Нормативтік сілтемелер анықтамалар кіріспе


Таза психологялық процестермен байланысты етістіктер



бет30/40
Дата25.11.2023
өлшемі209.14 Kb.
#484435
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   40
алпысбаева акмарал

1. Таза психологялық процестермен байланысты етістіктер. Оларға ұялу, қысылу, тартыну, бетінен оты шығу, абыржу, сескену, қорқу, көңілі толу.
2. Адамдардың эмоциясымен, көңіл-күйімен байланысты етістіктер: ұнату, жақтыру, ардақтау, әлпештеу, ғашық болу, қапалану, ашулану, жылау, долдану, мейірі түсу, мұңаю, жадыру, ренжу, таңдану, аузын ашып қалу, күлу енеді деп көрсеткен. М. Оразов «Семантика казахского глагола» деген кандидаттық диссертациясында бұл мағыналық топ эмоциялы етістіктер деп берілген. Ал, «Қазақ тілі семантикасы» деген еңбегінде ғалым эмоциялы етістіктерді көңіл-күй етсітіктері деп берген. Көңіл-күй етістіктері туралы арнайы пікір айтып, жазылған мақалалар бар. Мысалы, М.Оразовтың «Қазақ тіліндегі көңіл-күй дыбыс етістіктері» деген мақаласын атауға болады, бірақ бұл тақырып жеке арнайы үлкен еңбек көлемінде зерттелмеді. Қ.Қасабек бір буынды негізгі түбір салт етістіктерін жеті мағыналық топқа бөліп, көңіл-күй етістіктерін сезіну-түйсіну етістіктерінің ішінде қарастырады, ол сезіну-түйсіну етістіктерін

  1. Адамның эмоциялық жағдайына байланысты мағынаны беретін көңіл-күй етістіктері.

  2. Нерв жүйесінде жауап ретінде пайда болатын процесті білдіретін мәнді етістіктер.

  3. Белгілі бір сезім мүшесі арқылы сезіну-түйсінудің нәтижесін беретін – қабылдау етістік деп үш топқа бөліп қарастырады.

А.А.Кияшев 1977 жылғы «Қазақ филологиясы» жинағында жарияланған «из историй изучения глаголов эмоций в русистике и тюркологий» мақаласында көңіл-күй етістіктерінің тюркологиядан және орыс тіл білімінде зерттелуін сөз етсе, 1985 жылғы еңбегінде орыс және қазақ тілдеріндегі көңіл-күй етістіктерін семантикалық өріске бөліп, оны салғыстырмалы зерттеу әдісі арқылы саралайды. Онда автор көңіл-күй етістіктерінің 8-9 түрін көрсетіп өтеді. Сонымен қазақ тіл білімінде көңіл –күй етістіктері жоғарыда аталған еңбектерде сөз болғанымен, арнайы зерттелмегені назар аудартады. Орыс тіл білімінде Ғалым Л.М.Васильев «Семантика русского глагола» деген еңбегінде орыс тіліндегі психикалық іс-әрекет етістіктерінің 10 мағыналық тобын көрсетіп, көңіл-күй етістіктерін былайша топтастырған:

  1. Глаголы эмоционального состояния ( настроения)

  2. Глаголы эмоционального переживания

  3. Глаголы эмоционального отношения

Ал, біз, өзіміздің жұмысымызда ғалым Л.М.Васильевтің бұл классификациясына сүйене отрып, қазақ тіліндегі эмоционалды етістіктерді былайша топтастыруды ұсынамыз:

  1. Эмоционалды көңіл-күй етістіктері

  2. Эмоционалды күйзеліс етістіктері

  3. Эмоционалды қатынас етістіктері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет