8) Сегізінші блок –«Команда»
Командаңыздың басты тұлғалары: басқарушы, наубайшылар, сатушы-кассирлер туралы баяндап беріңіз. Егер инвесторларыңыз болса, олар туралы да айтуды ұмытпаңыз. Барлығын тізбелеп айтудың қажеті жоқ, ең басты адамдарды және олардың осы жобада жасап жатқан қызметтері туралы айтсаңыз жеткілікті. Ең мықты аргумент – олардың тәжірибесі. Егер олардың аты-жөндерін көпшілік білмесе, қамығудың қажеті шамалы: егер сіз Facebook немесе YouTube арналарының негізін қалаушылардың бірі болсаңыз, онда қаржыландыру көздерін іздеудің де керегі болмас еді. Бұлкезеңдегі мақсатыңыз – өзіңіз қызмет ететін нарық саласын игеру үшін тәжірибеңіз бен біліміңіздің жететінін көрсету. Әркімнің-ақ осал тұстары болады – мінсіз стартаптар болмайды, ең бастысы кемшіліктеріңізді көріп, оларды барынша дұрыстау болып табылады.
9) Тоғызыншы блок –«Қаржы»
Алдағы үш-бес жылға арналған жоспарыңызбен бөлісіңіз, әлеуетті табысты ғана емес, сонымен бірге сату коэффициенті немесе жарнаманың тиімділік көрсеткіші сияқты маңызды ақпарат туралы баяндаңыз. Сатудың ұзақ мерзімді циклдары мен маусымдық факторлар туралы айтуды да естен шығармаңыз. Инвесторлар болжамдарыңызға негіз болған факторларды түсінулері керек, бұл сандар сияқты өте маңызды ақпарат.Мысалы: ассортиментті кеңейтуді, жаңа дүкендерге шығу жолдарыңызды қалай жоспарлайсыз?
10) Оныншы блок –«Алғашқы қадамдар»
Бүгінгі күнге дейін атқарған жұмыстарыңыз бен жобаңызды қалай жүзеге асыратындығыңыз туралы, алғашқы жасаған қадамдарыңыз жайлы айтып беріңіз. Кез келген кәсіпкерлікті дамыту үшін келесідей сұрақтар жиі қойылады: «Біз қазір қай жердеміз?», «Біздің қайда болғымыз келеді?», «Оған қалай жетеміз?». Инвестордан алатын қаражатты қалай жұмсайтыныңызды түсіндіріңіз. Жағымды динамиканы толық суреттеңіз. Кедергілер мен мәселелерді қалай шешетініңізді көрсетіңіз. Жобаңыздың келесі түйінді кезеңіне қол жеткізу үшін қанша қаражат керек екенін нақты айтыңыз. «Жалпы жобаға» емес, нақты келесі кезеңге қажет соманы көрсетіңіз және бұл кезеңнің нақты мақсаттарын айқын түсінуіңіз керек. Егер сізде қажетті түсінік болмаса, ешкім инвестиция бермейді.Сіз «қаражат сұрамайсыз», сіз инвестициялық мүмкіндікті іздеп жүргендерге оны ұсынасыз. Сондықтан қанша қаражат керектігін, бұл қаражаттың жобаңызды қай деңгейге жеткізетіндігін (мысалы, «прототип құру», «сата бастау» және т.б.), сонымен бірге осы қаражаттың орнына инвесторға не беретіндігіңізді нақты тұжырымдаңыз. Жалтару сөздеріңіз («бұл жөнінде жеке айтамын», «мен бұл туралы көпшілікке жария еткім келмейді») бизнестегі шеберлігіңізді көрсетпейді, олар сіздің нені және не үшін сұрап жатқаныңызды түсінбейтіндігіңізді айқындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |