Нұр-сұлтан 2019 Әдістемелік құрал



бет47/223
Дата15.12.2023
өлшемі4.43 Mb.
#486678
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   223
Китап касипкерлик

ӨНІМ («PRODUCT»)
TURAN табиғи минералды суы:
- құрамында адамға қажетті табиғи минералды заттар кешені мен мінсіз pH-балансы бар;
- құрамында дейтерий (ауыр сутегі) аз мөлшерде болғандықтан, жеңіл су деп танылды;
- жасартатын әсер береді және белсенді ұзақ өмір сүруге ықпал етеді;
- су ассортиментіне көлемі 0,5 л, 1 л, 1,5 л, 5 л және 19 л су(Көкшетау мен Петропавловскіге арналған ең жоғарғы көлем) газдалмаған, аз газдалған, қатты газдалған жатады;
- мемлекеттік стандарттарға сәйкес қапталған.
Мақсаты: нарықтың өз сараланымындағы көшбасшылық, Қазақстан бойынша бөтелкедегі ауыз су нарығындағы көшбасшылық.
Нақты: нарықтың өз сараланымындағы көшбасшылық Қазақстандағы ауыз судың топ-5 брендіне кіреді.
Міндеттер: мақсатты аудиториядатабиғи минералды ауыз су нарығы ұғымын қалыптастыру.

ТАРАТУ («PLACE»)
TURAN суын бүкіл Қазақстан бойынша тарату меншікті сауда командалары мен ірі дистрибьюторлардың көмегімен жүргізіледі.
Барлық Қазақстан бойынша TURAN-ды жеткізу үшін компанияда темір жол мен автокөлікті қамтитын жеке логистикалық кешен жұмыс істейді.
TURAN сауда нүктелерінің санаттары бойынша таратумен дистрибуция бөлімі айналысады, ол дүкендерде акция ұйымдастыру және супермаркеттерде брендтің ұсынылуын ресімдеу есебінен, сондай-ақ бонустар ұсыну және «үйдегі дүкендерде» (яғни шағын аудандық аулалық дүкендерде) «алтын сөрелерді»ресімдеу есебінен (тұтынушының көзі деңгейінде) жұмыс жүргізуді жоспарлайды және құрастырады.
Мақсаты: TURAN брендінің әр аймақтағы барлық «дүкендерінде» ұсынылуы, бәсекелестер арасында «үйдегі дүкендерде» алтын сөрелер" бойынша көшбасшылық.
Нақты:«үйдегі дүкендерде» TURAN брендінің аз ұсынылуы, «алтын сөрелер» бойынша төртінші орын.
Міндеттер:«үйдегі дүкендерде» дистрибуцияны арттыру, «алтын сөрелер» санын арттыру.

БАҒАСЫ («PRICE»)
TURAN суының баға саясаты нарықты сараланымдауды және мақсатты аудиторияның сатып алу қабілетін зерттеуді ескере отырып құрылады.
Маусым кезінде ірі сауда желілерінде тұтынушылар үшін жеңілдіктер қолданылады. Сондай-ақ, «үйдегі дүкендер»үшін бонустар жүйесі әзірленді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   223




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет