Нұр-сұлтан 2019 Әдістемелік құрал


ҚҚС = ҚҚС-пен баға х ҚҚС мөлшерлемесі (12 %) / (ҚҚС мөлшерлемесі (12 %) + 100) = ҚҚС-пен баға х 12 / 112



бет141/223
Дата15.12.2023
өлшемі4.43 Mb.
#486678
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   223
Китап касипкерлик

ҚҚС = ҚҚС-пен баға х ҚҚС мөлшерлемесі (12 %) / (ҚҚС мөлшерлемесі (12 %) + 100) = ҚҚС-пен баға х 12 / 112


Мысалы, сізге 100 000 теңге сомасынан ҚҚС есептеу қажет:


ҚҚС = 100 000 х 12 / 112 = 10714 тг.


Әлеуметтік салықтар (ӘС)
Қазақстандағы ӘС азаматтарға болашақта әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктер алу мүмкіндігін беру үшін қажет Сондай-ақ осы көзден медициналық мекемелерде тегін көмек көрсетуге қажетті шығындар аударылады. Қызметкерлер үшін Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік салықтарды жұмыс беруші төлейді.ӘС төлеуден мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін кәсіпорындар, сондай-ақ фермерлік шаруашылықтар босатылады.Қазақстанда әлеуметтік салық заңды тұлғалар үшін салық салу объектісінің 9,5%-ын құрайды, ал жалпыға бірдей белгіленген режим бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкер үшін – өзі үшін 2 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) және әрбір қызметкер үшін 1 АЕК (2019 жылға АЕК 2525 теңгені құрайды) құрайды.
42 500 теңге жалақы алатын бір қызметкерге әлеуметтік салықты қалай есептеу керектігін қарастырайық.Біз айтып өткендей, ҚР әлеуметтік салығы 2019 жылы 9,5% құрайды.Төленетін сомаға міндетті зейнетақы жарнасы кірмейді, ол жалақының 10% құрайды.
Есеп жасайық:


(42500 – 4250) х 9,5 % = 3633,75 теңге


ЖТ әлеуметтік аударымдар сомасына азайды, ол 3,5% құрайды. ЖҚ сомасынан міндетті зейнетақы жарнасын шегереміз:


42500 – 4250 = 38250 теңге


Әлеуметтік аударымдар сомасын шегереміз:


38250 х 3,5 % = 1338,75 теңге


Есептелген әлеуметтік салық сомасынан әлеуметтік аударымдарды алып тастаймыз және әлеуметтік салық сомасын төлеуге шығарамыз:


3633,75 – 1338,75 = 2295 теңге

Әлеуметтік салық ай сайын есептеледі. Қызметкерлерге жалақы есептелгеннен кейінгі айдың 10 санына дейін төленеді. Барлық салықтар 25 күнге дейін төленеді.


Бюджетке төленуге жататын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін жалпы белгіленген тәртіпте есептелген корпоративтік табыс салығының, қосылған құн салығының, әлеуметтік салықтың, мүлік салығының, көлік құралдары салығының сомасы 70%-ға азайтылуға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   223




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет