Ал аутсорсингтің бірнеше артықшылықтары бар:
сіз жоғары сапалы және/немесе арзан бөлшектер немесе қызметтер ала аласыз;
сіздің жабдықтаушыларыңыз жоғары зияткерлік әлеуеті мен инновациялары бар әлемдік деңгейдегі компаниялар болуы мүмкін, олар жаңа технологияларды ойлап тауып қойған және сіз оларды пайдалана аласыз;
егер нарықта сұраныс өзгерсе (мысалы, құлдырап кетсе), сіз шығынға ұшырамайсыз, өйткені сіздің зауытыңыз тауардың белгілі бір санын өндіруге есептелген, сізде өізіңізді шығынға батырып, жалақы төлеуге немесе қызметкерлерді жұмыстан босатуға тура келетін қажетсіз персонал болады. Егер сұраныс артса, Сізге қосымша үй-жайларды салуға, жаңа жұмыскерлерді жалдауға артық қаражат пен уақыт жұмсаудың қажеті болмайды;
сізге жаңа дағдыларды алу үшін қызметкерлерді курстарға жіберудің қажеті жоқ;
сіз қосалқы салаларға уақыт пен ресурстарды жұмсамай, өзіңіз маманы болып табылатын бизнес бөлігіне баса назар аудара аласыз.
Сондай-ақ аутсорсингтің кемшіліктері де бар:
сіздің жеткізушілермен ынтымақтастық шарттарының орындалуын, сондай-ақ олардың жұмыс сапасын бақылауға тура келеді.
Егер сізге өз бетінше бір нәрсе істеу қажет болса немесе сіз үшін жасайтын маманды табу керек болса, өзіңізге бес сұрақ қойыңыз.
1. Маған бұл білім келешекте қажет пе?
|
Егер сіз өз уақытыңызды бағаласаңыз, онда сіз тек бір рет жасауға қажет іс-әрекетте сарапшы болудың мәні жоқ. Мысалы, сіз жаңа кеңседе жөндеу жұмыстарын жүргізуіңіз керек делік. Сіз тұсқағаз, колер, плинтус және т.б. бойынша сарапшы бола аласыз. Бірақ неге? Егер сіз жай ғана жақсы және жылдам жасайтын маманды жалдай алатын болсаңыз. Ең бастысы, алған біліміңіз алдағы уақытта қажет болуы екі талай.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |