Нұр-сұлтан 2019 Әдістемелік құрал


Өзіндік жұмыстың тапсырмалары



бет179/223
Дата15.12.2023
өлшемі4.43 Mb.
#486678
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   223
Китап касипкерлик

Өзіндік жұмыстың тапсырмалары
Келесі сабаққа презентацияны аяқтап жазу (аяқтау), онда аудиторияның алдында сөз сөйлеу және кері байланыс орнату қажет.
9.3 Көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары


Көпшілік алдында сөйлеудің негізгі дағдылары
Әрбір кәсіпкерге өз қызметінде ерте ме, кеш пе аудиторияның алдында сөйлеуге тура келеді. Бұл өз өнімінің, көрсетілетін қызметінің немесе қандай да бір идеяның презентациясы болуы мүмкін. Осыған сәйкес кәсіпкер әрқашан да көпшіліктің алдында сөйлеуге дайын болуы тиіс, өйткені бұл өзіңіз және өніміңіз туралы мәлімдеуге таптырмас мүмкіндік.Көпшілік алдында сөйлеу дағдылары танымал болуға, сізге және сіздің идеяңызға сенетін адамдарды тартуға көмектеседі. Егер кәсіпкердің бойында бұл дағдылар болмаса, ол қобалжып,уайымдап, жүйелі сөйлейалмайды.
Қазір біз шешен адамның аудиторияның алдында ойдағыдай сөйлеуі үшін қажетті негізгі дағдыларды талқылаймыз:
1. Сөйлеу кезіндегі сезімталдығы мен қағылездігі.Тарихтан эмоциялары немесе қағылездігі негізінде әлемге әйгілі болған көптеген шешендер туралы білеміз. Бұл жерде сезімталдық қана емес, ал сонымен қатар:

  • аудиторияны бақылауда ұстауыңыз;

  • ым-ишарат тілін меңгергендігіңіз;

  • аудиториядағы қозғалысыңыз;

  • дауыс ырғағыңыз;

  • бетіңіздің мимикасы маңызды болып табылады.

2. Сөйлеу мәнері мен дауыстың қаттылығы. Тыңдаушылардың басқалардың сөйлеу мәнері мен дауыс қаттылығын қабылдауы әр түрлі болады. Сондықтан егер шешен адам ақырын сөйлесе, ал аудиториядағы адамдар қатты сөйлеуге үйренген болса, онда оған қаттырақ сөйлеуге тырысу керек. Сөйлеу мәнері мен сөз қарқыны туралы да осыны айтуға болады: тез сөйлейтін адамдар сәйкесінше тез ойланады, тамақты тез жейді, шешімді жылдам қабылдайды. Олар үшін жай сөйлеу қиындау болып табылады.
3. Дене тұрқы. Кез келген шешенді «Қолымды қайда қоямын?» және «Қалай дұрыс тұру керек?» деген сияқты сұрақтар мазалайды. Аудиторияны тыңдаған кезде қолыңызды қатты түсірмеу керек, сөйлегенде қимыл-ишаратпен сөзіңізді жеткізу өте маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   223




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет