Бизнеске арналған веб-сайттар
Тіпті бизнесмен істі дербес жүргізудің барлық мәселелерін түсінгісі келсе де, Желідегі ресурстар оған айтарлықтай қолдау көрсете алады. Бизнес үшінжүздеген онлайн-сервистер бар және үнемі жаңалары пайда болып келеді. Олардың барлығын бір сабақ аясында көрсету мүмкін емес, сондықтан біз олардың ең танымал түрлеріне ғана тоқтаймыз. Егер сіздің стартаппен жұмыс істеу барысында Сізге қандай да бір онлайн-сервис қажет болса, Интернет-браузердегі іздеу құралын пайдалана отырып, олардың үлгілерін таба аласыз.
Құжаттар, есепке алу және автоматтандыру
Интернетқосылысы бар кез-келген құрылғыдан жұмыс істейтін кросс-платформалы кассалық қосымшалар болып табылатын Web-box кеңселері орынды алып, техникалық қызмет көрсетуді қажет ететін кез-келген жеке кассалық машинаны толығымен алмастыра алады. Бұл қосымшалар ауысымды жабуға және бір рет басу арқылы есептер жасауға, чектерді басып шығаруға және оларды e-mail, WhatsApp немесе SMS және т.б. бойынша жіберуге мүмкіндік береді.
Robo-кассаның сервисі сатушыларға (интернет-дүкендерге, қызмет жеткізушілерге) банктік карталар, электрондық валюта, мобильді коммерция сервистері, интернет-банкинг, банкоматтар, жедел төлем терминалдары немесе смартфондарға арналған қосымшалар арқылы клиенттерден төлемдер қабылдауға мүмкіндік береді.
Менің есебім сервисі автоматты түрдекелесі құжаттарды қалыптастырады: шот-фактуралар, жүкқұжаттар, актілер, 910-нысан. Жүйе ЖК және қызметкерлер үшін ай сайынғы салықтар мен төлемдерді есептей алады.Онлайн қол қой сервисі құқықтық құжаттарға онлайн қол қоюға мүмкіндік береді.
dogovor24.kz серивсі нақты жағдайға барынша бейімдей отырып, заңды құжат жасауға мүмкіндік береді.
1С Бизнес-старт сервисі бухгалтерсіз есеп жүргізуге мүмкіндік береді.
SalesapCRM бұлтты CRM жүйесі (клиенттермен қарым-қатынасты басқару жүйесі) бизнес-үдерістерді автоматтандыруға мүмкіндік береді. Клиенттер мен мәмілелер базасын сақтайды, қызметкерлерге міндеттер жүктеуге, сату сүзгісін басқаруға, сондай-ақ негізгі көрсеткіштер бойынша көрнекі есептер алуға болады. Телефон, сайт және поштамен біріктіру мүмкіндігі бар: клиенттердің барлық қоңыраулары мен хаттары клиенттердің карточкасында сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |