Нұр-сұлтан 2019 Әдістемелік құрал


маркетинг: бизнес-жоспар құруды үйрену; ақпараттық технологиялар



бет148/223
Дата15.12.2023
өлшемі4.43 Mb.
#486678
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   223
Китап касипкерлик

маркетинг: бизнес-жоспар құруды үйрену;

  • ақпараттық технологиялар: әзірленген сайт-визитканы алу, салық төлеушінің кабинетін, Статистика комитетінің кабинетін баптауға,www.esf.gov.kz электрондық шот-фактуралар сайтын тіркеуге және баптауға көмек көрсету

  • мемлекеттік сатып алу бойынша: Мемлекеттік сатып алу және ұлттық компаниялардың электрондық порталдарында қалай тіркелгендігін білу, конкурстық өтінімдерді дайындау, жергілікті қамтуды есептеу;

  • мемлекеттік-жеке меншік әріптестікке (МЖӘ): МЖӘ шартын дайындауды және жасауды үйрену, жекеше әріптесті айқындау шеңберінде МЖӘ жобасының тұжырымдамасын әзірлеу;

  • мемлекеттік қолдау шаралары: кәсіпкерлікті ашу немесе дамыту үшін мемлекеттік бағдарламалар туралы білу: субсидиялау, кепілдік беру, гранттар, лизинг, төмен жылдық мөлшерлеме пайыздары бойынша микрокредит беру жөніндегі қызметтер.

    Сонымен қатар, кәсіпкерлер Atameken Academy (Atameken.co) бағдарламаларында, сондай-ақ «Bastau бизнес», «Іскерлік қатынастар», «Аға буын», «Бизнес-кеңесші», «Бизнес-өсу» бағдарламаларында кәсіпкерліктің барлық өзекті мәселелері бойынша оқудан өте алады.Академияның аясында ниет білдірушілер кәсіпкерлікке оқытудың тегін күндізгі бағдарламаларынан, сондай-ақ менеджмент, клиенттерді іздеу, сату, кәсіпкерлікті дамыту, нөлден бастау және қаржы саласындағы онлайн-курстардан өте алады.
    Академияның сайтында бейне-сабақтар мен мақалалар режимінде шынайы қазақстандық кәсіпкерліктің бизнес-кейстерімен танысуға және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін көптеген өзекті мәселелерге жауап табуға болады: былғары бұйымдарынан кәсіпкерлікті қалай жасауға болады? Мейрамхананы қалай ашуға болады?Өз бизнес-саласын қалай таңдауға, инвестиция тартуға, жақсы қызметкерлерді табуға, мейрамханаға арналған бөлмені таңдауға, бизнеске геймификация принциптерін енгізуге, логотип жасауға, вирустық маркетингті пайдалануға және т.б. болады?
    «Сұрақтар» бөлімінде кез келген пайдаланушы оны қызықтыратын сұрақты қойып, сарапшылардан жауап ала алады. Ал «Іс-шаралар» бөлімінде Қазақстанның түрлі қалаларындағы бизнес тақырыбына арналған тегін кездесулер, семинарлар мен мастер-кластар күнтізбесімен танысуға болады. Көлемі үлкен өзекті және пайдалы материалдар стартапшыларға қазақстандық бизнес әлемінде бағдар алуға көмектесе алады және олардың жеке стартапының басталуын едәуір жеңілдетеді.
    1-тапсырма
    Atameken Academy сайтына кіріңіз (Atameken.co), сізге ұнаған кез келген мақаланы немесе бейне-сабақты (мүмкіндігінше, стартапыңыз үшін пайдалы) таңдап, одан кейін командаға таныстыра алатын қысқаша конспект жасаңыз. Сіз өз стартапыңызды дамыту үшін жаңа білімді пайдалана аласыз ба? Нақты қалай?


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   223




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет