Нұр-сұлтан 2019 Әдістемелік құрал



бет173/223
Дата15.12.2023
өлшемі4.43 Mb.
#486678
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   223
Китап касипкерлик

2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру
Мемлекеттік гранттар бастапқы кәсіпкерлікті іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі. Мемлекеттік грант алуға үміткерлер сонымен қатар Бағдарлама аясында кәсіпкерлік негіздері бойынша оқудан өткен немесе Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша оқуды аяқтаған және бұрын басқа мемлекеттік бағдарламаларда қаржылық қолдау алмаған иммигранттар мен оралмандар болып табылады. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар 100 АЕК (2019 жылы 252 500 теңге) және 200 АЕК (505 000 теңге) мөлшерінде беріледі:

Ұйымдастыру

Бағдарламалар/ нысаналы мақсаты

Сомасы

ЖАО(Халықты жұмыспен қамту орталықтары)

«Еңбек» ЕХӘҚМ " бағдарламасы бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар

100 АЕК-ке және 200 АЕК-ке дейін

Мемлекеттік гранттар қажетті керек-жарақ, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды сатып алуға пайдаланылады. Мемлекеттік гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, тұрғын үй жылжымайтын мүлік сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнім өндіруге берілмейді.
Мемлекеттік гранттардыБағдарламаға қатысушының бір рет алуға ғана құқығы бар. Мемлекеттік грантты алуға арналған бағдарламаға қатысушылар үшін міндетті шарттар келесілер болып табылады:
1) оны Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында тіркеу;
2) ӨКП оң қорытындысының болуы;
3) «Бастау – Бизнес» және «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқуды аяқтау туралы құжаттың болуы.
Мемлекеттік гранттардың қаражаты нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылады.ӨКП мүдделі органдар мен ұйымдардың қатысуымен мемлекеттік грантты алуға үміткерлердің өтінімдерін қарау жөнінде комиссия құрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   223




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет