Өзіндік жұмыстың тапсырмасы
1-тапсырма
Ал енді біз «Бизнес-модельдер» атты ойын ойнаймыз.
Екінші сабақта қалыптасқан сіздердің стартаптарыңыздың командаларына бөлініп, үшінші сабақтағы «Идея матрицасы» ойынындағы екі сөз негізінде құрылған бизнес-идеяларды есіңізге түсіресіз.Әрбір команда инновациялық бизнес-модельдердің көрсетілген бес шаблонының бірін алады:
«Ұстара және оның жүзі»;
«Фримиум»;
«Делдалдардан бас тарту»;
«Өзіне-өзі қызмет көрсету»;
«Жазылу».
15 минуттан кейін сіз сынып алдында өз шаблоныңызды және оның негізінде жаңа бизнес-модельді ұсынуға тиіс боласыз. Ватман парағында бизнес-модельдің үшбұрышын сызып, оған өз деректеріңізді толтырыңыз. Барлық қатысушыларға көрініп тұруы үшін плакаттардың бәрін тақтаға немесе қабырғаға іліп қоюға болады. Дауыс беруді өткізгеннен кейін моделі неғұрлым инновациялық болып табылатын команда жеңеді.
3.2 Канва бизнес-моделі
Lean startup
Біз бизнес-модель ұғымымен таныспыз. Канва бизнес-моделі қалай құрылатынын қарамай тұрып, сіз үшін жаңа ұғым – үнемшіл стартапты (немесе Lean Startup) енгізу керек.
Lean Startup – бұл үнемшіл өндіріс тұжырымдамасы. Стартап төтенше белгісіздік жағдайында іс-әрекет етеді және іске қосу кезінде мұны ескеру керек. Дамудың бастапқы кезеңінде қателіктер арқылы үйрену және негізін қалаушылардың гипотезаларын барынша тез тексеру үшін стартап икемді болып қалуы қажет, яғни ірі салымдар мен шығындарды болдырмауы тиіс. Дәл осындай тәсіл Lean әдісінің негізінде жатыр, оның мақсаты кәсіпкерлерге стартаптың табысқа жету мүмкіндігін арттыруға көмектесу.
Үнемшіл стартап циклы үш кезеңнен тұрады: «құру – бағалау – үйрену». Оның мәні:алдымен өнімнің еңтөменгі жұмыс нұсқасын жасау, тұтынушылардың реакциясын бағалау, содан кейін шешім қабылдау, таңдалған бағытпен жүруді жалғастыру немесе бағытты өзгерту.
Стартапты іске қосқанға дейін өнімнің нарыққа қажеттігіне сенімді болу мүмкін емес. Сондықтан стартаптың маңызды міндеті – нарықта не қажет екенін, клиенттер нені қалайтынын және олар не үшін төлеуге дайын екенін тез түсінетін қабілетті қалыптастыру болып табылады. Стартапты басқаруды жол жағдайына бейімделіп, бағытты жылдам өзгертуге болатын автокөлік жүргізумен салыстыруға болады және мұндай тәсілді барлығын алдын ала есептеп, алдын ала жоспарлайтын зымыранды ұшырумен салыстырады.Автокөлік рөлінде отырып, біз қайда баратынымызды дәл білеміз. Егер біз оқуға бара жатсақ тек бұрылыстан қателескеніміз үшін немесе жолды жауып қойғаны үшін қайтып кетпейміз және айналма жолды іздейміз. Бізге бет алған жерімізге қалай да бару керек.
Стартап та өзінің қайда бағыт алғанын, өзінің межелі пунктін дәл біледі: әлемді өзгерте алатын –гүлденген кәсіпкерлік.
Достарыңызбен бөлісу: |