2-тапсырма
Ал енді стартап жобаларыңызбен командаға бөлініңіздер. Әр команда өзі өмір сүріп жатқан қоғамға көрсете алатын көмектің кемінде 10 түрін ойлап табуы керек.
Әрі қарай білім алушыларға кәсіпкерлер өз міндеттерін сақтамаған кезде орын алуы мүмкін жағдайлар туралы айтып бере аласыз. Бұларды қадағалайтын және мұндай міндеттемелердің сақталмауынан туындаған салдарларды жою үшін бақылаудың заң арқылы көзделген түрлі тәсілдері бар.
Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсiм) – борышқор мiндеттемесiн орындамаған кезде несие берушiге төлеуге мiндеттi, заңдармен немесе шартпен белгiленген қаражат сомасы. Нәтижесінде, кәсіпкер айыппұл төлеп, шығындарды өтеуге мәжбүр болады.
Залал – сіз шартты бұзған кезде әріптесіңіздің көтеретін шығындары, сондай-ақ әріптесіңіз ала алатын, бірақ шарт бұзылған соң ала алмайтын кіріс.
Кепіл – міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерінің бірі. Сіз міндеттемелерді орындамаған ретте шығынға ұшырамайтынына сенімді болу үшін әріптес, банк немесе мемлекет пайда болуы мүмкін залалды өтей алатын кепілдің енгізуін талап ете алады. Мәселен, сіз банктен шағын зауыттың құрылысына несие алып жатырсыз. Кенеттен шығынға ұшырасаңыз ше? Онда банк сізге берген бүкіл қаражатынан айрылып қалады. Банк қауіп-қатерден сақтану үшін кепілге пәтеріңізді алады – егер несиеге алған қаражатты белгілі бір уақытта қайтып бере алмасаңыз, меншігіңіздегі пәтер банктің иелігіне өтеді және оның шығындарының орнын толтырады.
Кепілдік – міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілі, оған сәйкес кепілгер (үшінші тарап) басқа тұлғаның кредиторы алдында міндеттемелердің орындалуына толықтай немесе бір бөлігіне жауап беруге міндеттенеді. Мәселен, сіз жаңа зауыт салғыңыз келеді, бірақ банк қаражатты қайтып бере алатындығыңызға күмәнданады. Онда кепілгеріңіз ретінде несиелік тарихы жақсы әріптесіңіз немесе басқа фирма бола алады (бұрындары кредит алған және оны мерзімінде қайтып берген, демек банк оған сенеді). Егер сіз несиені өзіңіз қайтып бере алмасаңыз, осындай кепілгер сіздің міндеттемелеріңізді орындауға міндеттенеді.
Банк кепілдігі – жазбаша міндеттеме. Ол бойынша банк кепілдік берушінің өзге несиелік немесе сақтандыру ұйымы (кепілдік беруші) принципиалды кредиторға (бенифициарға) беретін міндеттемесінің шарттарына сәйкес бенифициар оны төлеу туралы жазбаша талапты ұсынған кезде қаражат сомасын төлеуге міндетті. Мәселен, сіз тауар сатып алғыңыз келеді, бірақ бұған қаражатыңыз жетпей жатыр. Несиеге сатып алынған тауарды сатқаннан кейін өзіңіз төлей алмасаңыз, банк кепілдік беруші ретінде әріптеске қарыздарыңызды төлеу туралы уәде бере алады. Бұл ретте, сіз банкке оның кепілдік беруші болғаны үшінсыйақы төлейсіз.
Кепілақы – шарт бойынша уағдаласушы тараптардың бірiнiң өзiнен алынатын төлемнiң есебiнен екiншi тарапқа және шарт жасау мен орындауды не өзге мiндеттеменi орындауды қамтамасыз етуге берiлетiн қаражат сомасы. Мысалы, сіз құжаттарды аудару үшін аударма агенттігіне бердіңіз. Қызмет ақысын төлеген соң аударманы келісілген уақытта алатыныңызға сенімді болғыңыз келеді. Агенттік те өзі жасайтын аударманың қаражатын алатынына сенімді болғысы келеді. Сондықтан сіз агенттікке аударманың толық ақысын емес, ал тек бөлігін ғана төлейсіз, яғни кепілақы қалдырасыз. Агенттік осылайша сіздің бәсекелестерге кетіп қалмайтындығыңызға және атқарылған жұмыстың толық ақысын алатындығына сенімді болады. Ал сіз жұмыстың орындалатынына сенімді боласыз, өйткені агенттік қалған соманы алуға ниетті болады.
Достарыңызбен бөлісу: |