Нұр-сұлтан 2019 Әдістемелік құрал



бет71/223
Дата15.12.2023
өлшемі4.43 Mb.
#486678
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   223
Китап касипкерлик

Мәнмәтіндік жарнама– іздеу элементіне орналастырылатын және енгізілетін сұрауға сәйкесетін жарнамалық хабарландыру. Олар осы тақырып қызықтыратын және әлеуетті клиенттер болып табылатын пайдаланушыларға көрініп тұрады. Мұндай жарнама тек іздеу элементінде ғана емес, электронды поштаның бүйіржақтағы панельдерінде, жаңалық сайттарында және т.б. көрініп тұруы мүмкін.
Яғни, егер адам іздеушіге «терезе орнату» деп жазса, осыған ұқсас хабарландырулар оның браузеріндегі поштасында, жарнаманы табыс көзі ретінде пайдаланатын кез келген басқа сайттарда тұрақты түрде көрініс беріп отырады Іздеуші сізді қызықтыратын ақпаратты есінде сақтайды және оған ұқсас өнімдердің жарнамасын ұсынады.
Мұндай жарнаманың құны оның танымалдығына және релеванттығына байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, қыста «кондиционердің» сұрау құны төмен, ал жаздажоғары болады. Мәнмәтіндік жарнаманың тиімділігі оның туралауына байланысты. Бұл ретте мәнмәтіндік жарнама пайдаланушыны веб-сайтқа ғана емес, лендинг-пейджге (бұл туралы біз кейінірек сөз етеміз) немесе өз бизнесін жылжыту үшін қандай арналарды қолданатынына қарай –әлеуметтік желілерге алып келе алады.
Мәнмәтіндік жарнама нарықта жоғары бәсекелестікпен жұмыс істейді және «сарафандық радио» арқылы база құрып үлгерген жоқ.Оны желідегі оқыту материалдарын пайдалана отырып, өз бетіңізше іске қоса аласыз.
Әлеуметтік желілер мен блогтарда немесе SMM (Social Media Marketing) алға жылжыту
Әлеуметтік желілердегі жарнамалық сипаттағы хабарландырулар шағын аудиторияға және олардың қажеттіліктеріне бағытталған. Әлеуметтік желілердегі жарнаманы туралау арқылы мақсатты аудиторияның сипаттамасын қалыптастыруға болады: сіз жарнамаларды, мысалы, адамдардың қызығушылықтары, бейіндік деректері, отбасы жағдайы, туған күні және т.б. бойыншатуралай аласыз.
SMM – пайдаланушылар сатып алсам деп ойламаған немесе оны қажеттілік деп қарастырмаған тауарларды өткізетін мақсатты аудиториясытүсінікті бизнеске жарамды.Супермаркеттегі кассаның кезегін есіңізге түсіріңізші. Сізсағыз сатып аламын деп ойлаған жоқсыз, бірақ кезекте тұрғанда былай деп ойландыңыз: «Ала салайын». Міне, сіздің себетіңізде сағыз жатыр. Әлеуметтік желілердегі жарнама осылай жұмыс істейді. Жүйепайдаланушылардың басқан лайктары немесе жиі кіретін беттері, құрамында тұрған топтары бойынша талғамын біледі және оны қызықтыратын жарнаманы көрсетеді.
Әлеуметтік желілердегі жарнаманың артықшылықтары:

    • дұрыс туралаған кезде –тиімділігі мәнмәтіндік жарнамаға қарағанда өте жоғары;

    • алғашқы нәтижелері жарнаманы орналастырғаннан кейін алғашқы күндері-ақ көрінеді;

    • мақсатты аудиторияны кеңінен қамтиды.

Әлеуметтік желілердегі жарнаманың кемшіліктері:

    • мәнмәтіндік жарнамада сияқты, нәтижетұрақты болуы үшін тұрақты шығындар қажет;

    • уақыт өте келе клиенттер санының төмендеуі байқалуы мүмкін – жаңа аудиторияны іздеу үшін креативті идеялар талап етіледі;

    • креатив өте қысқа уақыт ішінде бірегей болып саналмай қалады;

    • пайдаланушылардың барлық базасы тез қолданылады: сатып алғысы келгендердің барлығы тауарды сатып алады, сатып алғысы келмегендер қызығушылық танытпайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   223




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет