Инновациялық бизнес-модельдер
Бизнес-модель кез келген компанияда бар, бірақ, егер компания төрт аспектінің кем дегенде екеуін өзгертсе ғана, яғни нарықта қабылданған іс-әрекеттерден тыс іс-қимылдар жасаса, ол инновациялық болып табылады Мысалы, британдық Rolls-Royse компаниясы авиақозғағыштар шығарады. Оған ұқсас барлық компаниялар келесі сызба бойынша жұмыс істейді: қозғағыштарды жасап, оларды авиакомпанияларға сатады. Rolls-Royce қозғалтқыштар емес, ұшу сағаттарын сата бастады. Яғни, авиакомпаниялар оған осы қозғалтқыш қанша сағат жұмыс істесе, соншалықты ақы төлейді. Бұл ретте қозғалтқыш Rolls-Royce меншігіндеқалды және компания оған техникалық қызмет көрсету құқығын өзіне қалдырды. Демек, Rolls-Royce «не?» деген аспектіні өзгертті (компания нені сатады) – ол қозғалтқышты емес, ұшу сағаттарын және «неге?» деген аспектіні сата бастады (неге бұл табыс әкеледі) – себебі қозғалтқыштарға қызмет көрсетуді компанияның өзі орындайды, оған жұмсалатын шығындар азайды, ал ұшу сағаттарынан үнемі табыс түседі.
Жүргізілген зерттеулер, егер компания өнімді емес, нақты бизнес-модельді жетілдірсе, ол 6%-ға анағұрлым табыстырақ болатынын көрсетті. Әлемнің ең жаңашыл 25 компаниясының 14-і инновациялық бизнес-модельдерді пайдаланады. Егер компания бизнес-модельді өзгертсе, одан кейін 60% табыс көбейеді.
Нұр-Сұлтан – Алматы бағыты бойынша көптеген авиакомпаниялар ұшады, бұл ретте олардың әрқайсысының өз клиенттері бар. Әрбір жағдайда клиенттер мен табыс алу тетігі компанияның таңдалған бизнес-моделіне байланысты. FlyArystan – қазақстандық бюджеттік (лоукост) авиакомпаниясы. FlyArystan Қазақстан қалаларына жолжүксіз қысқа мерзімге саяхаттайтын адамдарға қолайлы. Олар – іссапарлардағы қызметкерлер, үйіне демалуға баратын студенттер және қол жүгіменұшуды қалайтын басқа да жолаушылар.
Билеттердің құны бірнеше факторлардың есебінен төмендетілген:
билеттерді тек онлайн сатып алуға болады;
барлық рейстер – бір бағыттағы рейстер, ауысып отыратын рейстер емес;
ұшақ салонында бірыңғай эконом класс;
әуежайларда ұшаққа жылдам қызмет көрсетіледі;
барлық билеттер тек электронды;
жүкке бөлек төлеу қажет;
борттағы тамақтануға да бөлек ақы төленеді.
Бюджеттік әуетасымалдаушы дәстүрлі әуе компаниясынан жолаушыларға арзан бағамен билеттер ұсынуымен ерекшеленеді. Операциялық қызмет шығындарын қысқартудың негізінде бюджеттік авиакомпаниялар рейстерінің орташа бағасы 40-60%-ға төмен. Лоукостердің бизнес-моделі дәл осыған негізделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |