Нұр-сұлтан 2019 Әдістемелік құрал



бет175/223
Дата15.12.2023
өлшемі4.43 Mb.
#486678
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   223
Китап касипкерлик

1) Бірінші блок «Басталуы»
Бұл бөлімге компанияңыздың атауы, аты-жөніңіз бен лауазымыңыз, пошта, мекенжайыңыз, электрондық поштаның мекенжайы мен телефон нөміріңіз және әрине, жобаңыздың тақырыбы енеді. Алғашқы сәттен бастап-ақ инвесторға жағымды әсер қалдыруға тырысыңыз, өйткені екінші рет мұндай мүмкіндік болмайды! Ол үшін аудиторияға инвестордың назарын аударатын сұрақ қоя аласыз. Мысалы: «Сіздердің ойыңызша, адамдар нансыз өмір сүре ала ма?». Сұрағыңызды қоя сала, бірден өзіңіз жауабын беріңіз: «Әрине, өмір сүре алады, бірақ бәрі емес!».
2)Екінші блок –«Мәселе және оның шешімі»
Бұл бөлімде қазіргі таңда кездесетін мәселені ашуға тырысыңыз. Нақты мәселені ашып көрсетіңіз. Егер барлығын өз қалпында қалдырса, ол қандай қауіп төндіруі мүмкін? Сіздің нақты қандай мәселені шешкіңіз келеді? Көпшіліктің қандай қажеттіліктерін қанағаттандыра аласыз? Инвесторлар өніміңіздің адамдарға көмектесе алатынына сенуі керек. Сіздің жоқ мәселені ойдан шығармай, нақты бар мәселенің шешімін ұсынуыңыз керектігін естен шығармаңыз жөн. Нарығыңыздың көлемі қаншалықты үлкен болатындығы туралы болжам жасаудан қашыңыз.Мәселен: өзіңіз тұратын ауданда төрт азық-түлік дүкені бар дейік. Түстен кейін олардың бірде-бірінде нан қалмайды. Нан алу үшін адамдарға базарға немесе үлкен супермаркеттерге баруға тура келеді. Бұл өз аулаңызда нан сатып алудан айтарлықтай қымбатқа шығады. Дүкен сатушыларына сауалнама жүргізу арқылы төрт дүкенге күн сайын тағы 200 бөлке нан керектігін анықтадыңыз.
3) Үшінші блок «Мәселенің мәні»
Өзіңіздің басты мақсатыңызды, туындаған қажеттіліктерді қалай қанағаттандыратыңызды егжей-тегжейлі түсіндіріңіз. Инвесторлар сіздің не сататыныңызды және оның қалай жұмыс істейтінін анық түсінулері тиіс, алайда мәселенің техникалық қыр-сырына қатты беріліп кетпеңіз. Тек түпкі мән-жайын ғана айтыңыз.Мысалы: біз төрт дүкенді күніне 200 бөлке нанмен қамтамасыз ете алатын шағын наубайхана ашқымыз келеді.
4) Төртінші блок «Үдеріс технологиясы»
Жұмыстың қалай ұйымдастырылғаны, наныңыздың құрамын ерекшелейтін құпиясы туралы айтып беріңіз. Мәтіннің аз, фотосуреттер, диаграммалар, сызбалар мен кестелердің көбірек болғаны дұрыс. Инвесторды идеяңызды техникалық жағынан іске асыра алатындыңызға бір слайдпен ғана сендіруіңіз керек.Мәселен: таныстырылымға наныңыздың қаншалықты дәмді, пайдалы және бағасының қолжетімді екенін көрсету үшін пісірген наныңызды алып келуіңізге болады. Егер жолыңыз болса, қалған слайдтар керек те болмай қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   223




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет