Нұр-сұлтан 2019 Әдістемелік құрал


-тапсырма Жобаның анықталған мақсатты аудиториясын ескере отырып, өз стартапыңыздың құндылығын жеткізу арналарын көрсетіңіз. 3-тапсырма



бет68/223
Дата15.12.2023
өлшемі4.43 Mb.
#486678
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   223
Китап касипкерлик

2-тапсырма
Жобаның анықталған мақсатты аудиториясын ескере отырып, өз стартапыңыздың құндылығын жеткізу арналарын көрсетіңіз.
3-тапсырма
Өз стартап топтарыңызда жұмыс істей отырып, өз университетіңізде іліп қоюға болатын өз өніміңіздің жарнамалық плакатын жасаңыз.
Сіз келесі ұсыныстарды пайдалана аласыз:
- өз стиліңізді ойлап табыңыз;
- мәтін мен иллюстрация балансын сақтаңыз;
- ақпаратты және суреттерді визуалдыблоктар түрінде орналастырыңыз;
- назар аударту үшін жарқын түсті шешімдерді пайдаланыңыз;
- «айқайлап» тұратын суреттерді, мысалы, суреттен қарап тұрған адамның бетін, атмосфералық фотосуреттерді және т.б. пайдаланыңыз;
- байланыс деректеріңізді көрсетуді ұмытпаңыз.
4-тапсырма
Олардың негізгі өнімі мен мақсатты аудиториясын ескере отырып, аталған компаниялар үшін қандай маркетингтік шешімдер ұсынар едіңіз:

  1. Француз нан өнімдерінің кондитерлігі.

  2. Компьютерлік ойын клубы.

  3. Фитнес-орталық.

  4. Аударма агенттігі.

  5. Стоматология.

  6. Заң қызметтері.

  7. Консалтингтік агенттік.

  8. Event-агенттік.

  9. Сәнді бутик.

  10. Колледж.

Өз таңдауыңызды дәлелдеңіз.
4.7. ОНЛАЙН АРНАЛАР


Интернет-маркетинг арнасын қалай таңдауға болады?
Интернет-маркетинг арнасын таңдағанда, өзіңіздің мақсатты аудиторияңызға және өніміңізге сүйену керек. Сіз өз клиентіңіздің портретін қалай құрғаныныңызды және оған есім бергеніңізді есіңізге түсіріңіз (мысалы, Серік). Өзіңізге сұрақ қойыңыз: Серік ақпаратты қалай іздейді? Қандай сайттар мен әлеуметтік желілерді ұнатады? Сіз бұл туралы әлеуеттіклиенттеріңізден тікелей сұрай аласыз немесе Интернеттегі статистикалық ақпаратты қарауға болады.
Сіз сондай-ақ өзіңізді клиентіңіздің орнынақоя аласыз. Мысалы, сіздің жаңа терезе қойғыңыз келді. Сіз не істейсіз? Интернетте іздеу терезесіне «терезе орнату» деп жазып, бірнеше сайтқа кіруіңіз мүмкін. Сайтта сіз материалдар, дайындау мерзімі туралы ақпараттың қайда жақсы көрсетілгенін, онда сізге сәйкес келетін оңтайлы нұсқаны таңдай аласыз. Сондықтан терезелерді сату үшін оңтайлы онлайн-жылжыту арнасы сайт болады және онымен бірінші кезекте айналысу керек: контентпен және дизайнмен жұмыс істеу, оны іздеуді оңтайландыру қажет. Егер сіз балмұздақ сатсаңыз, сайт қажет емес – сіз ешуақытта балмұздақ өндірушінің сайтына кіріп, оның құрамын немесе технологиясын іздеп оқыған жоқсыз ғой. Сондықтан балмұздақ өндіруші үшін балмұздақтың фотосуреттері, балалардың мәз-мейрам болған жүздері және т.б. бейнеленген әлеуметтік желілер қолайлы. Егер сізде техникалық қызмет көрсету бекеті (ТҚКБ) болса, онда клиенттердің сізді әлеуметтік желіден немесе сайт арқылы іздемейтіні анық. Олар жай ғана 2GIS немесе OLX «ТҚКБ» деп жазады. Сондықтан сіз осындай сервистерде ұсынылуыңыз туралы алаңдауыңыз керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   223




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет