Нұр-сұлтан 2019 Әдістемелік құрал



бет186/223
Дата15.12.2023
өлшемі4.43 Mb.
#486678
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   223
Китап касипкерлик

1-тапсырма
Кәсіпкерлікті кеңейту жолдарын білгеннен кейін сізге досыңыз келді деп ойлаңыз. Оның өз фирмасы бар және ол оны дамыту туралы ойланып жүр. 5 командаға бөлініңіз. Әр команда кәсіпкерлікті дамытудың бір тәсілінің мәнін, артықшылығы мен кемшіліктерін сипаттауы керек: 1) франчайзинг, 2) аутсорсинг, 3) сату жүйесін жақсарту, 4) филиалдар ашу, 5) агрессивтік маркетинг.


11-БӨЛІМ. КӘСІПКЕРДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ


11.1 Кәсіпкердің жауапкершілігі


Кәсіпкер кімнің алдында жауапты
1-тапсырма
Кәсіпкер жауапкершілігінің қандай түрлері барын талқыламас бұрын кәсіпкерлер кімнің алдында және не үшін жауапты болатыны жайында ойланыңыз және атап көрсетіңіз.
Бұл тапсырманың басты мазмұны – білім алушыларға кәсіпкерліктің қоғамға, тұтынушыларға, қызметкерлерге, мемлекетке тигізер ықпалының дәрежесі жайында ойлану және оны түсіну мүмкіндігін беру. Білім алушылардың идеясының неғұрлым көп болғаны дұрыс. Бұл тапсырманы ойын түрінде өткізсеңіз болады немесе білім алушылардың ұсынған нұсқаларының барлығын ауызша немесе тақтада жазбаша қорытындылауға болады.
Жауапкершілік дегеніміз – уағдаластықтарды орындау және басқа компаниялар, клиенттер, компанияның қызметкерлері, мемлекет және жалпы қоғам сияқты бизнеспен өзара байланыс жасайтындардың барлығының құқықтарын сақтау міндеті.
Кәсіпкерлер өзінің алуан түрлі міндеттерін орындауға барынша жауапкершілікпен қарауға тиіс:
1. Басқа компаниялардың алдында. Егер бизнесмен шарт жасасып, өзіне тауарды көрсетілген мерзімде жеткізу туралы міндет алса, ол барлық шарттарды орындауы керек: тауардың тиісті сапасы, саны болуы керек және басқа тарап оны келісілген мерзімде алуы керек. Ол басқа компанияның құпия ақпаратын өзге компанияларға жария етпеуі керек және т.б.. Қорыта айтқанда, кәсіпкер басқа компаниялармен, әдетте, шарттарда баяндалатын барлық уағдаластықтарды сақтауға тиіс.Бұл жағдайда барлық шартқа қатысушылар басқа тауарды, басқа мерзімде (бұл өздеріне керекті тауарды белгілі бір уақытта сатып ала алмайтын клиенттерге әсер етеді), басқа ережелермен алу тәуекелінсіз өз қызметімен айналыса алады. Бұл нарықтағы барлық компанияға барынша тиімді жұмыс жасауға және басқа тараптардың өз міндеттемелерін орындамауы салдарынан шығындарды көтеру тәуекелінсіз өз қызметін жасауға көмектеседі.
Мысалы, сіз киім сатасыз. Ал әріптесіңіз – тігін фабрикасының иесі – белгілі бір уақытта белгілі бір киім жинағын тігіп беруге уәде берген еді. Сіз сол уақытта өтіп жатқан көрмеден орын сатып алдыңыз, алайда әріптесіңіз өзінің міндеттемелерін орындамаған және белгіленген уақытта киімді тігіп үлгермеген. Сіз шығынға ұшырадыңыз: орынға төлеп қойдыңыз, жұмысқа сатушы алдыңыз, одан басқа өніміңіз сатылғанда алуға болатын кірістен айрылдыңыз. Егер компаниялар бір-бірінің алдындағы жауапкершілікті сақтағанда, кәсіпкерлікті жүргізу оңайлау, тиімдірек әрі табысы молырақ болушы еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   223




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет