Нұр-сұлтан 2019 Әдістемелік құрал



бет131/223
Дата15.12.2023
өлшемі4.43 Mb.
#486678
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   223
Китап касипкерлик

Әріптестік
Әріптестік– бұл ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін бірнеше компаниялардың, компаниялар мен мамандардың немесе компаниялар мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасы.
Компанияның әріптестері келесілер бола алады:

  • жеткізушілер;

  • кәсіпкер – өндіретін өнімдерді (қызметтерді) тұтынушылар;

  • кәсіпкерге іскерлік қызмет көрсететін компаниялар (консалтинг, аудит, оқыту және т.б.);

  • мемлекет.

Әріптестерді таңдау қойылған міндеттерге байланысты екендігі анық – несие немесе қажетті жабдықтар алу, мамандарды іздеу және жұмысқа жалдау, білікті қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау, қажетті шикізат алу және өнімді тасымалдау, басқа да іскерлік қызмет түрлерін көрсету және т.б.
Әріптестердің өз міндеттемелерін орындауын қадағалау үшін мұндай қатынастар заңды түрде ресімделеді. Бұл туралы біз басқа сабақта сөйлесеміз. Әзірге әріптестіктің ең көп таралған түрлері бар екеніне тоқталайық.
1. Кооперация.Әрбір әріптес бірыңғай үдеріс шеңберінде өз жұмысын орындайды: мата шығаратын компания сіздің тапсырысыңызға сәйкес мата жасайды, ал сіз киім тігесіз.
2. Лизинг– бұл жалға алудың ерекше түрі, онда, әдетте, құрал-жабдықтар жалға беру объектісі болып табылады. Яғни сіз жабдықты сатып алмайсыз, оны әріптестен жалға аласыз. Сізжалға берушіге табыстыңпайызынқосымша төлей аласыз, уақыт өте келе жабдықтар сатып ала аласыз, жалға беруші оның жай-күйін өзіңіз қадағалай аласыз.
3. Франчайзинг – бұл ірі компания белгілі бір тауарларды шығару және сату, сондай-ақ белгілі бір нарықта осы компанияның сауда маркасымен сауда қызметтерін көрсету құқығын беру туралы ұсақ дербес кәсіпорынмен шарт жасайтын ынтымақтастық түрі. McDonald's осылай жұмыс істейді: компания әр түрлі елдерде өз бетінше мейрамханалар ашпайды – оны франчайзи әріптестері жасайды.
4. Қаржыландыру.Бұл әріптес компанияның операциялық немесе өндірістік қызметіне қатыспайтын, тек қана бұл қызметті кредит немесе табыстан пайыз шартымен қаржыландыратын әріптестік түрі.
5. Лицензиялау. Лицензиар (қандай да бір белгілі бір құқықтардың иесі) лицензиатқа (мұндай құқықтар тұрақты немесе уақытша негізде берілетін адамға) өндірістік үдерістехнологиясын, тауар таңбасын, патентті және т.б. пайдалануға қаламақы немесе лицензиялық төлемге айырбастауға құқық береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   223




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет