«Өзіне-өзі қызмет көрсету» бизнес-моделі
Тұтынушы баға ұсынысының бір бөлігін өнімнің төмен бағасына айырбастайды. Әсіресе тұтынушылар үшін маңыздылығы азырақ, бірақ көп шығынды талап ететін үдерістерге жарамды.
Бұл әдісті қолданудың классикалық мысалдары – тауарларды сөрелерден жеткізу, өз жобаларын жоспарлау немесе тауарлар немесе қызметтер үшін дербес есеп айырысуды жүргізу. Өзіне-өзі қызмет көрсету қағидаты бойынша құрылған бизнес үнемдеу контексінде үлкен әлеуетке ие, себебі тұтынушылардың қатысуы көбінесе штаттық ұстанымдар санының едәуір қысқаруына себеп болуы мүмкін.
Өзгертілген аспект: «Кім?».
Accorhotels француз қонақ үй желісі осы тұжырымдаманы Ibis бюджеттік қонақ үйлерінде қолданады. Онда қызмет көрсетуші персоналдарының саны аз, бірақ өзіне-өзі қызмет көрсетуге арналған тиімділі жабдықтармен жабықталған арзан номерлер ұсынылады.Қонақтар номерлерді кәсіби әкімшілердің қатысуынсыз – сауда автоматы қағидаты бойынша жұмыс істейтін арнайы автоматтың көмегімен алады: олар қаражат төлейді, кілтті алады және осыданкейін жүкті номерге өзі апарады. Қонақ үйлердегі басқа сервистер – бизнес-орталықтар (принтерлер, факсимильдік аппараттар және өз бетінше пайдалануға арналған Wi-Fi бар), таңғы ас, сусындар, газеттер және т.б.сол қағидатқа негізделген. Бұл бизнес-модель Accorhotels көптеген бәсекелестеріне қарағанда персоналға жұмсалатын шығындарды азайтуға,неғұрлым төмен бағалар белгілеуге және сол арқылы қонақтарды көбірек тартуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта600-ге жуық Ibis бюджеттік қонақ үйіәр түрлі 12 елде ашылды.
«Жазылу» бизнес-моделі
Пайдаланушы өнімге немесе қызметке қол жеткізу үшін ай сайынғы немесе жыл сайынғы негізде тұрақты жарна төлейді.
Тұтынушылар қызметке қол жеткізгені үшін абоненттік ақы төлеуі тиіс. Бұл бизнес-модель журналдар мен газеттердің негізінде пайда болды, енді ол бағдарламалық қамтамасыз етуге, онлайн-қызметтерге қолданылуда, ал кейде қызмет көрсету саласында да пайда болады.
Өзгертілген аспектілер: «Кім?», «Қалай?».
|
Жазылу әлеуетін швейцариялық Blacksocks та қолданады, оның ұраны келесідей: «Шұлыққа жазыл: бейнеттен оңай әрі жеңіл құтыл». Тұрақты ақы төлегені үшін клиенттер жыл сайын белгілі бір уақыт аралығында үш данадан алты данаға дейін шұлық алады. Дәл осы тәсілмен басқа да киім – іш киім мен жейделерге тапсырыс беруге болады. 1999 жылы құрылған компания таңдалған бизнес-модельдің негізінде жақсы табыс табады. 75 елде 50 000-нан астам клиент осы уақыт ішінде миллионнан астам шұлық сатып алды.
Достарыңызбен бөлісу: |