, уважать, презирать и под) указывают на переживаемое кем-либо отношение к кому, чему-либо и проявлении этого отношения в поведении» [49,69].
Сонықтан бұл лексика-семантикалық топ семантикалық парадигмасы жағынан бірде эмоционалды күйзеліс және көңіл-күй етістіктерімен, бірде сөйлеу және мінез-құлық етістіктерімен, бірде интеллектуалды іс-әрекет етістіктерімен қиысып байланысады.
Ғалым осы топқа мынадай етістіктерді жатқызады: любить, испытывать любовь, обожать, боготворить, нравиться, приглянуться, ненавидеть, разлюбить, не переваривать, разонравиться, уважать, чтить, чествовать, презирать, компрометировать, бесчестить, бесславить, позорить, славить, прословлять, жалеть, сожалеть, испытывать жалость, завидовать. Ал, біз бұл мағыналық топты «эмоционплды қатынас етістіктері» деп атап, оған мына етістіктерді жатқызамыз: сүю, ұнату, жақсы көру, жек көру, ұнамау, аяу, мүсіркеу, жаны, ашу, өкіну. Мәселен, бұл мағыналық топтағы етістіктер Ә. Тарази шығармасының тілінде кездеседі. Мысалы: Мен сені сүйемін ғой, мен сенің садағаң кетемін ғой, сені мендей ешкім сүйген емес. Лиманың өзін де, мінез-құлқын да қатты ұнатып, келін қып түсіріп алсам ба деген арманы бар еді. Арасандбайдың және бір өзгешелігі қара киім киюді ұнатады. Мысалы «өтірік айтасың» деген сөз «мен саған сенемін» деген мағынаны білдіреді, «сен менен мың есе артықсың» деген тіркес «мен сені мың есе артық жақсы көремін» деген мағынаны білдіреді. Лима Қасқатайын бірінші рет жек көріп, ызала еске алды. Балалар сезімтал ғой, ал үлкендер мұны неге жек көреді. Істеп жүрген ісіміз ұнамайды маған. Бүгін де ашуын ақылға жеңгізіп, жетпістен асқан әкесі мен алпыстан асқан анасының жанын жарақаттағысы келмей, аяды. – Бүгін да өңің сынық қой, қарағым-ай, жұмысқа бармай-ақ, қойсақ нетті! – деп Ұлжан бұған мүсіркей қарады. Жігітке жаны ашып, жыларман халге келіп, бүк түсіп отырып қалды. «Бұл сұрақты неге қойдым» деп қыз өкініп қалған. Өз түсіне Арасанбайды «кіргізіп алғанына» өкінді.
Қорытындылай келегенде, қазақ тіліндегі эмоционалды етістіктердің үш лексика-семантикалық тобының алғашқы екеуінің (эмоционалды көңіл-күй, эмоционалды күйзеліс) құрамындағы етістіктер өте жиі кездесіп, актив түрде қолданылған. Ал, эмоционалды қатынас етістіктері алдыңғы топтарға қарағанда сиректеу кездесетіндігі байқалады. Дегенмен, қазақ тіліндегі эмоционалды етістіктерді осылайша топтастыруға болатындығына дәлел бар.
Достарыңызбен бөлісу: |