- Бұл тапсырмамен жеке жұмыс жасау үшін және оқу сабақтарына қатысу үшін бөлінген оқушы кестесіндегі берілген уақыт.
«Үй» - Бұл үй бостандығына ұқсас жағдай: оқушыға жұмыс істеуге ыңғайлы орынның бар болуы; жұмысты кіммен орындаудың таңдау еркіндігі; кеңесші топтың болуы
Дальтон – жоспарды іске асырудың нысандары: - Сыныптағы оқу сабақтары;
- Ұжымдық сабақ;
- Зертханалық сабақтар;
- конференциялар.
Дальтон – технологиясының нәтижелері: - Оқушының танымдық дербестік , ынтымақтастық, зерттеушілік дағдыларын дамыту;
- Жеке қарқынды, қызықты жұмыс жағдайында оқушылардың сабақ үстіндегі шамадан тыс салмақты азайту;
- Басқа оқушылар мен ересектердің әлеуметтік тәжірибесі есебінен тұлғалық дамуын байыту.
- Шеберхана – бұл оқытудың дамытушылық пен тәрбиелеушіліктің негізі болып табылатын нысандардың бірі. Педагогикалық шеберхана – бұл жобалау бойынша педагогикалық қызметті барлық жағынан егжей-тегжейлі ойластыру, оқу үдерісінде оқушылар мен мұғалімдер үшін қолайлы жағдайды үйымдастыру және өткізу.
- Негізгі принциптері:
- 1) Мұғалімнің оқушыға деген қарым-қатынасының тең болуы;
- 2) Білімді қарапайым даусыз ақиқат ретінде емес, оқытылатын ақпаратты сын-тұрғысынан ойлау, шығармашылық тапсырмаларды өз бетімен орындау барысында білімді «құрылыс» ретінде тану;
- 3) Топпен жұмыс жасай алу;
- 4) сын-тұрғысынан ойлау;
- 5) Көшбасшы рөлінде сөйлеу.
- Жеке және ұжымдық жұмыстардың бірігуі ынтымақтастық пен өзара түсіністік ортасын құрайды.
- Тұлғалық-бағарлы оқыту дегеніміз — мұнда оқушының жеке тұлғасы, оның даралылығы, өзін бағалауы басты болып табылады, алдымен әрбіреуінің субъективті тәжірибесі ашылады, содан кейін оқыту мазмұнына сай келісіледі.
- Тұлғалық –бағдарлы оқытуды іске асырудың жолдарының бірі ынтымақтастық пен өзара қолдауға негізделген топтық нысандарды қолдану. Осындай оқытудың нәтижесінде мазасыздану деңгейі мен шиеленісу алынып тасталады. Оқытуда қабылдаудың: «көремін»- «естимін»- «сеземін» сенсорлық жүйелерін пайдалану қажет .
Достарыңызбен бөлісу: |