Нұр-сұлтан 2019 Әдістемелік құрал


ЖТС = (ЖЛҚ – ЗТЖ – ЕТЖ) х 10 %



бет140/223
Дата15.12.2023
өлшемі4.43 Mb.
#486678
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   223
Китап касипкерлик

ЖТС = (ЖЛҚ – ЗТЖ – ЕТЖ) х 10 %


мұндағы:
- ЖТС – жеке табыс салығы;
- ЖЛҚ – жалақы;
- ЗТЖ – зейнетақы жарнасы;
- ЕТЖ – ең төменгі жалақы.
ҚРсалық жүйесі ең төменгі салық аударымдарын көздейді. Мысалы, егер жалақы 60 000 теңге болса, онда ЗТЖ 10% мөлшерінде алынып тасталуы керек, бұл 6000 теңгені құрайды. 42 500 теңге құрайтын 1 ЕТЖ шегеру керек. Нәтижесінде 11 500 теңге қалады. Алынған соманы 0,1 (10%) көбейтеміз. Нәтижесінде 1 150 теңге табыс салығын аламыз.
3-тапсырма
Сіздің стартаптың барлық еңбек ресурстарын (қызметкерлерін) еске түсіріңіз. Сіздің стартаптың барлық қатысушылары үшін жалақыдан ЖТС шегеріңіз. Сіз өзіңіз көрсеткен әр ұстаным үшін сіздің аймақтағы орташа айлық жалақыны негізге ала аласыз.
Қосылған құн салығы (ҚҚС)
ҚҚС бюджетке төленетін міндетті төлемдердің жанама түрлеріне жатады. Жанама дегеніміз не? ҚҚС – бұл өнімді жасаудың және өткізудің әрбір сатысындағы бөліктер бойынша төленетін тауар (қызмет) құнына үстемеақы.Алдымен бұл үстемеақыны өндіруші (орындаушы) өндіріс үшін қажетті шикізат/материалдар, қызметтер сатып алу кезінде түсімнің бір бөлігін аудару түрінде төлейді. Кейіннен сатып алу мен сату бағасы арасындағы айырмадан үстемақыны делдал төлейді.Шетелден тауарлар әкелу кезінде ҚҚС қандай? Бұл республика шекарасынан өткен кезде төленетін импорттық тауарлардың қосымша құны. Салықты кеден рәсімдерін орындау кезінде импорттаушы төлейді.Соңғы тұтынушы тауарды сатып алу/қызметті алу кезінде ҚҚС-ты толық төлейді.
ҚҚС төлеуші мәртебесін алу үшін салық органына тиісті есепке тұру қажет. СК82-бабының 2-тармағына сәйкес, міндетті тіркеу кәсіпкердің жылдық айналымы ең төменгі шегінен асқан жағдайда жасалады. Мұндай ең төменгі шектің мөлшері 30 мың АЕК (айлық есептік көрсеткіш), яғни жылына 2525 теңге х30 000 = 75 750 000 теңгені құрайды, жеке кәсіпкер ҚҚС төлеуші куәлігін алып, қосымша 12% (ҚҚС) төлеуі керек.
Егер кәсіпкер биылғы қызмет барысында осы ең төменгі мөлшерге жеткен болса, онда ол артық болған айдың аяғынан бастап 10 күн ішінде салықтық тіркеу туралы өтініш беруге міндетті.Қазақстанда 12% ҚҚС екі мөлшерлемесі іс-әрекет етеді және нөлдік мөлшерлеме бойынша (0%) тауарлар экспорты бойынша операцияларға салық салынады.
ҚҚС есептеу формуласы:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   223




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет