Нұр-сұлтан 2019 Әдістемелік құрал


Аутсорсинг (ағылш. «outsourcing (outer-source-using)



бет128/223
Дата15.12.2023
өлшемі4.43 Mb.
#486678
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   223
Китап касипкерлик

Аутсорсинг (ағылш. «outsourcing (outer-source-using) – «сыртқы көзді және/немесе ресурсты пайдалану») – бұл белгілі бір жұмысты орындау үшін басқа компанияларды немесе мамандарды тарту.
Егер сіз компанияңызда қандай да бір атқарымдарды басқа компанияларға (әріптестерге) немесе мамандарға бере алатыныңызды сезсеңіз, өйткені сізде оған уақыт немесе құзыреттілік жетіспейді, әңгіме аутсорсинг туралы болады.
Аутсорсингтің бірнеше себебі болуы мүмкін:

  • мысалы, егер әріптестер бұл істі жақсы және арзан жасаса. Көптеген компьютерлерді өндірушілер осы жұмысты контрагенттерге беріп, түпкілікті құрастырудан бас тартты, бұл оларға жинақтаушыларды сатып алудан және құрастыру үдерісін ұйымдастырудан айтарлықтай үнемдеу мүмкіндігін берді. Cisco интернет арқылы үйлестірілетін 37 зауытты иеленетін әріптес компанияға барлық дерлік маршрутизаторлар мен коммутациялық жабдықтарды өндіру мен құрастыруды берді;

  • егер бұл іс-әрекеттер көп уақыт пен ресурстарды қажет ететін болса, әрі бұл ретте сіздің бизнесіңіз үшін басты міндет болмаса. Мысалы, аутсорсингке сіздің құрал-жабдыққа қызмет көрсетуді беруге болады, содан кейін сізге механиктер немесе IT-мамандар штатын жалдаудың және оларға ай сайынғы жалақы төлеудің қажеті жоқ. Енді сіз компьютер немесе машина сынған болса, қажетіне қарай оларды шақырасыз. Сондай-ақ аутсорсингке бухгалтерлік қызметті беруге болады. Егер сіздің айналымыңыз айына миллионға жетпесе, бухгалтер сізге тек салықтық есептіліктерді жасау үшін қажет болады.

Dell Computer, өнім берушілермен әріптестік орнату және жеткізуді дәл мерзімде ұйымдастырудың негізінде тек жеті күнге ғана бөлшектер қоры бар болғандықтан, қоймаларды ұстаудан бас тартты және соңғыларды жеткізу басталғаннан кейін бір апта өткен соң жаңа құрамдас бөліктермен жабдықталған компьютерлерді ұсынады. Cisco өз жабдықтаушыларымен тығыз қарым-қатынас жасағаны соншалықты, олар Cisco аппаратурасын тікелей Cisco тұтынушыларына Cisco қызметкерлерінің қатысуынсыз жеткізеді. Бұл компания үшін өз кәсіпорындарын сатып алуға қарағанда жылда 500-800 млн. арзан түседі. Hewlett-Packard, IBM, Silicon Graphics және басқа да компаниялар өздеріне тиесілі зауыттардың бір бөлігін жеткізушілерге сатып, осы зауыттардың өнімдерін сатып алуға келісімшарттар жасасты. Starbucks тәуелсіз жеткізушілерден кофе дәндерін сатып алады және бұл кофені өз бетінше өсіруден гөрі тиімді деп санайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   223




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет